Алмат Жайлаубаев


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Psychology


🇰🇿Хьюстондағы «North American University» Қаржы диреторы
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Psychology
Statistics
Posts filter


ӨМІРДЕГІ ЕҢ МЫҚТЫ ЛАЙФХАК:

АЙТПА, ІСТЕ!

Ең мықты мотивация – өз әрекетің. Көп кеңес берудің, көп сөйлеп түсіндірудің қажеті жоқ екен. Өзің істе! Сөзің емес, ісің сөйлесін.


Кітап – ақылдың азығы!

Наурыз айында 3 кітап бітіріп, 4-ші кітапты бастадым. Кітап оқу – тек ақпарат жинау емес, ойды кеңейту, сананы жаңарту, көзқарасты тереңдету.

Әр оқылған кітап – жаңа әлем, жаңа мүмкіндік, жаңа деңгей. Оқуға уақыт тапқан адам, дамуға да жол табады!

📖 Кітап оқып, ойымызды, өзімізді өсірейік!🔥


Астындағы әңгімені бұрыннан білетін едім. Бірақ кеше Нью-Йорктан Хьюстонға ұшып келе жатқанда, сол оқиға басқаша әсер етті, мүлдем басқа қырынан түсінгендей болдым.

Бір ішкіш әкенің екі баласы болады. Бірі ішкілікке салынған, бірі табысты маман атанады.

Балаларынан сұрағанда, ішкіш ұлы: “Әкемнің өмірін көрдім, сол үшін мен де ішем” - деп жауап береді.

Ал екінші табысты ұлы: “Әкемнің өмірін көрдім, сол үшін ондай болмауға тырыстым” - дейді.

Екеуі де бір әкенің баласы. Басындағы жауаптары бір (Әкесін көріп өскен). Бірақ таңдаулары бөлек.

Демек өмірді таңдаулар қалыптастырады. Алла ерік-жігер берді, шешім өз қолымызда!

Сіз қалай түсіндіңіз?


Алматы – бизнес үшін емес, ең алдымен, адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы қала болуы керек.

Сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан бұл шаһарда көпқабатты үйлер халықтың өміріне қауіп төндіруде, экологияны нашарлатып, инфрақұрылымға шамадан тыс жүктеме салуда.

Дұрыс Қала Даму Үлгісі Қандай?

1. Сапалы жоспарлау. Урбанистика мамандарының ғылыми негізделген шешімдері қажет. (Шынайы тәжірибесі бар, мықты мамандар.)

2. Жер жетеді – қаланы кеңейту керек. Алматының айналасында бос жер көп, сондықтан тығыз құрылыс орнына көлденең даму стратегиясын ұстану қажет.

3. Экологиялық тұрақтылық. Ауаның ластануын азайту үшін көпқабатты кешендер емес, жасыл аймақтары бар аз қабатты (2-3 қабатты) тұрғын үйлер салу керек.

Шетелдік Тәжірибе
АҚШ (Хьюстон)қала кеңейіп, негізінен 1-2 қабатты үйлерден тұрады. Бұл көлік қозғалысын тиімді ұйымдастырып, халыққа жайлы өмір сүру ортасын ұсынады.
• Германия (Фрайбург) – аз қабатты экологиялық үйлер, көп жасыл аймақтар.
• Дания (Копенгаген) – адамға ыңғайлы қала: биік ғимараттар аз, жасыл кеңістіктер басым.
• Жапония (Фукуока) – сейсмикаға бейімделген төмен қабатты, қауіпсіз құрылыс.

Алматы үшін ең дұрыс шешім – 2-3 қабатты үйлер, адамдарға жайлы, қауіпсіз және экологиялық таза қала болуы деп ойлаймын. Адамдардың тынысы тарылмай, жағдайы жасалған сайын, бизнес те жақсы жағынан дами түседі!

АҚШ-ты қыдырып жүріп, мамандармен сөйлесіп жүріп, түйген ойым.


