ABAIBOL🇰🇿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Shock content


Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы
Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com
📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Бүгін Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот отырысы өтуі керек еді. Алайда, сот кейінге шегеріліпті. Себебі белгісіз.

Естеріңізде болса, белгілі әнші 17 жастағы курьер баланың жыныстық мүшесіне қол жүгірткені үшін басы дауға қалған болатын.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

3k 0 0 100 33

🔞20 МЛН. ТЕҢГЕЛІК КӨЛІГІН ҚАРАҚШЫЛАР «ТАРТЫП» АЛҒАН

Павлодар. 2 ақпан күні «қарақшылық тонаудың» құрбаны болған ер адам тұтқынға алынды. Іс материалдарына үңілсек, әлгі ер адам 2024 жылдың тамыз айында полицияға шағым түсіріп, қарақшыларға жем болғанын мәлімдеген. Яғни, 20 млн. теңге тұратын «Toyota Camry 75» көлігін әлдебіреулер тартып алған екен. Нәтижесінде, қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шарасы ұйымдастырылды. Алайда, бірнеше ай өткенімен көлік те, қарақшы да табылған жоқ. Ал, істің тез ашылуын талап еткен жәбірленуші байбалам салып, полицияға келе беріпті.

Тергеп-тексеру нәтижесінде, жәбірленушінің «ұрланған» көлігімен Өзбекстан аумағына өткені анықталды. Ал, бері қарай басқа көлікпен кірген екен. Сондай-ақ, қарақшылар «алып кеткен» көліктің несиеге алынғаны белгілі болды. Көп ұзамай, Ташкент қаласынан «қолды болған» көлік табылып, жаңа қожайыны жауапқа алынды. Анықталғандай, көлікті «жәбірленушінің» өзі сатқан екен. Сөйтіп, «ұрланды» деп полицияға арыз жазса, несиесі кешіріледі деп ойлапты.

❗️«Данышпан» ер адам жалған арыз жазғаны үшін жауапқа тартылады. 15 млн. айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін қамалуы мүмкін.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🔞ЧИХУАХУАНЫ ӨЛТІРІП ҚОЙҒАН КУРЬЕР СОТТАЛДЫ

Алматы. Чихуахуа тұқымды итті өлтіріп қойған 16 жастағы «Wolt» курьері сотталды. Оқиға 2024 жылы 16 тамызда болған екен. Аталмыш күні Елена есімді келіншек иттерін серуендетуге аулаға шығады. Бірақ, подъезден шыққан сәтте жоғары жылдамдықта келе жатқан мопед итті басып кеткен. Нәтижесінде, Лев лақап атты чихуахуа оқиға орнында көз жұмыпты.

Анықталғандай, курьер 16 жаста болып шықты. Яғни, қызметін өзгенің аккаунты арқылы жасап, нәпақа тауып жүріпті. Жәбірленушінің айтуынша, учаскелік инспектор курьердің небәрі 16 жаста екенін алға тартып, аталмыш істің кәмелет жасқа толмағандар бойынша инспекцияның құзырында екенін айтқан. Десекте, жәбірленушілер соңына дейін баруды ұйғарып, мықты заңгердің көмегімен курьерді сотқа беріпті. Ал, сотта курьердің орнына анасы жауап берді. Сот шешімімен, курьердің анасы жәбірленушілерге 700.000 теңге өтемақы төлейтін болды. Сондай-ақ, сотқа кеткен 130.000 теңге шығындарын да өтеп беруі тиіс.

❗️Үйдің ауласында дырылдатып басып айдамау керек еді. Күн көрістің қамы деп түсіністік танытқың-ақ келеді. Бірақ, кейбір курьерлердің айналасына пысқырғаны бар…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🫦15 МИНУТТА 1100 ТЕҢГЕ 12.000 ТЕҢГЕГЕ АЙНАЛДЫ

Аталмыш алаңдағы «Gates of покердом» ойынында 1100 теңге салым 15 минутта 12.000 теңгеге айналды. Бәлкім, бәзбіреу үшін бұл ауыз толтырып айтар сома емес шығар. Дегенмен, жағымды екені сөзсіз. Яғни, 1100 теңге салым 50-70-100 теңгеден бөлініп қойылды. Мұндай алаңның жүйесі түсінікті ғой. Еліктіру үшін бастапқыда олжаны береді. Берген кезінде ойынды дереу доғарып, 3-5 күн кірмей қоямын. Ұзын сөздің қысқасы, ұтыс берген соң үзіліс жасау керек. Ал, миллондап ұту туралы армандаудың да қажеті жоқ. Еріккенде аз-аздан «жұлып» кеткен де жетеді. Себебі, бұл баюдың жолы емес, көңіл көтеру құралы.

