Нью-Йорк соты "Амадея" яхтасын сату жөнінде АҚШ үкіметінің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады. АҚШ билігі яхта ресейлік кәсіпкер Сүлейман Керимовке тиесілі деп есептейді.
Үкімет заңгерлері осы процесс кезінде "Амадея" кемесін ұстауға ай сайын салық төлеушілер қаржысынан 740 мың доллар шығын жұмсалып жатқанын алға тартып, бұғаттаулы тұрған яхтаны сатуға рұқсат сұраған. Өзі қабылдаған шешімді түсіндірген кезде судья "Амадея" яхтасын ұстауға жұмсалатын шығын аса көп емес деген уәж айтқан.
Ұзындығы 106 метр, құны 325 миллион доллар тұратын "Амадея" кемесі Ресей Украинаға қарсы соғыс бастаған соң енгізілген санкцияларға сәйкес, 2022 жылдың сәуірінде АҚШ билігінің сұрауы бойынша Фиджиде ұсталып, бұғат салынған.
t.me/azattyq