Posts filter


Негізі спорт-прогермен айналасу өте қиын, тіпті енді бастағандар үшін ученик деңгейді алудың өзі біраз еңбек пен тер кетеді.

Мен ұстаз бола тұрып, тек осы программалаудан сабақтар берсем де, өзім зорға жеттім.

Бірақ мақсат болды, соған жету деген.

Сенесіздер ме? Мен сол 100-контест/жарысқа қатысып ғана жете алдым.

🎯Codeforces-та эксертке жету✅ орындалды!




Мета 1-ші раунд (кодинг интервьюге) жолдама алдым!!! 🤩🤩🤩

Жалпы сол жайында инста-рилс!

Сәттіліктер тілеп қойыңыздар!🥰


Бәріне сәлем!

Мына мен үшін ТОП жаңалықпен бөліспеске болмас еді🤩

Фейсбук пен Инстаграмды бәрі қолданады, және оған жұмысқа тұруға да қаншама “менмін” деген мықты инженерлер мен разработчиктер тапсырып жатады.

Әрине әр бәр кезең өте ауыр, қиын десек те, көбі 1-кезеңнен өтпей қалып жатады, яғни doc-screening, немесе сенің резюмең 10-100К адам ішінен көзге көрінуі керек. Тек содан кейін ғана саған HR хабарласады.

Ал мұнда, маған бірден жекеге өздері шығып, 1-ші турдан өткізіп жіберді.

Міне сол жайында видео-рилс

Әрине бақ шаба ма, бап шабама көреміз, бірақ осы мүмкіндікті жібермей міндетті түрде тапсырып көремін.

Егер менің сол процессім қызық болса, инстаграм @yergali.expert жазылып қойыңыздар. Сонда соңғы жаңалықтармен бөлісіп отырамын.


Күтпеген жерден linkedin.com сайты арқылы жекеме Meta-дан осындай хабарламаны алдым.

Білмейтіндер үшін:
- Мета деген өте ірі IT гигант (FAANG/MAANG), сіздер көп қолданып жүрген - facebook, instagram, threads продуктері бар.

Бұйыртса, ертең осы жайында бір рилс түсіретін боламын.

Кейін осы мүмкіндікті жіберіп алмай дайындықты бастаймыз.

Ал егер сіздерге де қызық болса, онда менімен бірге инстаға @yergali.expert жазылып қойыңыздар.

PS. Неге бұл ерекше жаңалық?! Себебі faang тапсырғанда 1-тур CV /doc screening болады, обычно сенің резюмеңді таңдауы өте қиын, ал мұнда олар өздері мені іздеп, шығып жатыр 😎🥰


Күнде ЖИ бойынша 2-сабақ деген ұранмен, алдыңғы жазбамды - әзірше күнде жаңартып жатырмын.

PS. Бірақ ол жазбаны жаңарты беруден, тым ұзақ тізім болап қалар. Сол үшін маған әлі тіркелмесеңіздер, инстама (@yergali.expert) тіркеліп қойыңыздар. Тек ЖИ сабақтар ғана емес, жалпы пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырамын.




Ре-брендинг жасадым)

Осы уақытқа дейін бүкіл жерде @yergalife деп жүрдім.

Енді @yergali.expert болдым.

Осы есімге тұрарлықпын деп ойлаймын.

Себебі 5+ жылдай жасанды интеллект (AI) бойынша жұмыс тәжірибем де бар, оған қоса AI білімді растайтын KAIST қорғалған PhD - докторлық дәрежем де бар.

Егер ЖИ бойынша сараптама жүргізу керек болса, маған хабарласаңыз болады.

Ізгі ниетпен,
@yergali_expert


@daewoongfoundation компанияның алдымен “AI & Big Data” стипентианты атанып, кейін үздіктер қатарында болып, мені 6-айлық ақылы тағылымдадан өтуге сұраныс тастады. Әрине мүмкіндікті жібермей қатыстым.
Соңында мені жұмысқа сол Сеулге шақырды, тіпті айлықтан бөлек, үй жайды береміз деді. Бірақ мен ол уақытта тағы бір компания шақырған еді, олар үй берем демесе де, көлік береміз деп шақырды😁
Cодан мен докторлықты бітірмей жатып бірден екі Корея компаниясынан шақыртуым болды.

PS. Ал бұл видео - мен стажировкада өтіп жүргенде, жаңа отборға наборға мотиватия ретінде «Успешный студент» атты видео-таныстыру еді.

https://www.instagram.com/reel/DIqzmx6PjV0


AI Olymp 1-кезең шешімдерін аштым.
Қызық болса, қайдан алу керегін мұнда айтып өттім.


https://www.instagram.com/p/DIlT4Gtx3wl/


Менің Кореядағы AI жұмысым қызық па? Жұмыс күнім қалай өтетін туралы блог жүргізейін бе?
Poll
  •   Ия, қызық болар еді
  •   Маған Кореядағы біреудің өмірі қызық емес
  •   Білмеймін/бәрібір
44 votes


Жуырда!
Жаңа әлеуметтік жоба!

“Үздік AI-шы” жобасын бастаймыз!!!

https://www.instagram.com/reel/DIks0ERxDbY


Мынандай челлендж ұсынамын:
Сіздерден жазылу - менен білім!

