Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды, олар мәтінді тактильді форматта көрсетеді.
Брайль қарпімен басып шығаратын принтерлер, мәтіндерді үлкейту және олардың контрастын өзгертуге арналған құрылғылар, мәтінді оқып, оны дыбыстық форматта шығаруға және аудиоға айналдыруға мүмкіндік беретін сканерлер, аудиокітаптарды жайлы тыңдау үшін жоғары сапалы дыбыстық құлаққаптар, сондай-ақ бейімделген бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютерлер қолжетімді.
Бұл жұмыстар көзі нашар көретін және зағип жандар үшін кітаптар мен басқа да білім беру материалдарына инклюзивті қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. Жобаның артықшылығы, арнайы жұмыс станцияларында көзі нашар көретін азаматтар өздері қызмет етеді. Бұл келушілерге олардың қажеттілігін жақсы түсінетін мамандардан білікті көмек алуға мүмкіндік береді.
Арнайы жұмыс станциялары орнатылған кітапханалар: А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109), №14 көпшілік кітапхана-филиалы (Римский-Корсаков көшесі, 3), №4 көпшілік кітапхана-филиалы (Абай даңғылы, 141), ALATAU CREATIVE HUB (Нұркент шағын ауданы, 5/11), №45 көпшілік кітапхана (Мамыр-7 шағын ауданы, 8 а), Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы (Назарбаев көшесі, 43), Қазақ жазушылары кітапханасы (Алтынсарин көшесі, 37).