El’dos Abilov


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Алланың Мейірімінен үмітің үзілмесін ешқашан…

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


ШАРТСЫЗ КЕШІР

Егер сен біреуді кешіруге бел байласаң, оны ешқандай шартсыз кешір.

«Егер сен мені кешірсең, мен де кешірем» немесе «тағы бір рет қайталанса, кешірмеймін» деп емес, жай ғана кешір.
Ол сені кешірмесе де — кешір.
Ол кешірім сұрамаса да — кешір.
Кешірім сұрау — әркімнің қолынан келе бермейтін, рухани деңгейдің көрінісі. Егер ол кешірім сұрамаса, демек, оның деңгейі солай.

Кешір — сонда өзіңе жеңіл болады.
Неліктен кешірмеген ренішті арқалап жүру керек?
Егер сен дін бауырыңды кешірсең, Аллаh саған сыйын береді.

Кейбіреулер кешіру — ұмыту деп ойлайды. Ұмыту — қиын, кейде мүмкін де емес. Бірақ кешіру — оңай.
Кешір де, қайта айтпауға тырыс.
Кешір де, қайта есіңе түсірмеуге ұмтыл.


Сырласым деп сырластым, бар сырымды елге аштың…

#мұсылманбауырым…


Жақындарым соңғы 2 сағат қалды…


Кітапшамның аяқталуына… алып үлгеріңіздер…


2190тг…


https://wa.me/message/I4WNEI5DP6IHK1


«Қиналған кезімде, қасымда қалған Раббым» кітапшасы — Аллаһтың қалауымен жарық көріп,
1000-нан аса жүрекке үміт, тыныштық, бағыт берген кітапша.

Бұл кітапшаны оқыған әр жаннан:
— «Намазымды қайта бастауыма себеп болды»,
— «Аллаһтан алыстап бара жатқам, қайта жақындадым»,
— «Суицид ойында жүрген едім, сіздің сөзіңіз тірі қалуыма себеп болды» деген
жүздеген жүректі тебірентер пікір келді.

Жақыным, бұл кітапша миссиясын орындап болды деп ойлаймын.
Және енді 13 сағаттан соң сатылым толықтай жабылады.
Одан кейін бұл кітапшаны алу мүмкін болмайды.

Сол себепті,
1 күндік таңғы асқа кететін ақшаңның орнына —
өміріңнің соңына дейін пайдасы болатын ілім алуды ұсынам.

Жүрегің біледі не істеу керек екенін.
Тек қадам жаса.

Кітапшаны алу үшін сілтемеге өте ғой:
https://wa.me/message/I4WNEI5DP6IHK1


Сатылымның соңына 16сағат қалды‼️

“Қиналған кезімді қасымда қалған Раббым” кітапшасын жазарда ниетім Алла разылығы болып еді. Аллағы шүкір. Кітапшаны алған +1100 адамна осындай пікірлер келуде😊📢

Кітапша
бағасы - 2190 тг✨

Төлем: https://pay.kaspi.kz/pay/nxzv47jm

Чек жіберу: https://wa.me/message/I4WNEI5DP6IHK1




Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Көп созбайыншы)

Бүгін 21:00 де.


#кольцо


Бүгін түнде көзіңді жұмбас бұрын, бір ғана нәрсені ұмытпа…

Сен бәрін бақылауда ұстай алмайсың. Кейбір нәрселер – сенің қолыңда емес. Және бұл – әлсіздік емес, бұл – өмірдің ақиқаты.

Өзіңді тым көп кінәлама. Өткенің үшін де, болашағың үшін де өз жүрегіңе жүк артпа.

Сенен талап етілген жалғыз нәрсе – әр сәтте жақсы адам болуға ұмтылу. Қалғанын Аллаһтың мейіріміне тапсырып үйрен…

Сен күресіп жатқан күндер – бекер емес. Сенің көзіңнен аққан әр жас, жүрегіңде тасып жатқан әр тілек – естіледі. Ешқайсысы ескерусіз қалмайды.

Сен әлсіз емессің. Сен қалыптасып жатырсың. Өсіп жатырсың. Және бұл – оңай жол емес. Бірақ сен жалғыз емессің.

Аллаһ қалайды… сенің күшейгеніңді, сенің жүрегіңнің жарыққа толғанын.
Сенің шыдап келе жатқаның – өзің ойлағаннан да үлкен ерлік…




Адамдардың пікірі — құйрық сияқты: әркімде бар, бірақ оған отыру да, көтеріп жүру де міндет емес. Өз ар-ұжданыңа сай өмір сүр, қол соққанға емес.