🔖Төмендегі сілтеме арқылы «Покердом» алаңы 100 тегін айналым, сондай-ақ, салымды 100 пайызға ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырған. Ерігіп іш пысқанда ойнап көруге болады. Мұнда пәтер немесе көлік алатын ұтыс шығара алмайсыз. Бірақ, сусын, темекі, я болмаса тәттілер алуға болады🙂

➡️Сілтеме: https://4pd-stat.com/click/675849a76bcc63265d2cd554/17/15061/


🔞МҰЗДА СЫРҒАНАҒАН КӨЛІК СУ АСТЫНА КЕТТІ

Орал. Оқиға 2 ақпан күні кешкі уақытта орын алыпты. Серуендеп жүрген тұрғын Шаған өзенінде сырғанап жүрген «Лада» көлігін көзі шалған. Яғни, әлгі көлік жоғары жылдамдықта дрифт жасап жүріпті. Алайда, астындағы мұз опырылып, «Лада» көлігі бірнеше секундта су астына кетіп қалған. Нәтижесінде, оқиға орнына келген сақшылар мен құтқарушылар 35 және 38 жастағы ер адамдарның мәйітін шығарды.

❗️Арттары қайырлы болсын. Десекте, ауыр көлікпен мұзда сырғанағаны несі?!

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🔞«ЙОУ, ОРЫСТАР…» ӘНІ БАРЛЫҚ АЛАҢДАРДАН АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұзақ тарихы бар жиіркенішті «йоу, орыстар…» әнін тыйым салып, алаңдардың бәріне тиісті талап жіберілді. Бірінші болып Tiktok әлжелісі аталмыш «туындыны» толығымен алып тастапты. Алдағы уақытта Youtube, VK және тағы басқа 22 шақты платформалар аталмыш «шедебірді» жояды.

«Өмір көргендер» бұл әнді жақсы білуі тиіс. Тарихы кем дегенде 15 жыл шығар. Аталмыш «туындыда» тек орыс халқына емес, өзбектерге де қатысты жағымсыз сөздер айтылады. Құзырлы органдар әннің орындаушысын іздеп жатыр.

❗️Авторын білетіндер бар ма? Рэперлер білетін шығар😉

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

11.9k 0 12 218 178

🔞КҮЗЕТ АГЕНТТІГІ ҚОЖАЙЫНЫНЫҢ ҮЙІНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы. Оқиға 30 қаңтар күні орын алған. «Богатырь Security» күзет агенттігінің қожайыны қарақшылық шабуылдың құрбаны болыпты. Күндіз 67 жастағы ер адам Халық банктегі депозит шотына 69 млн. теңге салған екен. Сөйтіп, кешке қарай үйіне келгенде, әлдебір қарулы үш адам баса көктеп кіріп, жәбірленушіден шотына салған ақшаны талап еткен. Тіпті, соққыға жығып, әбден азаптаған көрінеді. Алайда, күзет агенттігінің қожайыны ақшаны бермепті. Себебі, әлгі депозит компанияға тиесілі болғандықтан, тікелей банктен ала алады екен. Яғни, аударып алуға немесе банкоматтан шешу мүмкін емес. Нәтижесінде, құр алақан қалмауды ұйғарған қарақшылар, «барымен базар» деп үйдегі бағалы заттарды місе тұтып тайып тұрған. Яғни, алтын бұйымдар мен 6 млн. теңгені алып кетіпті. Қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шарасы жалғасып жатыр.

❗️Аталмыш күні жәбірленушінің қомақты ақшаны шотына салғанын қарақшылар біліп тұр. Демек, дұшпаны қасында…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🔞«ЖҰЛДЫЗ» БОЛУДЫ ҚАЛАҒАН ПРАНКЕР СОТТАЛДЫ

Астана. 2 ақпан күні жергілікті сот шешімімен жаңадан бастап келе жатқан блогер сотталды. Анықталғандай, айыпталушы 29 қаңтар күні қисынсыз пранк ұйымдастырған екен. Лифте жасырын камералар орнатып, кездейсоқ адамдардың реакцияларын түсіріпті. Яғни, сыбайласымен өтірік кикілжің жасап, өзі ойыншық тапанша шығарған. Сөйтіп, кездейсоқ куәгерлердің зәре-құты қашқан сәттерін таспалап алыпты.

