Жаратушы ием кез келген пендесіне бір рет болса да, басына бақ қондырады екен. Аз ба, көп пе, үлкен бе, кіші ме - қалайда бақ қонады, бұл сын екен. Сол басыңа қонған бақты көтере аласың ба? Асып-тасып,тәубеңді ұмытып, болғанның үстіне болсын деп ашкөзденесің бе, әлде шамалы бақтың өзіне шүкіршілік етіп, қанағатты боласың ба - оның бәрі адамның санасына байланысты. Бақты баянды ету өз қолыңда. Бақтың құс секілді ұшуы да, қонуы да оңай.
З. Ахметова
З. Ахметова