“Who Moved My Cheese?” (Спенсер Джонсон) кітабынан қысқаша сабақ 📚

“І
рімшікті” іздеу: Өмірді өзгертетін хикая.

Жолыңдағы өзгерістерге қалай қарайсың? Оларды мүмкіндік деп қабылдайсың ба, әлде кедергі деп ойлайсың ба?

Мен саған бір оқиғаны айтып берейін…

🔹 ІРІМШІК ЖӘНЕ ОНЫ ІЗДЕЙТІНДЕР

Бұрында үлкен лабиринттің ішінде төрт кейіпкер өмір сүріпті:
Sniff (Иіс сезгіш) – тез әрекет ететін, өзгерісті ерте сезетін тышқан.
Scurry (Жүгіруші) – шешімді тез қабылдап, уақыт жоғалтпай алға ұмтылатын тышқан.
Hem (Қарсылық танытушы) – өзгерісті қабылдағысы келмейтін кішкентай адам.
Haw (Ойланушы) – басында күмәнданатын, бірақ соңында тәуекелге бел буатын кішкентай адам.

Олар бір нәрсемен ғана өмір сүріпті – ІРІМШІКПЕН. Ірімшік – олардың бақытын, табысын, жайлылығын білдіретін символ еді.

Уақыт өте келе олар өздеріне керек ірімшікті үлкен қоймадан табады да, соған үйреніп қалады.

Алайда бір күні қоймаға барса…

🔹 “ІРІМШІК ЖОҚ!”

Sniff пен Scurry
алғашқылардың бірі болып бірден түсінеді: Ірімшік енді қайта келмейтінін. Олар көп ойланбай, жаңа ірімшік іздеуге жолға шығады.

Ал Hem мен Haw басқа жолды таңдады.

– “Бұл әділетсіз!” – деп ашуланды Hem. – “Біздің ірімшігімізді біреу ұрлап алды!”

– “Мүмкін… басқа жақтан іздеу керек шығар?” – деп күмәнданды Haw.

Бірақ ол да қорқынышын жеңе алмай, Hem-мен бірге өзгеріске қарсылық білдірді.

Күндер, тіпті апталар өтті. Бірақ ірімшік қайтып келмеді.



🔹 ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ҚАДАМ

Бір күні Haw ойлана бастады:

“Неге мен осында қалып, бос қабырғаға қарап отырмын? Егер мен ертерек жолға шықсам, жаңа ірімшікті әлдеқашан тауып алар едім.”

Ол Hem-ді бірге кетуге шақырды.

– “Жоқ! Мен өз ірімшігімді қайтарып алғым келеді!” – деп қасарысты Hem.

Haw ауыр күрсінді де, жалғыз өзі жолға шығып кетті…

Ол қараңғы лабиринттің ішінде жолға шықты, кейде жолынан жаңылды, кейде қайтып оралғысы келді. Бірақ жүре келе, ол мына нәрсені түсінді:

✅ Өзгеріс
– қорқынышты емес, керісінше, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қорқынышыңды жеңсең, еркіндікке қол жеткізесің.
Неғұрлым ертерек бейімделсең, соғұрлым көп табысқа жетесің.

Ақыры ол жаңа қоймаға жетті. Мұнда…
бұрынғысынан да көп ірімшік бар еді!



🔹 ҚОРЫТЫНДЫ: СЕН ҚАЙСЫСЫСЫҢ?

💭
Өмірдегі “ірімшігің” не? Ол – бизнесің бе, жұмысың ба, қарым-қатынасың ба?

🔎 Егер сен өзгеріске қарсылық білдіріп, өткеніңе жармасып отырсаң, Hem сияқтысың.

🚀 Егер батылдық танытып, жаңа мүмкіндіктерді іздесең, Haw сияқтысың.

🔥 Ал егер өзгерісті ерте байқап, жылдам шешім қабылдайтын болсаң, Sniff немесе Scurry секілдісің!

Қазір өз өміріңде қандай өзгеріс қажет? Немесе өзгеріс болып жатыр, сен қарсыласып жатсың ба? Келесі қадамың қандай болмақ?



