✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
✔️ 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялануы – маңызды қадам. Бұл бастама еңбек нарығындағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жастарды осы салаларға тартуды көздейді.
✅ Жұмысшы мамандықтарын дамыту үшін келесі шаралар жүзеге асады деп ойлаймын:
1. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғыртуды жалғастыру. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және заман талабына сай бағдарламаларды енгізу жұмыстарын аяқтау.
2. Жұмысшы мамандықтары бойынша жалақыны арттыру және еңбек жағдайын жақсарту. Бұл жастардың аталған мамандықтарды таңдауына ықпал етеді.
3. Мамандықтардың беделін арттыру. Жұмысшы мамандықтарының заманауи, беделді және сұранысқа ие екендігін кеңінен насихаттау.
4. Салалық кәсіпорындармен әріптестікті күшейту. Ірі өнеркәсіп орындарының жастарды өндірістік тәжірибеден өткізіп, жұмысқа орналастыруда белсенділік танытуы қажет.
Бұл жыл тек жұмысшы мамандықтарының дамуына ғана емес, жалпы еңбек нарығының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп сенемін.