ағайым қайтқалы жыл өтіпті. шын дүниесі, бақи мекені пейіш, арты кеніш болғай жарықтық ағайымның.
“өкіл баламсың” деуші еді жымиып. ғылымдағы әкем, кафедрамыздың дуалы ауыз ақсақалы, қазақ тіл білімінің жоғын түгендеп, тарихи грамматикада соны соқпақ, тың тұжырым, іргелі теориялық әдістеме ұсына алған санаулы ғалым еді…
ағайым көңілшек, кісіге қылдай қиянаты жоқ көгершін кісі еді…”таңдауым саған түсіп отыр. тақырып берсем, қорғай аласың ба?” дегені есте. ағайды өзімше бір аптадай күттіріп барып, алдына барып, батасын алып едім. баламысың деген…үйіне талай қонақ қылды. соңғы уақта практикалық сабақтарын жүргіздім. жүзі жылы, сөйлесе сойып, ойласа ойып түсетіндей санасы сергек, шын ғалым еді…
ағайым бақытты ұстаз, ақ жолдан айнымаған ұлағатты кісі еді…қарыздармыз! сағынамыз.
сабағын дұға-зікірмен бастайтын. аузынан Алласы түспеді.
p.s.: мына видеода “жиырма жылда жолыққан, ілімімді жалғастырар жалғыз шәкіртім” деп отырғаны мен едім. тілдің пайда болуы, дыбыстар тарихына қатысты (неотип, архетип, прототип” диссертация жаздырды.
қола кілтін аманаты еткендей болды…
осы сұқбатынан-ақ ағайымның ақсақалға тән алымды ақылын, бекзат болмыс, терең пайымын аңғарасыз.