Мнение людей — как задница: у каждого оно есть, но это не значит, что на него стоит садиться или носить на руках. Живи по совести, а не по аплодисментам.


Біз қалтамыздан ең ұсақ тиындарды іздеп, садақа береміз, ал кейін Алладан жұмақтың Фирдаус бақтарын сұраймыз.

Біздің тартуымыз қандай мардымсыз, ал сұрағанымыз қандай ұлы!


Егер қызыңмен махаббат хикаясы аяқталса — тек оны кінәлама, бауырым.

Махаббатта әрқашан екі жақ кінәлі болады:
ол және… оның құрбысы.

Сен бе? Сен — періштедейсің. Сенде ешқандай кінә жоқ.

Алға бас, ханзада!


Қаншалықты ұзап кетсең де, бәрі маңызды емес — Аллаға қарай жасаған бір қадам, Оны саған сан есе жақындатады.

Өйткені сен Оған бет бұрсаң, Ол саған асыға беттейді…


Алдымда әлі талай жақсы, қуанышты күндер бар екеніне сенемін.

Қазір жүрегімде уайым, белгісіздік, қорқыныш бар. Айтсам да, “бәрі Аллаһтың қалауымен” десем де, ішімде бір толқынды тыныштық жоқ.

Кейде “қорықпа” деп өзімді жұбатам, бірақ… өзім де не боларын білмеймін.

Бірақ бір нәрсені анық білемін –
Раббым менімен бірге.
Сол үшін қорықпаймын.


Себебі менің – жалғыз Раббымнан басқа сенер, сүйінер ешкімім жоқ…


Сенде Раббың бар — Көк пен Жердің жалғыз Жаратушысы.

Сенде Раббың бар — Кез келген сәтте үнсіз болсаң да тыңдайтын..

Жаныңды жұбатып, жүрегіңе тыныштық сыйлайтын..

Сырларыңды білетін, мұқтаждығыңды өтейтін..

Жыласаң — жаныңды жеңілдететін..

Қиналсаң — жаныңнан табылатын Раббың бар.

Сенде — «Бол!» десе, бәрін бір сәтте болдырғызатын Ұлы Иең бар.

Жер мен көктің билігі Өз қолында,
Әр істің тізгінін ұстаған, Саған ризық беріп, Жүрегіңе тыныштық, өміріңе береке сыйлаған Аллаһ.

Ол — қиын сәтте қолдаушың, Қайғыда жұбатушың, Жолыңда жарқыраған нұрың, Жүрегің әр соққан сайын тіршілігіңе себепкер болған Раббың.

Сенде Аллаһ бар. Олай болса, Оны шын жүрегіңмен сүй.

Сенде Аллаһ бар. Онда неге адамдарға сонша тәуелді боласың?

Сенде Аллаһ бар. Онымен шынайы байланыс орнат.

Сонда жүрегің шынайы тыныштыққа толады, бұл жалған өмірдің уайымдары маңызын жоғалтады.

Сенде Раббың бар. Сонда саған басқасы керек болмай қалады.


Адам ұйқыға жатарда бір сәтін Аллаға арнауы тиіс:

«Бүгін жаным не жоғалтты, не тапты?» — деп, өз-өзіне есеп берсін.

Содан соң шын жүректен тәубесін жаңартып, сол тәубе күйінде тынықсын,
Раббысына жақын күйде көзі ілінсін.

Осыны әр кеш сайын әдетке айналдырған — жүрегін тазартып, рухын тәрбиелейді.


Әр адам бұл кітапты кем дегенде бір рет оқуы керек — ойыңды оятып, жүрегіңе әсер ететін туынды.


жанға азық, санаға сәуле…


Егер пенде таңды да, кешті де тек Алланы ойлап қарсы алса, оның барлық мұқтажын Алла Өзі мойнына алады.


Бұл өмірде адалдықтың қаншалықты сирек екенін шын түсінсеңдер ғой…

Жан дүниеңізбен егіліп, көз жасыңызға ерік беріп, Алладан жалбарынып сұрар едіңіз:


«Адал жанды жолықтыршы» деп..

Адал жігіт те аз,
адал қыз да аз…

Сондықтан ондай жанды табу —
баға жетпес береке…

20 last posts shown.