Қазақстан Instagram-да қазақстандық музыка қолжетімсіз болып қалды
Соңғы күндері Instagram платформасында қазақ музыкасын сторизге немесе рилзге қою мүмкін болмай қалғанын байқаған боларсыз.
Meta (Instagram, Facebook және WhatsApp иесі) қазақстандық продюсерлерге ресми хат жіберіп, қазақ авторлық құқықтарын басқарумен айналысатын оператор – «ҚазАҚ» қауымдастығымен жасалған келісімнің уақыты аяқталғанын және ол жаңартылмағанын хабарлады.
Белгілі болғандай, Meta мен «ҚазАҚ» арасында келісімшарт болған, оған сәйкес Instagram қазақстандық орындаушылардың музыкасын пайдалану үшін роялти төлеп тұрған.
Алайда, «ҚазАҚ» төлем сомасына қанағаттанбай, оның көлемін ұлғайтуды талап еткен.
Екі тарап келісімге келе алмай, келісімшарт мерзімі аяқталды, ал жаңасын жасауға уақытында әрекет етпеді.
Нәтижесінде Meta қазақ авторларының, соның ішінде ең танымал орындаушылардың музыкаларын платформада өшіруге мәжбүр болды.
Бұл жағдай көптеген қолданушылардың наразылығын тудырып отыр, себебі Instagram сториздері мен рилздеріндегі қазақ музыкасына сұраныс жоғары болатын.
Мәселенің қашан шешілетіні және жаңа келісім қашан жасалатыны әлі белгісіз.
Әзірге қазақстандық музыка жанкүйерлері сүйікті әндерін басқа платформалар арқылы тыңдауға мәжбүр.
@Tengelifekz