POLISIA.KZ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Law


Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Law
Statistics
Posts filter


🔷 Ерлікке тағзым: полицейлер жас сақшылар үшін танымдық саяхат ұйымдастырды

Ақтөбеде полицейлер жас сақшылар үшін Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жеріне әсерлі саяхат ұйымдастырды. 60-қа жуық баланың басын қосқан танымдық сапар Ақтөбе қаласындағы Әлия музейінен басталып, Қобда, Бұлақ ауылдарындағы қызықты сәттермен жалғасты.

🔷 Почтение героизму: полицейские организовали познавательное путешествие для юных кадетов

Полицейские организовали познавательную поездку на родину Героя Советского Союза Алии Молдагуловой. В мероприятии приняли участие около 60 детей. Путешествие началось в Музее Алии в городе Актобе и продолжилось трогательными встречами в селах Кобда и Булак.

📱 POLISIA.KZ


💠 СҚО-да Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 200 мыңнан астам қапшық дайындады

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясының 800-ден астам курсанты төрт ауысымда тәулік бойы бөгеттерді нығайту және қорғаныс шекараларын салу жұмыстарына жұмылдырылды. Оларға қосылған 6637 әскери бөлімінің 400 әскери қызметшісі де қауіпті аймақта ауысыммен қызмет етіп жатыр.

Толығырақ сайтта.

💠 Гвардейцы обеспечивают безопасность жителей от природных угроз в СКО

Свыше 800 курсантов Академии Национальной гвардии МВД РК круглосуточно, в четыре смены, задействованы в работах по укреплению дамб и возведению защитных рубежей. К ним присоединились 400 военнослужащих воинской части 6637, также несущих службу в посменном режиме. На сегодняшний день силами гвардейцев подготовлено сыше 200 тысяч мешков с инертными материалами.

Подробнее на сайте.

📱 POLISIA.KZ


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🚔 Оралда полицейлер тұрғынды құтқарып қалды

25 сәуір түнгі уақытта полицияға Кердері көшесінде әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары жетті. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет етті. Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударды. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полиция аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

⚡️ Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

🚔 Полицейские спасли женщину в Уральске

В ночь на 25 апреля в полицию города поступило сообщение о том, что на улице Кердери женщина пытается спрыгнуть с балкона четвертого этажа жилого дома.

На место происшествия незамедлительно прибыли экипажи патрульной полиции. Сотрудники оперативно оценили ситуацию и действовали профессионально и слаженно. Сотрудник полиции Райымбек Газезов остался внизу, установил контакт с женщиной и отвлекал ее внимание, в то время как Берик Сиязбаев, Фархат Галиев и Мирас Каримуллин поднялись на третий этаж и через балкон перебрались на четвертый, сумев вовремя схватить женщину и предотвратить трагедию.

⚡️ Благодаря оперативным и смелым действиям полицейских жизнь женщины спасена.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ


🔥 Ұландықтар өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарып, ерлік танытты

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері — Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов Долинка кентіне қызметке бара жатып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқады. Оқиға орнына шұғыл жеткен ұландықтар жанып жатқан ғимаратқа кіріп, іштен үш баланы шығарып алады.

Айта кету керек, әскери қызметшілер балаларды эвакуациялап қана қоймай, жанып жатқан үйден жарылыс қаупін тудырған 50 литрлік газ баллонды да алып шықты.

— Өртті көрген бойда бірден сол жерге жүгірдік. Балалар жылап жатыр екен, түтінге булығып тыныс алу да қиындап кеткен. Жағдайды аңғарып, бір секунд та жоғалтпау керек екенін түсіндік. Біз үшін бұл әрекет батырлық емес — мұны бізге күн сайын үйретеді. Біз адамдарды қорғауға ант бергенбіз және кез келген жағдайда сол антқа адал болуға міндеттіміз, — дейді ұландықтар.


➡️ Әскери қызметшілердің жедел және шешуші әрекеттері үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.

