ДУМАН МУХАМЕДКӘРІМ:
БЕЙБІТ ШЕРУ ҒАНА БІЗДІҢ ЕЛГЕ ӨЗГЕРІС ӘКЕЛЕДІ
Негізі, елде демократиялық өзгерістер болса екен деп, бізде шапқылап жүрген оппозиция өкілдері көп.
Шетелде қаншамасы отыр, елдің ішінде қаншамасы жүр?!
Қысым көргендер, отырып шыққандар, таяқ жегендер, бала-шағасын қысқандар бар, бірақ өзгеріс жоқ.
30 жыл солай болды, әлі де бола беретін түрі бар. Саясаткерлердің кейбірі, мысалы, «біз радикал емеспіз, митингке шықпауымыз керек, билікті эволюцияға шақыруымыз керек, өзгеріс жасау керек» дейді.
Ал Конституция мен заң деген біздің елде діни түсінік сияқты, молдамыз қалай түсіндірсе, солай қабылдайтын болдық. Конституция да тура сол сияқты, қай заңгер қалай түсіндірсе, солай қабылдаймыз.
Менің ойымша, бейбіт шеру – төңкеріс емес, бейбіт шеру – қаңтардағыдай қантөгіс емес, қирату, өртеу емес.
Менің арманым: бүкіл қазақ елі бейбіт шеруге шығып, қолымызға елдің туын алып, оқ атпасын деп ойымызды, Конституциядағы цитаталарды келтіріп, плакатқа жазып, мына заңсыз сайлауға қарсымыз деп, Тоқаевтың 2019 жылдан бері үйіп-төгіп берген уәделерінің бірі де орындалмағанын айтып, Назарбаевтың салып берген сара жолымен келе жатқанын жазып, плакаттармен шықса – сол бейбіт шеру емес пе?!
Назарбаев «Қазақстан-2030» деп, 30 жыл қанымызды ішті. Тоқаев соның жолымен келеді. Бір ерекшелігі – Назарбаев жылына бір рет жолдауын жолдап отыратын, ал Тоқаев биылдың өзінде бірнеше жолдау жолдап тастады.
Оның ұсынған бастамаларының біреуінің іске асқанын көргенім жоқ.
Жолдауларының бәрі биліктің мүддесін қорғайтын дүниелер, халық үшін дейтін ештеңе жоқ.
Сондықтан бейбіт шеру ғана біздің елді өзгеріске әкеледі.
Ақорда, билік, үкімет, оппозиция соны түсінуі керек.
Ал халық оны түсінді, халық оянбады деу – жаңсақ пікір. Егер біз оппозицияны, сосын Ақорданы оятсақ, онда елде өзгеріс болады, тек бейбіт шеру ғана біздің мемлекетті өзгертеді.
РЕДАКЦИЯДАН: Бұл үзінді Думанның "ДАТ" үнқағазына берген сұхбатынан алынды. Думан жалынды, қайсар журналист. Тоқаев билігі оны жазықсыз жеті жылға соттап, бүгінде Қызылорда түрмесінде қинап жатыр. Соңғы күндері оны наразылық әрекеттері үшін түрме әкімшілігі ақпан айында 60 күнге карцерге отырғызып, соңғы ақпаратта әкесінің айтуымен журналист Абзал Достиядың хабарлауынша 90 күнге карцерге қамағаны жарияланды.
Тоқаев Сталиннен де бетер саяси репрессия жасауда.
Сондықтан Ұлтшыл кемеңгер Жасарал Қуанышәлин негізін қалаған оппозициялық "Алға Қазақстан" партиясына қосылып және ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК БЕРІП, бірге ЖҰМЫС жасау арқылы ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛАДЫ.
КҮШ БІРЛІКТЕ!
АЛҒА ҚАЗАҚСТАН ✊️
https://algaqzt.taplink.ws/p/c3dfac/