❗️Бақылаудан тыс қалмайды
📌Аудиторлық іс-шараның негізгі элементтерінің бірі – нұсқамалар. Дәл осы құжат анықталған бұзушылықтарды оларды жою бойынша нақты тапсырмалармен байланыстыра отырып көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл құжатта тапсырмалардың орындалу мерзімі және жауапты ведомстволар көрсетіледі.
Биыл орындалған Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының кейбіріне тоқталсақ:
⚡️ ТМККК және МӘМС үшін әкелінетін медициналық техниканың бағасын бақылау күшейтілді. Атап айтқанда, енді жеткізушілер техниканың кедендік құнын растайтын құжаттарды ұсынуы керек;
📊 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру механизміне маңызды өзгерістер енгізіліп, жеткізушілерге несие берудің жаңа талаптары мен міндеттемелері қабылданды;
💊 шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмек ресімдеу мүмкін болмауы үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі жетілдірілді;
⚡️ «ҚазМұнайГаз» активтерінің өткізілуіне бақылау күшейтілді. Бәсекелес ортаға берілетін заңды тұлға қызметінің бейінін, жұмысшылардың жалпы санын, олардың жалақы деңгейін сақтау сияқты және басқа да талаптар көзделеді;
⚡️ ұлттық табиғи парктерде 139 туристік маршрут пен 49 соқпақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұған автотұрақтарды, шатырлы лагерь алаңдарын, дәретханаларды, қоқыс жәшіктерін және белгілерді орнату кіреді;
⚡️ мүгедектікті белгілеу бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі жеңілдетілді. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелері арасында техникалық интеграция жолға қойылды. Бұл қажетті құжаттар мен зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қағаз нұсқаларын сканерлемей-ақ цифрлық форматта беруге мүмкіндік берді;
⚡️ Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын өзгерту және тұтынушылар топтары арасындағы тарифтер айырмашылығын кезең кезеңімен қысқарту есебінен табиғи монополиялар субъектілерін жасырын субсидиялау мүмкіндігі алынып тасталды;
🏗️ Жезқазғанда 427 млн теңге көлеміндегі бітпей қалған құрылыс жұмыстары орындалды. Бұл тұрғын үйлерге, жылу желілеріне және басқа да коммуналдық нысандарға қатысты;
⚡️ мемлекеттік меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға 115 млн астам теңге талап етілмеген кепілдік жарналары қайтарылды.
Жүргізілген мемлекеттік аудиттердің қорытындылары бойынша нұсқамалардың орындалуы үнемі қатаң бақылауда. Әрбіртармақтың орындалуын Жоғары аудиторлық палата мүшелері қадағалайды. Сондай-ақ нұсқамалардың орындалу мерзімін ұзарту туралы мәселелер де қажеттілігіне және негізділігіне байланысты мұқият қаралады.
👉👉👉👉 шолудан оқыңыз.