АТ Production


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Бізді қаржылай қолдау үшін
+77471809165 Темірлан Қ
Біздің әлеуметтік желілер🌐
https://taplink.cc/atproductionkz
Біздің дыбыстамада шыққан жобалар🎙️
👹Тозақ Жұмағы — 13/13
🏴‍☠️Уан Пис — 8/8
⛩️Сиқырлы Шайқас 2 — 23/23
🏴‍☠️Кариб Теңізінің Қарақшылары 1

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Безлимитный интернет от 1 тенге с activ

Переходи в activ за 1 тенге 📱

Тариф "Безлимит":
✅ Безлимитный и быстрый 5G интернет.
📞 Безлимитные звонки внутри activ/Kcell
📱 200 минут на других операторов

Попробовать

#реклама
activ.kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Комик Коннан тағы бір көрініс


Таз Скайлер (Санджи) автограф сессия да


Бүгін сағат 11:00 де ComicCon Астанада AT Production мастер класс өткізетін болады! Егер көрермендеріміздің арасында комикконда жүргендер бар болса, бәрін күтеміз!🔥


Уан Пис 2-маусым 5-бөлім жабық арнамызда шықты!

Кіріп тамашалаңыз😁


5 бөлімнің соңғы рендері😮‍💨🫩

Бүгін жабық арнамызда шығады


Сәлем, достар! 🏴‍☠️

Бізде жақсы жаңалық бар. «One Piece» лайв-экшн сериалында Луффидің рөлін сомдаған актер Иньяки Годой Астанада өтетін Comic Con-ға келеді.

Ал сіздер ше, кім Comic Con-ға барайын деп жатыр? Билет алып үлгердіңіздер ме? Пікірде бөлісіңіздер 👇

#мағлұмАТ #ATProduction #ComicConAstana #OnePiece #Luffy #InakiGodoy


Уан Пис: Гранд-Лайнға Cаяхат
4-бөлім | Кіші Бақтағы дүрбелең

Бөлімді көру үшін біздің жабық арнамызға өтіңдер


Сәлем достар! 🏴‍☠️

Төртінші бөлімді 3 апта бойы шығара алмай, сіздерді күттіріп қойғанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймыз! Уәде беріп, орындай алмағанымыз үшін сіздердің реніштеріңіз өте орынды. Барлығын қарапайым әрі қысқаша түсіндіре кетейік, неліктен бұлай болды:

1) Монтаждағы мәселе: 4-ші бөлімді жинау барысында, соңғы 10 минутта Усопптың дауысы жазылмай қалғаны белгілі болды. Бұл бөлікті қайта жазу керек болды.

2) Байланыстың үзілуі: Мәселені шешу үшін актерге хабарластық, бірақ ол мүлдем жауап бермеді. Біз амалсыздан Усопптың рөліне басқа адам іздеп, рекаст жасауға да дайындала бастадық.

3) Күтпеген жағдай: Жақында ғана актер өзі байланысқа шықты. Сөйтсек, оны военкомат ұстап, әскерге алып кете жаздапты! Ол сонымен алысып жүріп, ешкімге жауап бере алмаған екен.

Қазір жағдай қандай?
Уайымдамаңыздар, мәселе шешілді. Актер дәл қазір жетіспей тұрған дыбыстаманы жазып жатыр. Бүгін бізге дайын материалды жіберуі тиіс. Файлдар қолымызға тие сала, 4-ші бөлімді бірден арнаға жүктейміз!

Жағдайды түсініп, осынша уақыт сабырлық танытқандарыңызға үлкен рақмет! Біз жұмысты тоқтатқан жоқпыз, бәрі бақылауда. 🎙️🔥


Сәлем, достар! 👋

Арнамызда жаңа бөлімдер шықпағанына екі-үш аптадай уақыт болып қалды. Үнсіз кеткенім үшін кешірім сұраймын, бұл үзілістің өзіндік себептері болды.

Біріншіден, мен университетті қызыл дипломға бітірдім! 🎓. Одан бөлек, осы уақытта кейбір жеке мәселелерім қатар келіп қалды. Сондай-ақ, дыбыстама (озвучка) жасайтын адам материалды кешіктіріп, оны да ұзақ күтуге тура келді.

Бірақ, жақсы жаңалық бар — төртінші бөлім дерлік дайын! 🎬 Қазір соңғы монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұйырса, серияны бүгін немесе ертең арнамызға жүктейміз.

Уайымдамаңыздар, біз берген уәдемізде тұрамыз және бастаған ісімізді міндетті түрде жалғастырамыз. Түсіністік танытып, күткендеріңіз үшін баршаңызға үлкен рақмет! 🫶


Достар бот қайттан іске қосты. Жабық арнаға жазылым алу үшін ботқа кіресіңдер. @atpoductionbot


Достар бәріне сәлем!
Қазір боттың сервері жұмыс істемей жатыр, оның жөндеуіне бүгін қолым тимейді. Егер жабық арнаға төлеген бірақ әлі кірмеген адамдар болса маған хабарласындар @Temir_q


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Біздің #мағлұмАТ жаңалықтар блогы қайта оралды! 🕷

Sony Pictures «Өрмекші-адам 4: Жап-жаңа күн» фильмінің ресми трейлерін жариялап, билеттердің алдын ала сатылымға шыққанын хабарлады!

Қазақстанда бұл хикая 6 тамызда үлкен экрандарға шығады. Ал билеттерді бүгіннен бастап сатып алуға болады! 🍿🎬

#мағлұмАТ #Өрмекшіадам #кино


👀

Жаңа бөлімдерді осы сілтеме арқылы көруге болады


Дайын болындар!
Бүгін жабық арнамызда 3-бөлім шығатын болады!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
2-бөлімнен үзінді!
Уан Пистағы ұлы "Бинкс Шарабы" әннің аудармасына баға беріңіз


Эххх😂🥲🥲...


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Сәлем, достар 🏴‍☠️ Жақсы жаңалығым бар!
Дипломды сәтті қорғап шықтым, нәтиже — 96 балл! 🥳 Сәттілік тілеп, қолдап жазғандарыңызға үлкен рақмет, маған кәдімгідей күш берді!
Ал енді уәде еткендей, оқуды сәтті аяқтап, бірден 3-бөлімнің монтажына отырдым. 🔥 Толықтай осыған кірісіп кеттім, тездетіп дайын етуге барымды саламын.
Күткендеріңізге рақмет, жақында керемет сериямен қуантамын! Байланыста болыңыздар 🎬❤️


Сәлем, достар! 👋 Бұл сіздердің монтажерларыңыз әрі Луффидің даусы — Темірлан! 🏴‍☠️
Сіздердің 3-бөлімді асыға күтіп жүргендеріңізді білемін. Осы жақын күндері менде маңызды күн — диплом қорғау (защита) болайын деп жатыр. Қазір барлық уақытым мен күшім соған кетіп жатқандықтан, 3-бөлімнің монтажына сәл уақыт жетпей қалды. 🎓
Бірақ уайымдамаңыздар! Дипломды аман-есен қорғап шыққан бойда, бірден монтажға отырамын да, серияны сіздерге тездетіп жүктеймін. 🔥
Пікірде маған сәттілік тілеп кетіңіздерші, қазір сіздердің қолдауларыңыз маған кәдімгідей күш береді! ✊ Күткендеріңізге үлкен рақмет, жақында керемет бөлімдермен ораламын! ❤️

20 last posts shown.