***

🔥Спасли детей из горящего дома: карагандинские гвардейцы проявили героизм

Военнослужащие воинской части 6505 Национальной гвардии МВД РК — Асхат Байсеитов, Кыдырбай Ерлан, Вячеслав Кожахметов и Михаил Бубнов, направляясь на службу в поселок Долинка, заметили, что горит жилой дом. Экстренно прибыв на место происшествия, гвардейцы без колебаний вошли в горящее здание и вынесли оттуда троих детей.

Стоит отметить, что военнослужащие эвакуировали не только детей, но и вынесли из горящего дома 50-литровый газовый баллон, который представлял угрозу взрыва.

— Когда увидели пожар, то сразу ринулись туда. Дети плакали, было очень тяжело дышать из-за дыма, но мы знали: нельзя терять ни секунды. Для нас это не геройство — это то, чему нас учат каждый день. Мы присягали защищать людей, и в любой ситуации обязаны оставаться верными этой клятве, — рассказали гвардейцы.


➡️ Оперативные и решительные действия военнослужащих позволили предотвратить крупную трагедию.

📱 POLISIA.KZ


🌳 Жезқазғанда мыңға жуық ағаш отырғызылды

26 сәуір күні “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қазақстандықтар сенбілікке шықты.

“Наурыз” саябағында ағаш отырғызуға арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды бастамаға полиция қызметкерлері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері белсене қатысты.

⚡️ Ағаш отырғызу жұмыстарына Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев бастаған 200-ден астам тәртіп сақшысы мен ішкі істер органдарының ардагерлері атсалысты.

***

🌳 Около тысячи деревьев высадили в Жезказгане

26 апреля, в рамках экоакции "Таза Қазақстан", казахстанцы объединились для участия в субботнике.

В парке "Наурыз" была организована масштабная акция по посадке деревьев. В этой важной инициативе принимали участие сотрудники полиции и других государственных органов.

⚡️ В посадке деревьев активно участвовали более 200 стражей порядка и ветеранов ОВД. Также в акции принял участие начальник ДП области Улытау Каиркен Алиев.

📱 POLISIA.KZ


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💠 Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдермен бір күн өткізді

Тәртіп сақшылары мектеп оқушылары үшін ерекше күн ұйымдастырды. Кездесу барысында балалар полиция қызметі туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық әрі жан-жақты жауап алды.

Шара соңында полицейлер жасөспірімдерді кинотеатрға апарып, бірге фильм тамашалады.

***

💠 День с подростками провели полицейские в Туркестанской области

Сотрудники правоохранительных органов организовали для школьников особенный день. На встрече дети задавали волнующие их вопросы о работе полиции, а после получали подробные и исчерпывающие ответы.

По окончании мероприятия стражи правопорядка пригласили молодых людей в кино.

📱 POLISIA.KZ


📌 ІІМ: Заңсыз айналымнан 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді

Ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

📌 МВД: Из незаконного оборота изъято 13,5 кг синтетических наркотиков

Информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК


🔹 Балалардың қауіпсіздігі бақылауда: Қазақстанда "Жасөспірім" іс-шарасы жалғасуда

Балаларға алкоголь сатудың 148 фактісі тоқтатылды. Көшелерде мас күйінде 229 бала ұсталды.

Толық ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

🔹 Безопасность детей под контролем: ОПМ "Подросток" продолжается в Казахстане

Пресечено 148 фактов продажи алкоголя детям. С улиц изолировано 229 детей в состоянии опьянения.

Подробная информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК


✍️ ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция онлайн және офлайн форматта өтті. Оған Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының ЖОО-ның жетекші ғалымдары, профессорлық-оқытушылар құрамы, мемлекеттік органдар өкілдері, халықаралық сарапшылар, тәжірибелі заңгерлер, докторанттар және студенттер, жалпы алғанда 115 адам қатысты.

Толық ақпарат сайтта.

