🇰🇿 Қазақстанда қазақша дубляждалған 2 фильм көрсетіліп жатыр: “Веном: Соңғы би” және “Жабайы робот”
🇺🇿 Өзбекстанда өзбекше дубляждалған 1 фильм көрсетіліп жатыр: “Жабайы робот”
🇦🇿 Әзірбайжанда әзірбайжанша дубляждалған фильмдер жоқ, бірақ түрікше дубляждалған фильмдер бар
🇰🇬 Қырғызстанда қырғызша дубляждалған фильмдер жоқ.
Қазақтар! Қазақ тілінің дамуына, қазақ тілінде контенттің көбеюіне шетелдік компаниялардың өздері атсалысып, көмектесіп жатыр. Осындай мүмкіндік бар кезде, неге өзіміз өз тілімізді қолдамаймыз? Мейлі қазақша дубляжының сапасы сіз ойлағандай керемет болмас, мейлі аудармасында қателері болсын, мейлі бұл жанрлар сізге мүлдем қызықты емес, мейлі ыңғайлы сеанс табылмас. Бірақ қазір таңдап, талғап отыратын уақыт емес. Биыл 5-6 фильмді жақсылап қолдасақ, келер жыл 10 шақты, одан кейін 20-30, сосын 50-100 фильм болады. Соны түсінейік те, ақшалай қолдайық. Бұл – тіліміздің дамуына өөөтеее үлкен мүмкіндік. “Мемлекет бүйтпейді, сөйтпейді. Өзіміздің компаниялар қолдамайды, анау-мынау” демей, әрқайсымыз үлес қосайық!