Пранкердің айтуынша, осылай тез танымал болуды қалаған екен. Сот шешімімен, Эдвард Биллдің жанкүйері 15 тәулікке қамалды.

❗️Пранкер болу оңай емес. Енді, уағыз жүргізетін блогер болатын шығар.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

13k 0 17 106 192

🔞 Жезқазғандағы сұмдық қылмысқа қатысты қосымша дерек шықты. Қанішерлердің бөлшектелген мәйітті қоқыс контейнеріне тастап жатқан сәті бейнебақылау камерасына таспаланып қалған екен.

Естеріңізге салсақ, 30 қаңтар күні қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген мәйіті табылған болатын. Көп ұзамай, марқұмның жеке басы анықталып, күдіктілер құрықталды. Яғни, марқұм Баранов Дмитрий. Ал, күдіктілер Дмитриева Светлана және Самохин Владимир.

Дмитриеваның айтуынша, Баранов оны зорламақ болған соң, өзін қорғамақ болып абайсызда пышақтап өлтіріп қойыпты. Сөйтіп, мәйітті өз қолымен бөлшектеп тастайды. Ал, досы Самохин қоқысқа тастауға жәрдемдескен. Қазіргі таңда, күдіктілер изоляторда. Тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Осы қылмысқа қатысты фото-видео материалдарды поштама 100 шақты адам жіберген шығар. Бірақ, әрбір хатта оқиға орны әр түрлі. Көпшілігі Астана, Ақтөбе және Шымкент… Ақпараттың растығына көз жетпейінше таратпаған абзал.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

14.1k 0 95 713 113

🔞 Алмас Кішкенбаевқа қатысы сот отырысы алдағы дүйсенбі күні өтпек. Оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша айып тағылып отыр.

Естеріңізге салсақ, 39 жастағы Кішкенбаев 31 қаңтар күні бөлімшеге жеткізілген болатын. Себебі, 17 жастағы курьерге қисынсыз әрекеттер жасаған көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, Кішкенбаев оның жыныстық мүшесіне қол жүгірткен-мыс. Нәтижесінде, әншіге қатысты әкімшілік кодекстің 434 бабы бойынша айып тағылды. Демек, ол 78.640 теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалмақ.

❗️Эх, сенгім келмеп еді. Аттасы деп үміттеніп едім…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

32.8k 0 28 266 266

🔞«ЖАБАЙЫ АРМАН» ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

Қостанай. Ел аузында «Жабайы Арман» деп аталған Арман Жұмагелдиев 31 қаңтар күні өзіне қол жұмсады. Бұл жайлы оның адвокаты Евгений Яворский мәлімдеп отыр. Жұмагелдиев душта қолтамырларын кесіп тастапты. Бір дерек бойынша кесетін құрылғы ретінде бір реттік ұстара қолданған. Басқа ақпарат бойынша, бір реттік стақаннан жасалған пышақты қолданған дейді. Ал, мұндай қадамға баруына Қостанайлық түрмеде отырғысы келмейтіндігі себеп болыпты. Яғни, басқа түзеу мекемесіне ауыстыруды талап етіп отыр.

Түрме басшылығының мәлімдеуінше, Жұмагелдиевтің жарақаттары болмашы. Өміріне қауіп жоқ.

❗️Естеріңізге салсақ, 27 қаңтар күні Жұмагелдиев 20 жылға сотталған болатын. Сондай-ақ, ірі кәсіпкер әрі депутат Қайрат Құдайберген 8 жыл арқалап кетіп еді.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

32.4k 0 13 152 165

▪️ №191 қылмыстық іс «Сойылған сарбаздар» деректі фильміндегі марқұмдар қызмет еткен әскери бөлімнің сарбаздары пікір қалдырыпты.

