Туынды қаржы құралдарымен биржадан тыс мәмілелер үшін үлгілік шарттар әзірлендіҚазақстан Ұлттық Банкі және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы отандық қаржы нарығы тарихында алғаш рет биржадан тыс нарықта туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін Бас қаржылық келісімнің үлгілік шарттарын әзірлеу жұмыстары аяқталғанын хабарлайды.
БҚК своптарды, форвардтық мәмілелерді және опциондарды қоса алғанда, туынды қаржы құралдарымен биржадан тыс мәмілелерді жасау үшін бірыңғай шарттарды ұсынады. БҚК-ны пайдалану ашықтықты, стандарттауды және тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстандағы ТҚҚ-ның биржадан тыс нарығын дамыту үшін жаңа серпін береді деп күтілуде.
"ТҚҚ-мен мәмілелер жасау үшін БҚК-ны қолдану корпоративтік сектор мен қаржы институттары үшін валюталық және пайыздық тәуекелдерді басқаруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Валюта ағындарымен жұмыс істейтін компаниялар қаржылық тәуекелдерді азайтуға және ақша ағындарының болжамдылығын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді хеджирлеу құралдарына қол жеткізеді. Сонымен қатар, БҚК-ны пайдалану екінші деңгейлі банктерге пайыздық тәуекелдерді тиімді басқаруға және барынша қолжетімді қаржыландыру шарттарын ұсынуға мүмкіндік бере отырып, ұзақмерзімді кредиттеуді дамыта алады", - деді ҰБК баспасөз қызметі.
ҚҰБ компаниялар мен қаржы мекемелеріне БҚК ұсынатын мүмкіндіктерді пайдалана отырып, валюталық және пайыздық тәуекелдерді кәсіби хеджирлеу үшін екінші деңгейлі банктер мен брокерлік ұйымдарға өтініш білдіруді ұсынады.
Әзірленген БҚК үлгілік шарттары ағылшын құқығымен реттелетін 2002 жылғы ISDA бас келісіміне (The 2002 ISDA Master Agreement) негізделген. Бұл құжат биржадан тыс деривативтік мәмілелер үшін халықаралық стандарт саналады және әлемнің 70-тен астам елінде қолданылады.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі БҚК-ның үлгілік шарттары ҚҚҚ сайтында орналастырылған және нарыққа қатысушылар оны пайдалана алады.