📌Әлихан Смайылов NU-да жүргізілген аудиттің негізгі қорытындыларына тоқталды
ҚР Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ-қа арналған брифингте ҚР Жоғары аудиторлык палатасының төрағасы Әлихан Смайылов NU-да жүргізілген мемлекеттік аудиттің негізгі қорытындыларын айтып өтті.
Аудиторлық іс-шара барысында бірқатар бұзушылықтар мен проблемалық мәселелер анықталған. Атап айтқанда, ерекше мәртебесіне, дербестігіне, қолдау шаралары және салықтық жеңілдіктерге қарамастан ЖОО бюджет қаражатына әлі де тәуелді, ал меншікті кіріс көздері жеткіліксіз.
Қолданыстағы заңнама Университетті қаржылық есептілік ұсынуға міндеттемейді. Бұл Университет қызметінің бақылаусыз болуына әрі ашық жүргізілмеуіне жағдай жасайды.
Сондай-ақ ЖОО-да ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруда жүйелілік жоқ. Бұл функциялардың қайталануына және олардың кейбіреулерінің қызметін тоқтата тұруға әкеп соғады.
Сонымен қатар NU-да ғылыми қызметті коммерцияландыру деңгейі жеткіліксіз. Бұл оның ғылыми-зерттеу орталығы ретіндегі әлеуетін тежейді.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы барлық анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар жиналғанын атап өтті. Оларды жою бойынша тапсырмалар мен нұсқамалар берілді. Бұл жұмыс толық аяқталғанға дейін бақылауда болады.
🚀 @auditpalatasy

«Соңғы 2 жыл ішіндегі ЖОО-ның барлық түсімдерінің 97%-ы бюджет қаражаты болып отыр», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Қолданыстағы заңнама Университетті қаржылық есептілік ұсынуға міндеттемейді. Бұл Университет қызметінің бақылаусыз болуына әрі ашық жүргізілмеуіне жағдай жасайды.
«Бұл көбіне тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылатын қаражат пен активтерді басқарудағы елеулі кемшіліктерге әкеледі», — деп атап өтті Жоғары аудиторлык палата төрағасы.
Сондай-ақ ЖОО-да ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруда жүйелілік жоқ. Бұл функциялардың қайталануына және олардың кейбіреулерінің қызметін тоқтата тұруға әкеп соғады.
«ЖОО-ның стратегиялық әріптестерінің басым бөлігі осы тізбеге бір ғана негізгі мақсатпен, яғни конкурстық рәсімдерді өткізбей, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу үшін ғана енгізілген компаниялар тобына тиесілі», — деп атап өттіӘлихан Смайылов.