🎞 Деректі фильмді толық қарау үшін: https://youtu.be/h8e0DuFVuVQ

🔞 Деректі фильмдегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы осында


🔞14 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ӨЛТІРГЕН АТА-АНАСЫ СОТТАЛДЫ

Талдықорған. 31 қаңтар күні сот шешімімен 14 жасар қызын мерт қылған ата-ана сотталды. Естеріңізге салсақ, 14 жастағы Карина Дорохина 2023 жылдың қараша айында жоғалған еді. Өгей әкесі мен анасы «сары уайымға» батқан адамдардың кейіпіне еніп, полицияға арыз түсірген. Нәтижесінде, зорлық іздері бар бүлдіршіннің мәйіті тау бөктерінен табылған болатын.

Анықталғандай, өгей әкесі бүлдіршінге зорлық көрсетіп, өлтіріп қойған. Бірақ, тергеу барысында бар кінәні анасы өз мойынына алған екен. Себебі, кәмелет жастағы балалары бар болғаны үшін жеңіл жаза тағайындалады деп үміттенген көрінеді. Алайда, өгей әкенің айыбы толығымен дәлелденіп шықты. Сот шешімімен, «әкетай» өмір бойына бас бостандығынан айырылса, анасы 19 жылға қамалды.

❗️Фотода Каринаның кішкентай кезі мен өлер алдында түсірілген кезі.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

38.3k 0 9 424 240

🔞11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНА «ҚЫРЫНДАҒАН» ЕР АДАМ

Алматы. 30 қаңтар күні біртүрлі оқиға орын алған. Полицияға ер адам шағымданып, 11 сынып оқитын ұлының «азғын дәмеленудің» құрбаны болғанын хабарлаған. Курьер болып жұмыс жасайтын 17 жасар ұлы әлдебір ер адамның тапсырысы бойынша 3 бөтелке сыра алып келіпті. Әрі қарай оқиға түсініксіз жалғасқан. Бозбаланың айтуынша, тапсырыс беруші шамамен 40 жастағы ер адам. Ол сыраны алған соң, бозбалаға бірге ұрттауды ұсыныпты. Сөйтіп, курьердің ұятты жерлеріне қол жүгірте бастаған екен. Зәресі қашқан курьер пәтерден «фыр» ете қалған. Сөйтіп, болған жәйтті әкесіне айтып берген екен.

Нәтижесінде, «сырақұмар» ер адамның жеке басы анықталып, полиция бөлішесіне жеткізілген. Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, күдіктінің аты-жөні Алмас Кішкенбаев.

❗️Аттасы деп үміттенемін. Бәлкім, «әпшу берші» деп әзілдеген болар.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🔞ӨРТ ШАЛҒАН ҮЙДЕГІ БАЛТАЛАНҒАН МӘЙІТТЕР

Өскемен. 30 қаңтар күні түнде өрт сөндірушілер жалын шарпыған жер үйдегі өртті ауыздықтап, жертөлесінен күйік шалған үш адамның мәйітін тапқан. Көп ұзамай, бәрінің жеке басы анықталды. Олар 76 жастағы отағасы және оның 69 жастағы жұбайы. Сондай-ақ, 51 жастағы туысы. Марқұмдардың бойынан балталау мен пышақтау іздері анықталған. Нәтижесінде, 27 жастағы ер адам құрықталды. Ол марқұм отағасының бауыры көрінеді. Анықталғандай, қанды қылмысқа ішкілік себеп болған. Яғни, сылқия тойған туыстар арасында жанжал туып, 27 жастағы жігіт «ағайындарын» балталап, пышақтап өлтірген. Сөйтіп, қылмысын жасыру үшін мәйіттерді жертөлеге тастап, үйге от қойған екен. Қылмыс қарулары тәркіленді. Күдікті тергеу изоляторына тоғытылды.

❗️Статистикаға жүгінсек, еліміздегі кісі өлтіру қылмыстарының 59 пайызы ішкіліктің нәтижесінде болады екен. Бірақ, тыйым салынғанына қарағанда, вейп әлдеқайда қауіптірек сияқты.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🔞ҚОҚЫСТАН БӨЛШЕКТЕЛГЕН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Жезқазған. 30 қаңтар, сағат 11:30 шамасында қоқыс шығарушы қызметкерлерден полицияға шұғыл ақпарат түскен. Байқоңыров көшесінде орналасқан қоқыс контейнерінен кілемге оралған ер адамның бөлшектелген мәйіті табылған екен. Марқұмның аяқ-қолдары кесіліп поршаланған. Сондай-ақ, бауыздалған. Нәтижесінде, қан тамшыларының іздері арқылы қанды оқиға орын алған пәтер анықталып, 48 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адам құрықталды. Көп ұзамай, марқұмның жеке басы белгілі болды. Ол 39 жастағы Баранов Дмитрий. Ал, күдіктілер Дмитриева Светлана және Самохин Владимир.

