ана үшін баласы қашан да бала.
өткенде Аллаһтың қалауымен сәті түсіп, жарты күнге ауылға барып келдім. маматайыма тосын сый болып барып едім. мама мені көріп, сасқанынан "мә" деп, ішке кері кіріп кетті. мен ет жемейді деп, жалма-жан қатырып қойған жаймасын алып, ас салып жатыр. суымды құйып беріп, дұғамды оқығанда бірге алақанын жайып отырды.
қашан екені есімде жоқ, бірақ бірде сөз арасында жұмысқа ақ рубашка алу керек дегенім бар еді. мамам ауылдың дүкендерін аралап, ақ рубашка алып қойыпты.
әрдайым уатсаптан суретімді жібергенде "осылай жарқырап жүр" деп жазып отырады.
мені дұрыс тамақ ішпейді деп, ұйқысын қиып, сәресіне де тамақ пісіріп берді.
кетерде әдеттегідей залдың терезесінен қарап, қолын бұлғап тұрды.
қаладан қашан келсем де, шәйдің орнын жинатып, жұмсамапты. бір-екі күнге барсам, қонақ күткендей күтіп, дәл солай шығарып салады.
жылатасыз, мам.