Қазақстанда биоалуандылықты сақтау тұжырымдамасы әзірленуде. Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне құжатты 2025 жылғы тамыз айында Үкіметке енгізуді тапсырды
📌 Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновке Экология және табиғи ресурстар министрлігінің биоалуандылықты сақтау тұжырымдамасын әзірлеу барысы туралы баяндалды. Тұжырымдама сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін сақтау жұмысында негізгі құжатқа айналуы тиіс.
🔷 Олжас Бектенов Министрлік басшылығына және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, Тұжырымдамада көзделген барлық іс-шараны егжей-тегжейлі пысықтауды және құжатты 2025 жылғы тамызда Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.
🔷 Сондай-ақ Премьер-министр бүгінде барлық өңірде аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғау мәселесі шешілмегенін атап өтті. Бүгінде еліміздің 9 облысында 15 млн га жер қорғалмаған күйінде қалып отыр. Олжас Бектенов өңір әкімдіктері басшыларына 2025 жылғы қаңтар айының соңына дейін мамандандырылған ұйымдар құру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
📱 @KZgovernment