ALYPSOQ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Сіз бұл арнадан қазақ жауынгерлерімен қатар басқа да UFC жауынгерлері туралы жаңалықтарды қазақша оқитын боласыз!
Бізбен бол!
Instagram: https://www.instagram.com/alyp.soq/
Youtube: https://www.youtube.com/@alypsoqnews
Жарнама жасау бойынша: @bzhumazhan

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


UFC-де енді екі титулды қатар иеленіп жүруге болмайды...

Бұл туралы интернетте ақпараттар көп айтылуда. Илия Топурияның белбеуін тастап кеткенін ескеретін болсақ, бұл шындыққа жанасады. Өйткені, жақында ғана бос белбеу үшін айқасқан Диего Лопес бұл сөзді растап отыр.
«Егер жоғары салмаққа өткің келсе, белбеуіңнен бас тартуға тура келеді. UFC бұл туралы барлық чемпиондарға ескертті.»


Соның себебінен де Ислам Махачев екі оттың ортасында қалған секілді...Ол енді Біләл vs Маддалена айқасының жеңімпазын күтеді. Егер Маддалена жеңетін болса, белбеуін тастап жартылай орта салмақтың белбеуіне таласатын болады. Ал Біләл жеңсе, амал жоқ Топуриямен төбелеседі.

Менің ойымша Ислам Махачевке кім жеңімпаз болатыны маңызды емес секілді. Оның ендігі айқасы жартылай орта салмақта болмақ...

Себебі, Илия Топуриямен айқас оған ештеңе бермейді, дивизионды "түгел дерлік" тазалады. Оған жаңа мақсат керек. Ол әрине ЖАҢА БЕЛБЕУ...ЖАҢА ҚАНДАР

Ал сіз қалай ойлайсыз?


😱Ислам не Топуриямен төбелеседі, немесе белбеуін тастайды....

«Әңгіменің түбі сол Ислам Махачевтің белбеуін Топурияға қарсы қорғайтынын көрсетіп тұр. Әйтпесе, ол белбеуден бас тартуға мәжбүр болады, сосын [Топурия] Оливейрамен титул үшін жекпе-жек өткізе алады.» 👀👀


(via. @KOlmeneroMMA)

Өз ойыңызды жаза кетіңіз...🖋


Иэн Мачадо Гэрри Шавкат Рахмоновқа жеңілдім деп санамайды:
«Ол кеште менің қолымды көтермегенін мойындау менің эгом үшін қиын. Мен бұл жекпе-жекте жеңілдім деп әлі де ойламаймын. Рахмонов жекпе-жек аяқталғанына қуанғаннан ауаны әрең жұтып тұрды. Ал мен болсам, әрі қарай жалғастыруға дайын едім»

Иен Гарридің сөзіне келісесіз бе?


Соңғы посттарға реакция аямаймыз, достар!! Біз содан шабыт аламыз!!🔥


Иан Гарри Ислам Махачевтің 77 келі салмаққа өтуі туралы:

«Егер ол жартылай орта салмаққа көтеріліп, салмақ түсірмейтін болса – бүкіл дивизион үшін нағыз апат болады деп ойлаймын…

Мен онымен күш сынасып көргім келеді.» 🤝


Иан Гарри Карлос Пратеске жауап берді 👀🍿

«26 сәуір күні мен сені сындырамын, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаймын, және бүкіл әлемге сенің нағыз файтер емес екеніңді көрсетемін. Мен төбелесу үшін туылғанмын. Мен соны жасаймын. Ал сен бейбақсың...» 😳


Бұл жекпе-жек жайлы не айтасыз?


Карлос Пратес:
"Мен UFC-де 2 рет басты кардта төбелестім. 4 бонусым бар. Мен жігіттерді нокаутқа жібергем. Бірақ, Иен Гарри ше? UFC-де жүргеніне 4 жыл болды. Тек бір бонус алды, қалғандары түгел төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен. Басты кардта төбелесіп көрмеген..."


Бұл жігіттер туралы ақпаратты кешке шығарамын...

Әзірге топтың бір мүшесі Карлос Пратес туралы әңгіме қозғаймыз. Еске сала кетейік, осы аптының соңында Карлос ирландиялық атлет Иен Мачадо Гарримен тартысқа түседі.

Карлос Пратес(21-6-0) дәл UFC-де 4-0 рекордпен келе жатыр. 4 жекпе-жекте де нокаутпен аяқталған. Енді, ол ақылына көркі сай Иен Мачадо Гарримен жұдырықтаспақ.

Қалай ойлайсыздар екі соққыр жігіттер бір октагонда түйіскенде кім бәсі жоғары болады?


Бұл жігіттерді танитындар бар ма? Қандай топ?


