Рыбакинаның ракеткасы🎾


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Отандық теннис туралы қазақ тіліндегі №1 телеграм-арна

💳Қолдау көрсету Kaspi Gold карта нөмірі 4400 4302 7583 0856

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисші америкалық София Кенинмен кездесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын 6:2, 7:6(7:2) есебімен жеңді.

🎾 Елена Рыбакина енді турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік теннисші Мира Андреевамен күш сынасады.


Не деген мінез, жеңіске деген құштарлық🥹🇰🇿

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында испанияляқ Паула Бадосаға қарсы ойында 6 матч болды қайтарып - 4:6 7:6(8) 7:6(2) есебімен жеңісті жұлып алды.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Медведев не іздеп жүр?

1. Доп;
2. Өз ойынын;
3. Төрешіні


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Конгода Челленджер өтіп жатыр. Дегенмен естен шығармау керек ол елде біраз жылдан бері азаматтық соғыс болып жатыр. Бүгінгі ойында атыс-жарылыс үзді🤧


Тура 5 жыл бұрын Карлос Алькарас Риодағы турнирде АТР турдағы алғашқы ойынын өткізді 🥹

16 жасында Альберт Рамосты 7:6 4:6 7:6 есебімен ұтып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қазір Карлитостың еншісінде төрт ТБШ титулы, Олимпиаданың күміс медалі және 17 АТР титулы бар


Александр Бублик допинг қолданған Янник Синнерге қатысты шешімге пікір білдірді

Яник Синнер WADA-мен (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) допинг ісін реттеу туралы келісімге қол қойып, үш айлық дисквалификация мерзімін өтеуге келісті.

"Бәріміз Синнер жүргізетіндей келіссөздер жүргізе алсақ, бұл тамаша болар еді. Олар келісімге келгендерін ашық айтты. Қалай сонда?
Егер осындай оқиға орын алса, менің ойымша мені төрт жылға шеттететін еді. Онда не болып жатқанын мүлде түсінбейміз. Маған бәрібір, ол менің "чемпиондық атақтарымды" қолымнан тартып алған жоқ. Егер мен оған екі немесе үш Үлкен дулыға финалында жеңіліп қалсам, онда оған ренжуге болар еді", – деді Бублик.

Синнердің сынамасынан “клостебол” – ақуыз синтезін және физикалық жүктемеден кейінгі қалпына келуді жылдамдататын зат табылды.


Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен бастады

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық т Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен оңай жеңді.

Жарыстың ширек финалына шығу үшін, Елена әлемнің 10-ы ракеткасы испанияллық Паула Бадосамен кездеседі.


🏆Өткен апта АТР чемпиондары👇

🇫🇷Марсель: 🏆🇫🇷Эмбер – 🇷🇸Меджедович 7/6(4) 6/4

🇦🇷Буэнос-Айрес: 🏆🇧🇷Фонсека – Серундоло Ф.🇦🇷 6/4 7/6(1)

🇺🇸Дэлрей-Бич: 🏆🇷🇸Кецманович – 🇪🇸Давидович Фокина 3/6 6/1 7/5


Стэн Вавринка кешегі Янниңтің теннистен 3 айға шектелуіне байланысты өз ойын қысқа әрі нұсқа жеткізді!


АНИСИМОВА – WTA 1000 ДОХА ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 🏆

23-жастағы Аманда ақтық сында Алёна Остапенконы 6:4 6:3 есебімен жеіді

🔥
Мансабындағы жекелей сындағы 3 титулы


Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші жұптық сында Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Жукаев украиналық Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич - франциялық Люка Санчеспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық украиналық жұп 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бейбіт алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін Бейбіт Мысыр мен Астанада жұптық сында ITF M25 жарысында чемпион болған.


Дохада өтетін АТР 500 турнирінің бірінші айналымында Саша Бублик Андрей Рублевпен ойнайды🤦‍♂️🥹


Келесі апта Дубайда өтетін WTA 1000 турнирінің сеткасы.

Ленаға да Юлияға да жеребе жақсы болған жоқ🤧




⚡️⚡️⚡️WADA итальяндық Янник Синнерді үш айға дисквалификациялады.

Дисквалификация мерзімі 2025 жылдың 4 мамырына дейін жалғасады.

Синнер алдағы: Индиан-Уэллс, Майами, Монте-Карло және Мадридтегі Мастерс турнирлеріне қатыспайды – Римде оралады жарыс төріне!


Анисимова Александрованы жеңіп Доханың финалына өтті😱


🔜Финалда америкалық теннисшіні Остапенко күтіп отыр.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Жақсы психатерапевт нөмері болса жазып қойындар, Игаға жіберейін🤙📞📲


Алена Иганы Доханың жартылай финалда тас-талқанын шығарып ұтып кетті. Ига үшін Остапенко ыңғайсыз қарсылас: бес ойынның барлығында латвиялық теннисші жеңісті өз қоржынына салды!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Диего Шварцман мансабын аяқтады

Шварцманның теннистегі мансабы көптеген қиындықтарға толы болды. 13 жасында дәрігер оған бойы 170 см-ден аспайтынын айтты, содан кейін ол қатты күйзеліп: "мен енді теннис ойнамаймын"деді. Осы кезде ата – анасы оған үлкен қолдау білдірді, олар Диегоның кәсіби теннисші болу арманының бұзуылуына жол бермеді. Айтпақшы, теннисшінің есімі Марадонаның құрметіне берілді.

Диегоның отбасысы әр дайым ақшаға зәру болды. Ол балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне бару үшін жас Диегоны қаражатпен қамтамасыз ету үшін анасы қатерлі ісік пен СПИД-ке қарсы күресте шабыттандыратын сөз тіркестері бар білезіктер жасады. Анасы слл білезіктерді ұлымен бірге турнирлерге барған кезде сататын. Олар жарысқа барғанда жалға алған бөлмелері соншалықты кішкентай болғандықтан, бір төсекте ұйықтауға тура келген. Осындай қиындықтарға қарамастан Диего 15 жылдық теннис мансабында:

⭐️4 АТР титулын
⭐️251 жеңіс.
⭐️ Ролан Гаррос жартылай финалы.
⭐️Әлемнің экс-8 ракеткасы болған


Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Жібек — италиялық Николь Фосса Уэрго жартылай финалда ресейліктер Анастасия Гасанова — Анастасия Гурьевамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық- италиялық жұп бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сетте де сол қарқынын жоғалтпады — 6:3.

Құламбаева — Уэргоның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

20 last posts shown.