📌
Өзгеріс – бұл мүмкіндік!

“Who Moved My Cheese?” (Спенсер Джонсон) кітабынан қысқаша сабақ 📚


Өмірде ештеңе бекер емес. Мүмкін, сіз дәл қазір өзіңіз болуыңыз керек жерде тұрсыз.

Әр күн, әр сәт – Алланың сізге берген мүмкіндігі. Сеніміңізді жоғалтпаңыз, жүрегіңізге құлақ түріңіз.

Ең бастысы – тоқтамай, даму мен кемелдікке ұмтылыңыз!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мына видеодағыдай:

Егер айналаңызда сіз өзгерте алмайтын нәрселер болып жатса, еш алаңдаудың қажеті жоқ.

Бәріміз стрессіз өмір сүруді үйренуіміз керек сияқты 😁


Әлемге танымал инвестор - Уоррен Баффетт «25/5 ережесі» арқылы басты нәрсеге назар аударудың маңызын көрсеткен. Ол өзінің ұшқышына өмірдегі 25 мақсатын жазып, содан кейін ең маңызды 5-еуін ғана қалдырып, қалғанына уақыт жұмсамауды ұсынған. Себебі, назарды шашырату – табыстың ең үлкен жауы.

Ғылыми дәлел:
Америкалық психология қауымдастығының зерттеуіне сәйкес, зейіннің шашырауы өнімділікті 40%-ға дейін төмендетеді. Миымыз бір уақытта тек бір маңызды іске толыққанды назар аудара алады.

🔹 Лайфхак:
Маңызды емес нәрсеге уақытыңызды рәсуә етпеңіз. Спорт, саясат, өсек – бәрі жай ғана әңгіме. Ең бастысы – өз ісіңізді дамыту, масштабтау, табысты арттыру жолында болған дұрыс.

📌 Қарапайым ереже:

1.
Негізгі мақсатыңызды анықтаңыз.

2. Күн сайын тек соған уақыт бөліңіз.

3.
Маңызды емес нәрселерді қысқартыңыз.

Не нәрсеге көп көңіл бөлсеңіз - сол өседі!


Өкініш – өткенге жіберілген хат, бірақ жауабы кешігіп келеді.

Оны өшіре алмаймыз, бірақ жеңе аламыз.
Оны өзгерте алмаймыз, бірақ сабақ аламыз.

Алға қараңыз - болашақ өз қолыңызда.


Кейде ең мықты жауап – үнсіздік.
Үнсіздік - көп нәрсені шешеді, сіздің орныңызға бәрін айтқызып береді.

Бірақ шындық айтылуы тиіс жерде үнсіз қалмаған жөн.
Әйтпесе, тілсіз шайтанға айналуымыз мүмкін.

Демек тепе-теңдікті сақтау маңызды.


🦅Ағылшын тілінде “Walk the talk” деген сөз бар. Мағынасы: “Ісіңіз сөзіңізге сай болсын!” - дегенді білдіреді.

🦅Ертелі-кеш сізді көтеретін қасиет:
Көп сөйлеп, бос уәде бергенше, іспен дәлелдеп, нәтиже көрсеткен абзал!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Уақыт пен энергия бәрібір жұмсалады (Өмір өзен), бірақ олар сізді мақсатыңызға жеткізе ме? Әлде босқа кете ме?

Нәтижеге жетудің жолы – уақыт пен энергияны - Темірдей Тәртіптің (дисциплинаның) сүзгісінен өткізу керек!


“Шындық ащы, бірақ оны түсіну маңызды…”

Әр соғыстың алдыңғы шебінде – қарапайым адамдар құрбан болады. Ал шешім қабылдаушылар әрдайым қауіпсіз жерде.

Өмірдің әр саласында кездеседі бұндай жағдайлар. Біреулер күреседі, ал біреулер үстел басында шешім қабылдайды.

Сондықтан біреудің ойынының құрбаны болмас үшін, әрдайым саналы болыңыз, өз жолыңыз болсын. Таңдау әрдайым өзіңізде!


