Ali’s Notes


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Әл-Азхар университеті, Ақида және философия факультетінің студенті

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


…немесе жүрекке микроб сияқты жабысып, кеміреді. Шынайы тәубе – осы «вирусты» жойып, жүректі қайтадан сауықтырады.


Жүрекке дақ қалдырған күнә – денеге жұққан вирус секілді: сыртынан байқалмаса да, ерте ме, кеш пе, өзін міндетті түрде сездіреді.


Күнә істеген адам оны ұмытса да, ол күнә Алланың алдында әлі тірі. Тәубе етілмеген күнә – жүрекке дақ болып қалады.


Күнәні ұмыту — тәубені қажет етпейтіндей сезім тудырады. Бұл — шайтанның ең жаман айласы.


Мүмін – күнәсін ұмытпайды. Ол күнәларын істеген сайын емес, оларды еске алған сайын көз жасын төгеді. Ал екіжүзді – күнәсін істеген соң оны ұмытып, өзін қауіпсіз сезінеді.

Хасан Әл-Басри (Алла оған разы болғай)


Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.

-Лев Толстой


“Бұл түні періштелер мен Рух (Жәбірейіл) Раббыларының рұқсатымен әрбір іс үшін түседі.”

(Қадір сүресі, 4-аят).

Қадір түнінде Жәбірейіл (ғ.с) бастаған сансыз періштелер Алланың әмірімен жер бетіне түсіп, мүміндерге сәлем беріп, олардың жасаған дұғаларына “Әмин!” деп жауап береді. Бұл – Алланың ерекше мейірімі төгілетін сәт.


Аллаға шынайы құлшылық қылған құлдың әр сәті Қадір түні сияқты!

الشيخ عبد السلام سنار


Алладан сұрау – міндетіміз, бірақ сол сұраған нәрсеге жету үшін өзіміз де қадам жасауымыз керек. Егер дұға етіп, бірақ ешқандай әрекет жасамасақ, ол бос үмітке айналады.


Дұға – ресторандағы мәзір емес. Ол – жай ғана “тапсырыс” беріп, дайын күйінде алатын нәрсе емес. Дұға – жүректен шығатын шынайы өтініш, бірақ ол әрекетпен ұштасқанда ғана нәтиже береді.


Дұға мен әрекет – бірге жүруі керек

Дұға – мұсылманның қаруы, бірақ тек дұға етіп отыра беру жеткіліксіз. Егер барлық мәселе тек дұғамен шешілсе, онда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешбір шайқасқа шықпас еді. Ол – дұғасы қабыл болғандардың ең жақсысы, бірақ сонымен бірге ол әрекет етті, жоспарлады, күресті.

Біз де солай істеуіміз керек. Дұға – сеніміміздің көрінісі, ал қарекет – сол сенімнің жемісі. Аллаға тәуекел етіп, дұға жаса, бірақ нәтиже күту үшін нақты әрекет етуді ұмытпа!


Өміріңді Алланың разылығы үшін сүр, сонда жүрегің тыныштық табады❤️‍🩹


Қолыңнан келсе жақсылық көп жаса, тіпті оны ешкім бағаламаса да, өйткені сен адамдар үшін емес, Алланың разылығы үшін жасайсың. Қандай қиындықтар болса да, садақа бер, өйткені садақаға мұқтаж адам – оны беріп тұрған адам.


“Садақа ең алдымен оны берген адамға үлкен пайда әкеледі.”


Өмірде қиындықтар кездессе, үмітіңді үзбе. “Я, Алла, менің өмірімді де, ақыретімді де қайырлы ет!” – деп дұға ет. Қайғы сәждемен кетеді, ал қуаныш – дұғамен келеді. Бүгінгі көз жасың ертеңгі қуанышыңа айналады. Сондықтан өміріңді уайыммен емес, үмітпен сүр.


Өмірдегі жағдайларға лайық дәрежеден артық мән берме және адамдардың сөзінен өз құныңды іздеме. Оны жүрегіңнің түкпірінен ізде, өйткені ар-ұжданың тыныш болса, сенің дәрежең көтеріледі. Егер өзіңді білсең, сен туралы айтылған сөздер саған зиянын тигізбейді.


Дүние үшін алаңдама, себебі бәрін беретін – Алла. Ризық үшін уайымдама, өйткені оны да Алла береді. Болашаққа қам жеме, себебі ол да Оның қолында. Тек бір ғана нәрсені ойла – Алланың разылығын алу. Егер Алла разы болса, сен де шынайы бақытқа жетесің.


Ниқаб – кейбір елдердің дәстүрінен алынған мәдени ерекшелік қана, Исламның құқықтық негіздерінде оны міндеттеу туралы ешқандай ереже жоқ.
✏️ Әл-Азхар фәтуа бөлімі


Ниқаб – қазаққа мүлде жат. Оны елді таңғалдыру, әйдейі өзгешелену, үркіту немесе бүлік тудыру мақсатында киетіндерге Алла берекесін бермесін.

Қатты кигілерің келіп жатса араб елдеріне барып кигендерің дұрыс)


Фиқһ пен сопылықтың айырмашылығын сұрағанда, жауап былай болады:

Фиқһ – денеңді сәжде етуді үйретеді, яғни сыртқы амалдар мен діни міндеттерді орындауға бағытталған ілім.
Сопылық – жаныңды сәжде етуді үйретеді, яғни ішкі жан-дүниеңді тазартуға, Аллаға шынайы махаббатпен жақындауға бағытталған рухани жол.




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Дәл қазіргі сәт…

20 минут отырамын, осы 20 минут ішінде үлгерген кісілер дұғаларыңызды жекеме жазып жіберсеңіздер болады.🫂🤲🏻

Дұғаларыңызды жасап қоямын❤️

20 last posts shown.