***

✍️ Международная конференция прошла в Актюбинском юридическом институте МВД РК

На мероприятии собрались ученые, профессора, докторанты и студенты из Казахстана, России и Таджикистана. Конференция прошла в онлайн и оффлайн форматах, собрав 115 участников. Среди них были не только представители академической среды, но и государственные служащие, международные эксперты и практикующие юристы.

Подробнее на сайте.

📱 POLISIA.KZ


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️ Жол — қателікті кешірмейді: полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады

Абай облысы полиция департаменті мас күйде көлік басқару мәселесіне қатысты жаңа әлеуметтік ролик түсірді.

Мұндағы негізгі мақсат — жолдағы жауапкершілік. Ішімдік ішіп, көлік жүргізу — тек заңды бұзу ғана емес, өмірге қауіп төндіреді.

➡️ Полиция қызметкерлері барша азаматты жауапты болуға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз және өзіңізге де, өзгелерге де қамқор болыңыз!

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

⚡️ Дорога ошибок не прощает: полицейские призывают соблюдать ПДД

Департамент полиции области Абай представил новый социальный ролик, посвященный проблеме управления транспортом в состоянии алкогольного опьянения.

Главная цель — напомнить об ответственности на дороге. Вождение в нетрезвом виде — это не просто нарушение закона, а угроза для жизни.

➡️ Сотрудники полиции призывают всех граждан к ответственности. Соблюдайте правила дорожного движения и берегите не только себя, но и окружающих!

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ


🔴 СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі мал ұрлығының бетін ашты

24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталды.

Толық ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🔴 Полицейские раскрыли крупную кражу скота в СКО

Задержаны двое подозреваемых в возрасте 24 и 25 лет.

Подробнее на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ


💠 “Твой голос важен”: молодежь выступает против наркотиков

Департамент полиции Алматинской области инициировал создание видеоролика для предупреждения наркопреступности среди молодежи. Он подчеркивает, что борьба с наркотиками — это обязанность всего общества, особенно молодежи, которая становится мишенью наркоторговцев.

📹 Основная цель ролика — призыв к активной позиции и неравнодушию. В нем демонстрируются ситуации, с которыми подростки могут столкнуться: граффити с зашифрованными надписями и подозрительные тайники.

– Мы хотим донести до каждого подростка: твой голос важен. Твое равнодушие может стоить чьей-то жизни, а твоя активность – спасти будущее. Обнаружил что-то подозрительное? Не проходи мимо, сразу сообщи в полицию. Это и есть настоящая гражданская позиция, – отмечают авторы проекта.


⚡️ Видеоролик уже распространяется в социальных сетях, школах, колледжах и вузах региона.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💠 Жастардың үні — есірткіге қарсы қалқан

Алматы облысы полиция департаменті жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бейнеролик түсірді. Онда есірткіге қарсы күрес – тек полицияның емес, бүкіл қоғамның, соның ішінде жастардың да ортақ міндеті екені ерекше атап өтілген.

📹 Бейнероликтің негізгі мақсаты – бейжай қалмауға шақыру. Онда жасөспірімдер мен жастар жиі кездесетін жағдайлар көрсетілген: шифрланған жазуы бар түрлі-түсті граффитилер, аулалар мен саябақтардағы күмәнді жасырылған заттар, белгісіз адамдардың ғимарат қабырғаларына таңба қалдыруы – мұның бәрі есірткі айналымының айқын белгілері.

– Әрбір жасөспірімге айтқымыз келетіні – сенің дауысың маңызды. Немқұрайлы болу — біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, ал белсенділік танытсаң – болашақты сақтай аласың. Егер күмәнді затты байқасаң немесе күмәнді жағдайдың куәсі болсаң, үнсіз қалма, бірден полицияға хабарлас. Бұл – нағыз азаматтық ұстаным, – дейді жоба авторлары.


⚡️ Бейнеролик әлеуметтік желілерде таралып, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында кеңінен көрсетілуде.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ


📱 Қостанайда полицияға жарылғыш зат туралы жалған қоңырау түсті

Анықталғандай, жалған ақпарат берген мектеп оқушысы болып шықты.

