🇸🇦Араб тілі - Құран тілі


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


꧁꧂ بسم الله الرحمن الرحيم ꧁꧂
Каналда:
араб~қазақша сөздіктер,
қысқа әңгімелер аудармасымен,
пайдалы кеңестер,
араб тіліне байланысты ережелер,сарф-наху,мк дәрістері және викторина таба аласыз🌿
👐هيا بنا
https://t.me/arab_tili_kazaksha

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter






Бірде Ибн Омарға رضي الله عنه бір шөл арабы келіп:
«Сен Ибн Омарсың ба? — деп сұрады ол. Ол «Иә» деді. Сахаралық: "Әкенің бауыры мұраға ие бола ма?" — деп сұрады. Ол: «Білмеймін, Мәдинадағы ғалымдардан сұрап көр», – деді.

Әлгі шыққанда, Ибн Омар өзінің қолын сүйіп: «Әбу Абдуррохман,(яғни өзі) ол білмейтін нәрсе туралы сұрағанда, білмеймін деп жауап беріп қандай жақсылық жасады, ә!» - деді.

🪷Білімсіз Аллаһтың атынан сөйлеп, құрып кетуден аман қалғанда оның қаншалықты бақытты болғанын сезгендеймін.




Forward from: Сүннет Ғалымдары ©
Омар ибн әл-Хаттаб былай деген:

«Араб еместердің (кәпірлердің) сөзін үйренбеңдер және мүшріктердің мейрам күні шіркеулеріне кірмеңдер, өйткені ол күні оларға Алланың қаһары түседі».

📚 Әл-Бәйһақи (234/9) риуаят еткен.


🗂•Telegram: https://t.me/sunnet_galymdary
🗂• Instagram: https://instagram.com/sunnet_galymdary




Forward from: 🇸🇦Араб тілі - Құран тілі
بِسْــــــــــمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحيِـــــــــم

       📚"БАЙНА ЙАДАЙК 1-ТОМ"
العربية بين يديك ١  кітабы бойынша
12жастан жоғары қыз-келіншектерге арналған топ
 



🎓Сабақ өтуші: Umm Muhammad

📜Курсқа сипаттама:
📙араб тілін практика жүзінде оқыту,көбірек сөйлеп үйрену
🗣Түрлі тақырыпта қызықты диалогтар
✍Әр түрлі жаттығулар
📃+Грамматика
🗞Басқа да қосымша мәліметтер

1⃣0⃣ ОРЫН БАР‼️‼️‼️

⏰Топпен келісіледі

💳   6000₸/8сабақ

Жазылу үшін жазыңыз✍
🌹
@umm_rumaisa 🌹

Топқа сілтеме ⤵️⤵️⤵️
https://t.me/+7brMWVmgWfY1ZGEy




1. لَمْ يُعْجِبْنِي الطَّعَامُ فِي هَذَا المَطْعَمِ.
— Маған бұл мейрамхананың тамағы ұнамады.

2. أَعْجَبَتْنِي الفِكْرَةُ الَّتِي قَدَّمْتَهَا.
— Маған сен ұсынған пікір ұнады.

3. لَمْ يُعْجِبْهَا الفِيلْمُ الَّذِي شَاهَدَتْهُ.
— Оған өзі көрген фильм ұнамады.

4. أَعْجَبَهُمُ العَرْضُ فِي الحَفْلِ.
Оларға мерекедегі қойылым ұнады.

5. لَمْ يُعْجِبْنَا الأَدَاءُ فِي المَسْرَحِيَّةِ.
— Бізге спектакльдегі ойын ұнамады.

6. هل أَعْجَبَتْكَ السَّيَّارَةُ الجَدِيدَةُ؟
— Саған жаңа көлік ұнады ма?

7. لَمْ يُعْجِبْهُ الطَّقْسُ فِي تِلْكَ المِنْطَقَةِ.
— Оған ол аймақтағы ауа райы ұнамады.

8. أَعْجَبَتْهُمُ المَلابِسُ فِي المَتْجَرِ.
— Оларға дүкендегі киімдер ұнады.

9. لَمْ يُعْجِبْنِي سُلُوكُ الطِّفْلِ فِي المَدْرَسَةِ.
— Маған мектептегі баланың жүріс-тұрысы ұнамады.

10. أَعْجَبَتْنَا الرِّحْلَةُ إِلَى الجَبَلِ.
— Бізге тауға саяхаттау ұнады.






Video is unavailable for watching
Show in Telegram
••أحسن الظن بأخيك••


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
خير الناس انفعهم للناس


✍Үй тапсырмасын орындау маңызды ма?

🇸🇦Араб тілін білу әр мұсылманға парыз екенін білеміз.
👆🏾Қажеттілік емес, міндеттелген парыз. Бұл міндет. Кейбіреулер бұл ойды қаншалықты теріске шығарса да, иә, араб тілін білу мұсылман үшін парыз.

Ал осы араб тілін оқып үйренуде үй тапсырмасын орындау үшін тәртіп қажет. Басқа нәрсемен айналысқыңыз келеді, демалғыңыз келеді, кейін үй тапсырмасын орындауға уақыт болады деп ойлайсыз.

Бірақ сіз көзіңізді ашып жұмғанша, сабақ уақыты кеп қалады да сіз ештеңе түсініп үлгермейсіз.Осының себебінен мұғалімнен ұялып, сабаққа кірмейсіз.
Иә, бұл уақытта да тәртіп жұмыс жасайды. Ұялғаннан амал жоқ сабаққа кірсеңіз, мұғалімнен ұрыс есітесіз,сіз қаламасаңыз да кіргеніңізбен қатеңізді мойындадыңыз ғой,енді оны қайталамайсыз.

Тәртіп біздің өміріміздің барлық саласында жұмыс істейді,әрине сіз өз нәпсіңізді жеңе білсеңіз.

Мұғалімнен бірдеңе сұрауға ұялған кезде,тағы да сол баяғы тәртіп басталады және сіз бұл адамның алдына ол сізге білмегеніңізді түсіндіру үшін келгеніңізді түсінесіз. Ал мұғалім сұрақтарға уақыт бергенде, сұраңыз. Ұялмаңыз. Әйтпесе оның алдына неге келдіңіз? Білу үшін емес пе???




تَزَايُدُ الْأَمْوَاجِ يُشِيرُ إِلَى اقْتِرَابِ الْعَاصِفَةِ.

Толқындардың күшеюі дауылдың жақын қалғанын көрсетеді.


وَجَدْتُ صَدِيقًا قَدِيمًا بِطَرِيقَةٍ صُدَفِيَّةٍ.

Кездейсоқ ескі досымды тауып алдым (кездестірдім).




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📹 ١. الرحيق المختوم - من ٢١ إلى ٣٣ص - (موقع العرب وأقوامها) الأستاذ مجدي السعيد



20 last posts shown.