Мақсат:
10К инста жазылушы жинау)
https://instagram.com/yergali.expert

PS. Қазір инстамда 865 жазылушы екен.


Көп ұзамай осындай платформалар шыға бастайды. Яғни әр адам почта ашқандай, жеке өзінің AI агентін жасап отыратын.

https://vt.tiktok.com/ZSrXcjkwQ/


Forward from: Codeforces KZ
Бәріне сәлем!

Бүгін сағат 19:35-те Див-4 ресми контесті басталады!
https://codeforces.com/contests/2094


Магнум дауы - бір үлкен мәселеге айналып жатқандай секілді.

Бірақ, егер сен қазақ тілді болсаң, не қазақша сөйлейтін болсаң, сен второсортный болып көрініп қаласың((( ал қазақша сөйлей берші десең, вообще “нацист” болып қаласың(

Мен мұнда кімдікі дұрыс, не бұрыс екенін айтқым келмейді. Жай қазақ тілді болғаны үшін басқаларға ұят болатына жыным келетіні.

Ия, түсінем, ортасы орысша болған шығар, ата-анасы үйінде орысша сөйлейтін шығар, бірақ жалпы егер сондай біреулер солай талап қойып жатса, жақсы ия үйреніп жүрмін дей салсаңшы, не 4-5 сөз жаттап ала сал, “қазақша аз ғана білем” деп, сол үшін басыңды алмайтын шығар?!))

Мысалы кореяда солай ғой, мен де асып-тасып корейше сөйлей алмаймын, сұраса сәл ғана білемін, мүмкін болса ағылсынша, не переводчикпен сөйлесеміз.

Жалпы арамызда, орыс тілділер болса, жай 4-5 сөз қазақша үйреніп ала салыңыз, болды.

Бірақ қай елде болсаң, сол елдің мәдениеті мен тілін құрметтеуің керексің. Соны ұмытпаған жөн…

Өз ойым қазақтың жастары, оның ішінде қазақ тілді жастары әлем бағындыратын ірі тұлғалар болса екен деп тілеймін! Саған қарап басқалар бой түзер, сен секілді болсам екен деп ойлайтындар болса ғой деп армандаймын.

Мысалы бір Димаштың феномені - қаншама шетел азаматтарын қазақ тілін 2-3 айда үйреніп жатыр, оларға ешкім қазақша сөйле деп айтқан да жоқ!

Бұл жазумен мен біреуді кемсітіп жатқаным жоқ, жай ғана қазақ тілге жаным ашып жатыр…


“Үздіктер” жобасы тек оқушыларды ғана дайындап қоймай, қарапайым мектеп ұстаздарын да дайындаған еді.

Жалпы 500-ден аса ұстаздар қатысып, соңына дейін жеткен 40-ұстазымыз болды.

Көріп отырғаныңыздай, әр өңірден өз чемпиондарымыз бар! Ол үшін өте қуаныштымыз!!!

Енді алда өте үлкен белес, соңғы мәре Астанада өтетін - ұстаздар арасында республикалық “Үздік IT ұстаз” ГРАНД-ФИНАЛЫ болады!

Үздік Ұстаздарымызға финалда сәттіліктер!🤲🏻🤩


30-күндік Кодинг-челлендж күнделікті тапсырмалары мұнда болады:

https://uzdikter.kz/users/codeforces/today/


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
30-күндік Кодинг-челлендж бастаймыз!

Қатысу - ТЕГІН!

Бұл бастаманың мақсаты:
- Жастар арасында программалауды насихаттап, елдің бетке ұстар, әлем танитын IT мамандарды көптеп шығару!
- 100-естігеннен 1-көрген жақсы, 100-сабақты көргеннен 1-есепті шығарған жақсы!

Кез келген программалаға қызығатын адам қатыса алады.

Осы кодинг-челлендж негізінде кодфорстың мұрағат/архив тапсырмаларынан кездейсоқ әр деңгей үшін 3-есепті ұсынып отырады.

Жалпы 4-деңгейге бөлінген:
1) Бастапқы деңгей: 800-100
2) Негізгі деңгей: 1100-1300
3) Орта деңгей: 1400-1600
4) Күрделі деңгей: 1700-1900

Өзіңге ұнаған деңгейді таңдап, күнде сол деңгей есептерін шығарып, рейтинг басынан көрініңіз!

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/4qD15jC3tNJCSBAp7

30-күндік Кодинг-челлендж күнделікті тапсырмалары мұнда болады:
https://uzdikter.kz/users/codeforces/today/

Жоба авторлары:
Ерғали (@yergalife) мен Едіге (@edigerad)

#olymp #coding #30daychallenge


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Барлықтарыңызға сәлем!

“Сәуір болмай, тәуір болмас” деп, біз деңгейлі курстардың 2-ші потогын бастадық.

Бұйыртса 10-апталық (2,5 ай) курс болады. Курстың толық бағасы 40000 теңге, сонда аптасына небәрі 4000 тенгеден түседі. Екі бөліп төлеуге болады.

Материалдар, тапсырмалар, сабақтар тек қазақ тілінде болады.

Тіркелу жалғасуда:
https://forms.gle/dkhvrEvDPca4cU1q9

Деңгейіңізді анықтау үшін:
https://uzdik0.contest.codeforces.com

20 last posts shown.