Анықталғандай, 29 қаңтар күні түнде үшеуі «тойлатып» отырған. Сөйтіп, қызып қалған Баранов махаббатты «аңсап», Светланаға «қырындай» бастапты. Бірақ, «бойжеткен» көнбеген соң, зорламаққа тырысады. Нәтижесінде, Светлана қорғану мақсатында «Ромеоның» мойынына пышақ сұғып алған. Баранов оқиға орнында жан тапсырды. Сөйтіп, Светлана қылмысын жасыру мақсатында Барановтың мәйітін асханалық пышақпен бөлшектейді. Яғни, аяқтарын тізеден төмен, ал, қолдарын иықтан ажыратқан. Сосын, кілемге оралған мүрдені Самохиннің көмегімен қоқыс контейнеріне шығарып тастапты. Қылмыс қаруы тәркіленіп, тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Алқаштардың кезекті «махаббат дастаны»…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

38.7k 0 744 2k 588

🔞 №192 қылмыстық іс «Боққа батқан мәйіт» деректі фильміндегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы.

Тергеу тобы дәретхананы бұзып, шұңқырынан марқұмның мәйітін шығарды. Ауа райы салқын болғандықтан, мүрде айтарлықтай қатты бұзылмаған болып шықты. Анықталғандай, марқұмды матамен орап, баспен төмен тастаған екен. Ал, аяқтары сыммен байлаулы. Көп ұзамай, сарапшылар сорақылықтың бетін ашты. Мәйіттің тыныс жолдарынан кішігірім топырақ пен боқ қалдықтары табылған. Демек, нәжіске толы дәретханаға тастап жатқанда, марқұм әлі тірі болған...

🎞 Деректі фильмді толық қарау үшін: https://youtu.be/Xcm5ZGtBE20

39.6k 0 44 269 275

▪️ БОҚҚА БАТҚАН МӘЙІТ | №192

Егер әйгілі «5:32» сериалы жалғасын тапса, аталмыш хикая бір сериясына татитындай оқиға. Себебі мұнда криминалды кинотуындыға қажеттінің бәрі бар: бұраланған сюжет, шытырман және жиіркенішті әрі қанды жауыздық. Тергеушілерге бұл іс бастапқыда әдеттегі тұрмыстық қылмыстардың бірі болып көрінгені бар. Алайда, тергеу барысы күтпеген нәтижеге алып соқты. Бұл 192-ші қылмыстық іс. Павлодар облысы.

🎞 Сілтеме: https://youtu.be/Xcm5ZGtBE20

🔞 Деректі фильмдегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы келесі постта🔽


▪️ Соңғы жаңалықтарды көріп жатқан боларсыздар. Қосымша құн салығы 20 пайызға өспек. Демек, бүкіл тауарлар мен азық-түлік қымбаттайды. Жанармай бағасын мемлекет реттемейтін болды. Бұл барлық бағалардың өсетініне тағы себеп. Ал, айыппұлдарың санында шек жоқ. Теңгенің құнсыздануы. Салық өсті. Мәжбүрлі декларация. Банк аударымдары 3 айда 255.000 теңгеден аспауы қажет. Асып кетсе, есеп беруіміз керек болады. Коммуналдық қызметтер, жарық, жылу бағасы екі ай сайын өседі. Жалақылар сол баяғы…

Жарықтық Елбасы «Держитесь за меня. Следующий хуже будет» деп еді. Нұрекеңе зар болып қалғандаймыз…

❗️«Шал, кет!» дегендердің қайсысы шалқып өмір сүре бастапты?

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

34.2k 0 15 595 271

▪️ №190 қылмыстық іс «Адамжегіш құрбылар» деректі фильміне қатысты осындай пікір қалдырылыпты. Рас-өтірігі белгісіз.

Айтылған мойындату «әдісін» құптайсыз ба?

🎞 Деректі фильмді толық қарау үшін: https://youtu.be/l3EwfCIFt4U

🔞 Деректі фильмдегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы осында

20 last posts shown.