Рамазан айы құтты болсын!

Бұл қасиетті ай – рухани тазару мен жақсы әдет қалыптастыру уақыты.

Бір ұстаз шәкіртіне кішкентай ағашты жұлуын сұрайды. Шәкірті оңай жұлып алады. Кейін үлкенірек ағашты көрсетеді – оны жұлу қиынырақ болады. Соңында үлкен ағашты көрсеткенде, шәкірт оны қозғалта да алмайды.

Ұстаз шәкіртіне қарап:
— Әдеттер де осындай. Ерте өзгерту оңай, кешіктірсең – қиын болады, - дейді.

Рамазан – жақсы әдеттерді қалыптастыруға таптырмас мүмкіндік айы!

Рамазан айымыз құтты болсын тағы да!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Кешірім сұрау – адамгершіліктің белгісі, бірақ ол бәрін шешпейді. Ең маңыздысы – жақын жандарыңыздың жүрегін жараламай, ренжітпейтіндей әрекет ету керек. Өйткені жара жазылса да, ізі қалады. Сондықтан әр сөз бен әр қадамды ойланып, жараламау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек!


Бастай алмай жүрген ісіңізді қазір қолға алыңыз! Уақыт күтпейді. Бүгін жолға шықсаңыз, жол өзі көрінеді – қалайда жетесіз!


Ашу - дұшпан

Ашулану – адамның ең осал тұсы. Ол ойламай әрекет жасауға итермелейді, маңызды қарым-қатынастарды бұзады, денсаулыққа зиянын тигізеді. Ал ашу-ызаны басқару – табысқа, ақыл-ой кемелдігіне және бақытты өмірге жетудің жолы.

Ашу – адамның жауы

✅ Ғылыми факт:
Ашу кезінде ми кортизол мен адреналин гармонын көптеп бөліп шығарады. Бұл стресс деңгейін арттырып, қан қысымын көтереді де, жүрек-қан тамырларына кері әсер етеді. Жиі ашуланатын адамның инфаркт, инсульт алу қаупі жоғары.

✅ Зерттеу:
Гарвард университетінің зерттеулері көрсеткендей, эмоциясын басқаруды үйренген адамдар мансабында және жеке өмірінде табыстырақ болады.

Ашуға бой алдырғандардың тағдыры:

Ашуға ерік берген адам уақыт өте келе өкінішпен өмір сүреді. Түрмелерде отырғандардың басым бөлігі сол бір сәттік ашуын тыя алмаған адамдар.

⚠ Ойлаңызшы!
❌ Біреудің ауыр сөзін көтере алмай, қол жұмсаған адам 10 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.
❌ Ашуға беріліп бір-біріне жұдырық жұмсап, қастандық жасағандар жер астында жатыр.
❌ Бір сәттік эмоциясына ерік беріп, өз жақындарымен мәңгі қоштасқан қаншама адам бар?!

Ашу – дұшпаныңыз! Ол ешқашан жақсылық әкелмейді.

Ашуды жеңе білген тұлғалардан мысал:

📌
Билл Гейтс жас кезінде тез ашуланғыш болған. Бірақ ол өзін бақылауды үйреніп, эмоцияларын басқаруды дамытты. Бүгінде оның сабырлы мінезі Microsoft-тың ірі жетістіктерінің бірі болып саналады.

📌
Нельсон Мандела ашу ызамен түрмеге түсіп, 27 жыл отырған. Сол кезде ашу-ызасына берілмеуді үйренді. Ол сабырлы болып, өз эмоциясын бақылау арқылы президент болып, халықты біріктіре алды.

Ашуды басқарудың 5 практикалық құралы:

1️⃣
10 секундтық ереже – Ашу келе жатса, бірден 10-ға дейін санаңыз. Бұл эмоцияны басқаруға мүмкіндік береді.

2️⃣ Тыныс алу техникасы – Терең тыныс алып, 5 секунд ұстап, баяу шығарыңыз. Бұл жүйкені тыныштандырады.