Толық ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

📱 В полицию Костаная поступил ложный вызов о взрывном устройстве

Как выяснилось, звонок совершил школьник.

Подробнее на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ


💥 ІІМ: Қазақстанда құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру әрекеті тоқтатылды

Ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

💥 МВД: В Казахстане пресечена деятельность по незаконной добыче золотосодержащей руды

Информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💠 Полиция интернет-алаяқтыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізіп жатыр

Түркістан облысы Арыс қаласында тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға 1500-ден астам ақпараттық жадынама таратты.

Толық ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

💠 Полиция ведет бескомпромиссную борьбу с интернет-мошенничеством

В Туркестанской области стражи порядка города Арысь распространили среди населения более 1500 информационных памяток с целью предотвращения интернет-мошенничества.

Подробнее на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💥 Қазақстандық полицейлер жол жүрісіне қатысушыларға ерекше үндеу жасады

- Егер әрқайсымыз көлік тізгінінде, жаяу жүргінші жолында және тротуарда мұқият болсақ, еліміздегі жолдар шын мәнінде қауіпсіз болады. Жолдағы қауіпсіздік мәдениетін бірге қалыптастырайық! - деді тәртіп сақшылары.


Толық ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

💥 Полицейские со всего Казахстана выступили с обращением к участникам дорожного движения

- Если каждый из нас будет внимателен за рулем, на пешеходном переходе и тротуаре, дороги нашей страны станут действительно безопасными. Давайте вместе формировать культуру безопасности на дороге! - отметили стражи порядка.


Информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🚨 Мужчина, ударивший таксиста, задержан в Алматы

По факту побоев полицией города Алматы при взаимодействии с прокуратурой проведен комплекс оперативно-розыскных мероприятий.

В результате установлен и задержан 32-летний мужчина, подозреваемый в совершении противоправных действий в отношении 19-летнего жителя города.

Подозреваемый доставлен в полицию, где в настоящее время с ним проводятся следственные действия. Он признал свою вину.

По данному факту возбуждено уголовное дело, расследование продолжается.

Подозреваемый водворен в изолятор временного содержания.

Полиция Алматы подчеркивает, что каждый факт нарушения закона будет получать жесткую правовую оценку.

В рамках принципа «Закон и Порядок» органы внутренних дел продолжают системную работу по обеспечению правопорядка и защите прав граждан.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🚨 Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.

«Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберінде ішкі істер органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🤝 ҚХР азаматы қазақстандық полицейлерге алғыс айтты

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы маңында Қытайдан келген турист түскі ас ішу кезінде жеке құжаттарын жоғалтып алған. Аталған аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлер құжаттарды тауып алып, жедел түрде иесін іздеуге кіріскен.

Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты қуып жетіп, оның жеке құжаттарын толықтай өз қолына табыстады. Сонымен қатар шетелдік азаматтың көлігіне жанармай құйып беріп, сапарына сәттілік тілеп, шығарып салды.

✅️ Шетелдік азамат көрсетілген шынайы көмек пен жанашырлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан полициясының кәсіби әрі адамгершілікке негізделген қызметіне жоғары баға берді. Кейінірек ол әлеуметтік желіде алғыс білдірген бейнежазба жариялап, мұндай ықыластың өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

🤝 Гражданка КНР поблагодарила казахстанских полицейских

В Жамбылской области, в районе Мойынкум, туристка из Китая потеряла свои личные документы во время обеда. Патрульные полицейские, находившиеся на дежурстве в этом районе, обнаружили утерю и оперативно приступили к поиску владельца.

Стражи порядка догнали иностранку и лично вручили ей документы. Кроме того, они заправили ее автомобиль, проводили в дорогу, пожелав удачи.

Иностранка выразила благодарность за оказанную помощь и заботу. Она высоко оценила профессионализм и человечность казахстанской полиции. Гражданка КНР опубликовала в социальных сетях видео с благодарностью, отметив, что такое внимание произвело на нее особое впечатление.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ

20 last posts shown.