Тыңда!
Тыңда, ғашықтарым,
Жар таңдауға - асықпағын!
Қателесіп қалып, ертең...
Көздеріңнен, жас сықпағын!
Сөзін емес - ісін қара,
Сыртын емес - ішін қара!
Рухани бай - саф алтындай,
Біл қарындас, түсін бала!
Жан іздеме, көңілдікке,
Жар іздегін, өмірлікке.
Құмарлыққа - бойды берме!
Қажеті жоқ, оның тіптен...
Ажырассаң қайғы, күнә,
Қызықпа сен, байлығына.
Иманды да, мейірімді,
Ең керемет, жайлы, сірә...
Жүрегіңде - паналайтын,
Сүйіп сені, бағалайтын,
Жарды ізде, сенен басқа,
Жанға - мүлдем қарамайтын.
Жалған сезім - жарық қылмас,
Пәк махаббат - жалықтырмас.
(Шын ғашықтар бірін-бірі,
Жұмақта да, тауыпты - рас!)
Тыңда, ғашықтарым,
Жар таңдауға - асықпағын!
Қателесіп қалып, ертең...
Көздеріңнен, жас сықпағын!
Сөзін емес - ісін қара,
Сыртын емес - ішін қара!
Рухани бай - саф алтындай,
Біл қарындас, түсін бала!
Жан іздеме, көңілдікке,
Жар іздегін, өмірлікке.
Құмарлыққа - бойды берме!
Қажеті жоқ, оның тіптен...
Ажырассаң қайғы, күнә,
Қызықпа сен, байлығына.
Иманды да, мейірімді,
Ең керемет, жайлы, сірә...
Жүрегіңде - паналайтын,
Сүйіп сені, бағалайтын,
Жарды ізде, сенен басқа,
Жанға - мүлдем қарамайтын.
Жалған сезім - жарық қылмас,
Пәк махаббат - жалықтырмас.
(Шын ғашықтар бірін-бірі,
Жұмақта да, тауыпты - рас!)