3️⃣ Күнделік жүргізу – Ашуланған кезде оны қағазға түсіріңіз. Бұл сіздің эмоцияларыңызды сыртқа шығаруға көмектеседі.

4️⃣ Физикалық белсенділік – Спортпен айналысу стресс пен ашуды азайтады.

5️⃣ Күлімдеу – Айнаға қарап жымиыңыз. Бұл миға “бәрі жақсы” деген белгі береді.

Мотивация: Ашуланбау – ақылды адамның таңдауы.

Өзіңізге сұрақ қойыңыз:
Ашулану мен ренжу - маған не пайда береді?
❓ Ашуланған жағдай 1 жылдан кейін маңызды бола ма?
❓ Егер сабыр сақтасам, не ұтамын?

⚠ Бір сәттік эмоция үшін өміріңізді құртып алмаңыз! Ашуды басқару – әлсіздік емес, керісінше, даналықтың белгісі.

«Ашу - дұшпан, ақыл - дос, Ақылыңа ақыл қос!».

«Аюды женген батыр емес, ашуын женген батыр».

«Ашу - боран секілді. Біраз
уақыттан кейін басылады.
Бірақ, оған дейін көп
бұтақты сындырып
үлгереді».

Ашуланғыш жақыныңызға жіберіңіз.

Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын!


Мақсатқа жету – ұшақтың ұшуы сияқты!

Көп адам жылдам жетістікке жетемін, бірден табысқа кенелемін деп ойлайды. Бірақ шынында өмірде олай болмай жатады. Кез келген үлкен жетістікке жету үшін, алдымен үлкен күш салу керек.

Тура ұшақтың ұшу процесі сияқты, адамның да табысқа жету жолы белгілі бір кезеңдерден тұрады:

✈️ 1. Ұшу (40% энергия)
Ұшақ әуеге көтерілу үшін ең көп жанармайын осы кезеңде жұмсайды. Ауа кедергісін жеңіп, жоғары көтерілу үшін барынша күш қажет.

➡️ Өмірде де дәл солай. Бизнес бастау, мансап құру, жаңа білім алу – бәрі алғашқы кезде ең көп күш пен уақытты талап етеді. Көп адам дәл осы жерде шаршап, орта жолда тастап кетеді.

✈️ 2. Крейсерлік ұшу (50% энергия)
Ұшақ қажетті биіктікке жеткен соң, қозғалысы тұрақталады, бірақ ол әлі де жанармай жұмсап, алға қарай ұшады.

➡️ Мақсатқа жету жолында да дәл солай. Алғашқы қиындықтарды жеңгеннен кейін, еңбек етуді жалғастыру керек. Тұрақты жұмыс, тәжірибе жинау, дамуды тоқтатпау – жетістікке апаратын негізгі жол.

✈️ 3. Қордағы жанармай (10% энергия)
Кез келген ұшақ межелі жеріне жету үшін 10% жанармайын резервте ұстайды. Бұл – күтпеген жағдайларға, бағытын өзгертуге немесе қауіпсіздікке қажет ресурс.

➡️ Өмірде де бұл қағида маңызды. Жоспарлар әрқашан өзгеруі мүмкін, жаңа мүмкіндіктер ашылуы мүмкін. Сондықтан әрдайым энергияңыздың, қаржыңыздың немесе уақытыңыздың 10%-ын күтпеген жағдайларға сақтаңыз.

Қорытынды:

Бірден табысқа жетемін деп ойлау – қате. Ұшақ сияқты алдымен бар күшіңізді салып көтерілуіңіз керек.
Содан кейін жүйелі түрде еңбектеніп, алға жылжу қажет.
Ақырында өзгерістерге дайын болып, резерв ресурсты дұрыс пайдалану маңызды.

Табысқа жету – тез ұшу емес, дұрыс бағытта тұрақты қозғалу!


Жаман әдеттен қалай құтылуға болады?

Пендеміз ғой, бәрімізде зиянды әдеттер бар болар?! Біреу тәтті көп жесе, біреуі уақытын босқа өткізіп жатады. Мұндай әдеттерден арылу үшін әуелі олардың түп-тамырын түсіну қажет. Қайдан пайда болды?