Мовсар Евлоев UFC-дің оны титулдан «алыста ұстауға» тырысып жатқанын айтып өз назын білдірді 😬

«Менің түсінуімше, UFC мені титулға жақын ешнәрсеге жолатпауға тырысып жатыр. Мен UFC 314 турнирінде болдым. Жекпе-жектен кейін UFC өкілдерімен сөйлесуге мүмкіндік болған, бірақ олар бұны қаламады.

Іс-шара біткен соң, біз дәліз арқылы шығып бара жаттық. Волкановски менің қасымда, жанкүйерлермен және қызметкерлермен сөйлесіп тұрды... Мен оған барып, жеңісімен құттықтағым келді, бірақ қауіпсіздік қызметі мені жібермей, кері жаққа алып кетті. Бұл UFC-дің келесі титулдық жекпе-жекте кімді көргісі келетінін көрсетіп тұр...

Олардың көзқарасы бойынша, мен титулға лайық емеспін. Маған өзімді дәлелдеуге мүмкіндік беріңіздер. Егер әлемдегі ең үздік ұйымдағы 9 жеңіс жеткіліксіз болса, мен тағы 9 рет жекпе-жек өткізуге дайынмын.»


Осы чат жазу алаңына барлығыңызды тіркелуге шақырамын!
https://t.me/+I0SEikXqagZkMGE6


Мыңға жуық оқырманы бар, чат жазу алаңы банға кетіп қалды...Сол чатта қайта құруды қалаймыз! Сіздер де соған себепші болыңыздар! Достарыңызды шақырыңыздар!


Құрметті оқырмандар!

Сіздерге бір өтінішім бар!

Соңғы уақытта парақшаға пост салуға деген мотивациямыз сәл төмендеп кетті. Өздеріңіз де байқап жүрген боларсыздар… Тың жаңалықтарды қазақ тілінде ұсынуға мүмкіндік болмағаны үшін шын жүректен кешірім сұраймыз.

Енді сіздерден өтініш — белсенді болуларыңызды сұраймыз! Пікір қалдырып, лайк басып, реакция білдіріп қолдау көрсетсеңіздер, біз де шабыттанып, жұмысымызды жаңаша серпінмен жалғастырамыз!

1.5k 0 0 11 123

Илия Топурия жеңіл салмақтың титулы үшін төбелеспекші...Қарсыласы Чарльз Оливейра болмақ!

Бұл дегеніміз Ислам Махачев те, Илия Топурия секілді белбеуін тастап кетеді деген сөзғой?! Яғни, Ислам жартылай орта салмақты белбеуін алуға нық бел байлады.

Исламға кім чемпион болатыны маңызды емес секілді. Маддалена ма, Біләл ма бәрібір.

Ал Шавкат бәрі төбелесіп болғасын, асықпай шығатын болады...

Ал сіз қалай ойлайсыз?


Ауған спортшысы Ахмад Сахаил Хассанзада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сакраменто қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты “азғындық әрекеттер” жасады деген күдікпен тұтқындалды. Ол 2025 жылғы 27 сәуірде Канзаста өтетін UFC on ESPN 66 турнирінде дебюттік жекпе-жегін өткізуі тиіс болатын, алайда бұл жоспар орындалмай қалды.

Ол 400 000 АҚШ доллары көлемінде кепілмен босатылуы мүмкін, бірақ қазіргі уақытта қамауда отыр.
• Сот процесі: Келесі сот отырысы сейсенбі күні өтеді.

Хассанзада “Лев ринга” деген лақап атпен танымал және UFC-ге дейінгі мансабында бірнеше жекпе-жек өткізген. Алайда бұл қылмыстық іс оның спорттық мансабына ауыр соққы болып отыр.

Бұл жағдай UFC және ММА қауымдастығы арасында үлкен резонанс тудырды, себебі мұндай ауыр айыптаулар спортшылардың беделіне және ұйымның имиджіне кері әсер етеді.

🖋️Пікіріңізді жаза кетіңіз?


Кім жеңеді деп ойлайсыз?


Наби Набиев жауап беріпті...😁🔜


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Че там!? Сиқыр ма, родной?☠️



6.7k 0 0 54 101

Чемпиондық жекпе-жекке Саят Абдрахманов шығара алмайды Али Абдиельазиз шығарады.Саят тек тілмаш сияқты -деген Мосав Евлоев Аорон Пико мен шығады

Мовсар Евлоев келесі жекпе-жегін 17 мамыр күні өтетін #UFCVegas106 турнирінде өткізеді! Оның қарсыласы – Bellator мен PFL-дің бұрынғы жауынгері Аарон Пико болады!

Мовсар Евлоевтің командасына жақын дереккөздер бұл ақпаратты растады!

20 last posts shown.