🔹«QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен газ кен орындарын барлау және өндіру бойынша келісім-шарттарға қол қойылды
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газдың ресурстық базасын кеңейту тапсырмасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен екі жетілдірілген модельдік келісім-шарт жасасты:
🔵Жамбыл облысындағы «Малдыбай» учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру;
🔵Ақтөбе облысындағы «Шалқар» учаскесінде стратегиялық серіктес «КОР» Мұнай компаниясы» АҚ-мен бірлесіп көмірсутектерді барлау және өндіру.
✔️Жетілдірілген модельдік келісім-шарт 2023 жылы енгізілген және күрделі жобалар үшін реттеушілік және фискалдық преференцияларды қарастырады.
✔️2025 жылы Жамбыл облысындағы «Малдыбай» учаскесінде бұрын бұрғыланған екі ұңғыманы қалпына келтіру және 190 км² аумақта 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ақтөбе облысындағы «Шалқар» учаскесіндегі барлау ұңғымасын барлау жұмыстары 2025 жылы басталады.
📌Айта кетерлігі, бұл келісім-шарттар тікелей мемлекетпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде және басым құқық аясында жасалған «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның алғашқы келісім-шарттары болып табылады.