1. Себебін анықтаңыз.

Жаман әдеттің артында әрдайым белгілі бір себеп жатады. Мысалы, біреу күйзеліс кезінде шылым шегуді әдетке айналдыруы мүмкін. Ал екіншісі жалқаулықтан телефонға тәуелді болып кетеді. Өз әдетіңіздің қайдан пайда болғанын түсінсеңіз, оны жеңу әлдеқайда оңай болары сөзсіз.

2. Оны пайдалы іспен алмастырыңыз.

Әдетті жай ғана тастау қиын. Оның орнын толтыратын пайдалы әрекет табу керек. Мысалы, егер стресс кезінде шылым шегетін болсаңыз, оны спортпен немесе пайдалы хоббимен алмастырыңыз. Жүгіру, жүру, жүзу, тауға шығу сияқты әдістер жүйкеңізді тыныштандырып, денсаулығыңызды жақсартады.

3. Табандылық танытыңыз.

Кез келген өзгеріс уақыт пен күш-жігерді талап етеді.
Алғашқы күндері қиындау болуы мүмкін, бірақ ең бастысы – тоқтап қалмау керек. Қайталау білімнің анасы демекші, жаңа әдетті күн сайын мойымай қайталаған жөн. Уақыт өте келе, пайдалы дағдылар өміріңіздің бір бөлігіне айналады.

Мысалы, бір адам тәттіге немесе фастфудқа құмар болып, күн сайын кешке зиянды тағамдар жесе, оның орнын жеміс-жидекпен алмастыруға болады. Ал бос уақытын телефонда өткізіп үйренген адам, оны кітап оқумен немесе жаңа дағды үйренумен алмастыра алады.

Жаман әдеттерден арылу – өзіңізге жасаған ең үлкен инвестицияңыз. Қайтарымын қалайда көресіз. Бастысы, кішкентай қадамдармен болса да, алға жылжуды жалғастыру керек.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!


Бір істі бастап, тастап кете беруден құтылудың жолы.

Көп жағдайда бір істі бастағанда, бар күшімізді салып, жігерлене кірісеміз. Бірақ уақыт өте келе сол бастапқы қарқын бәсеңдеп, күш-қуатымыз сарқылғандай сезіле бастайды. Бастаған ісімізді аяқсыз қалдыруға тура келеді.

Алайда шын жетістік – бір сәттік серпілісте емес, тұрақты әрі үздіксіз әрекетте. Су тасқыны емес, тамшының үздіксіз тамып, тасты тесетіні сияқты, аз да болса, тұрақты әрі жүйелі қадамдар ғана үлкен нәтижеге жеткізеді.

Сүйікті Пайғамбарымыз (Саллаллаһу әлейһи уә сәлләм)
“Аллаға ең сүйікті амал – аз болса да үздіксіз орындалғаны” – деп, кез келген істі жүйелі, тұрақты түрде атқарудың маңыздылығын атап өткен.

Бұл қағида өмірдің барлық саласында маңызды. Мысалы:

🔹 Білім. Күніне 10 бет кітап оқысаңыз, бір жылда бірнеше кітапты бітіресіз.

🔹 Денсаулық. Спортзалға бір ай барып, сосын тастап кеткеннен гөрі, күн сайын 15 минут жаттығу жасаған әлдеқайда пайдалы.

🔹 Қайырымдылық. Бір рет көп ақша беріп, кейін көмектеспегеннен гөрі, ай сайын аз мөлшерде болса да тұрақты түрде қайырымдылық жасау – әлдеқайда тиімді.

Маңыздысы – ісіңіздің көлемі емес, оның тұрақтылығы. Өмірде үлкен жетістіктерге жеткен адамдардың бәрі осы қағиданы ұстанған.

Ендеше, өзімізге пайдалы әрі ізгі амалдарды аз болса да үздіксіз жасауды әдетке айналдырған жөн.

20 last posts shown.