Робот симфония жаза ала ма?Қазір
[NotaGen] деген модель бар. Ол 1,6 миллион музыкалық шығарма бойынша үйретілген, әрі ноталарды автоматты түрде генерациялайды. Тест нәтижелерінде оны кейбір адам жазған композициялардан да жоғары бағалаған.
Бірақ NotaGen музыка шығармайды, ол тек ABC форматында ноталарды тізбектейді. Кейін бұл ноталарды MIDI форматына түрлендіріп, ары қарай өңдеуге, жақсартуға болады.
Сондықтан «жасанды интеллект симфония жазып қойды» деп айтуға асықпаңыздар ☺️
ЖИ әлі де дайын дүниелерді біріктіріп, көшіріп құрастырушы ғана: шынайы композитор сияқты жаңа нәрсе жасай алмайды.