Aikyn.kz


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti


Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі жабылады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрліктің ресми мәліметіне сүйенсек, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылы 11 қазанда Астана қаласындағы әділет департаментінде тіркелген.

- 2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған ұйымның мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танып, мәжбүрлеп таратуды көздейтін талап-арыз берілді.

Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды. Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген, - деп мәлімдеді Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

@aikyngazeti


Сіз түннің бір уағына дейін әлеуметтік желілерді, сауда платформаларын немесе жаңалықтар лентасын парақтай берсеңіз, онда сіздің денсаулығыңыз үлкен стресс жағдайына жақындап қалған. Смартфон қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналғанымен, жаңа зерттеулер көрсеткендей, азғана технологиялық детокстың өзі психикалық денсаулыққа оң әсер етеді.

Смартфонсыз өмір – көңіл-күйдің кілті ме? Остиндегі Техас университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу барысында екі апта бойы смартфонда интернетке қолжетімділікті шектеген адамдардың психологиялық жағдайының айтарлықтай жақсарғаны анықталды. Олардың көпшілігі көңіл-күйлерінің көтерілгенін, жалпы өзін жақсы сезіне бастағанын және зейіннің артқанын айтады.

Aikyn.kz авторының танымдық-ағартушылық мазмұндағы мақаласын оқи отырыңыз.

@aikyngazeti


Олжас Бектенов Президентке су тасқынына қарсы дайындық жөнінде есеп берді

@aikyngazeti


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ескерту бар, ескеру жоқ.

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиевтің Премьер-Министр Олжас Бектеновке су тасқынының алдын алу шараларын күшейту жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Жалт-жұлт еткен жарнамаға сене бермеңіздер!

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Мақсат Толықбаевтың Бас прокурор Берік Асыловқа, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановқа тұрғын үй кооперативтерінің қызметін реттеу туралы жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti


Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

@aikyngazeti


Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.

Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электронды үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.

Қызметті пайдалану үшін:

- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;

- «Қызметтер» – «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;

- «№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;

- өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

@aikyngazeti


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Фонограммамен ән айту тыйыла ма?

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаевтың Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовқа фонограммаға тыйым салу жөнінде қойған сұрағы.

@aikyngazeti


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
6 миллион теңге сыйақы

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовке халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтерге берілетін ақшалай сыйлықтың мөлшері, оларды таңдау талаптары туралы қойған сұрағы.

@aikyngazeti


Демографиялық есептерге негізделген халық санының өсімі ескеріле келе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада өткен жылы перинаталды орталық салу жобасын жүзеге асыру басталды. Құрылысты «Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландырады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

«Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры есебінен Сарыарқа ауданында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімдігі денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жеке инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл екі толыққанды жеке клиника (Нұрлыжол және Хусейн Бен Талал теміржол вокзалдарының ауданында) пайдалануға беріледі. Ал алдағы үш жылда инвесторлар есебінен тағы екі емхана салынады», – дейді Астана әкімдігі өкілі
Сондай-ақ ол елордадағы ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту туралы айтты. Осылайша, 2024 жылы қаладағы медициналық ұйымдарға 435 бірлік медициналық жабдықтар сатып алынды. Биыл қаладағы ауруханалар мен емханалар үшін 336 бірлік медициналық жабдық сатып алу жоспарланып отыр.

@aikyngazeti


▪️ Ораза ұстауға дайындық туралы жеті кеңес

▪️2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге тегін ұшуға мүмкіндік беретін бағдарлама қалай жүзеге асып жатыр?

@aikyngazeti


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Айбек Оралбай "Странджа кубогының" алғашқы бәсекесінде жеңіске жетті.

Ол Пәкістан үмітін айқын басымдықпен ұтты

@aikyngazeti


Қазақстандағы алғашқы АЭС қай жерге салынатыны белгілі болды.

Үкімет басшысының тиісті қаулыcы ресми түрде күшіне енді.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti


Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды

@aikyngazeti


«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру және қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету аясында Бас прокуратура алимент бойынша қарызды өндіріп алу жұмысының қорытындыларын шығарды.

Қадағалау органының басшысы Берік Асылов келесідей атап өтті: «ЮНИСЕФ-тің отбасы-неке саласындағы зерттеулеріне сәйкес, алименттің төленбеуі баланың өмір сүру сапасының нашарлауына, оның даму мүмкіндіктерінің шектелуіне, сондай-ақ отбасындағы психологиялық шиеленістің артуына әкеледі. Әкесінің қолдауынсыз қалған балалар өздерін тастанды немесе бағаланбаған болып сезінеді, бұл олардың эмоционалдық жағдайына әсер етеді. Баладан ұрланған әрбір теңге – оның білім, денсаулық және жарқын болашаққа деген мүмкіндігін ұрлау деген сөз. Алимент – бұл тек заңды міндет емес, сонымен қатар өз балаңның алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпау маңызды».
Алайда барлық әкелер өз балаларын қолдап, көмегін тигізе қоймайды. Қазіргі таңда 28 млрд теңге көлемінде қарыз жинақталған. Борышкерлер сот шешімдерін орындаудан жалтарып, мүліктері мен табыстарын жасыруда.

Заңнамаға сәйкес, борышкерлерге бірқатар шектеу шаралары қолданылады: шетелге шығуға уақытша тыйым салу, лицензиялар, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу, сондай-ақ бұрын берілген рұқсаттар мен арнайы құқықтардың (мысалы, көлік жүргізуші құқығы, атыс қаруын иелену және алып жүру рұқсаты) жүзеге асыруын тоқтата тұру. Сонымен қатар, мүлік пен банктік шоттарға тыйым салынады

@aikyngazeti




Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

@aikyngazeti


Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 28 мектеп салынады

Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», - деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

2024 жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 25 мектеп салынған. Олардың басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан.

@aikyngazeti

20 last posts shown.