💬 Балтық елдері Еуропаның бірыңғай энергия жүйесіне қосылды
Оның алдында Литва, Латвия және Эстония Ресей мен Беларусьтің энергия жүйесінен ажыраған еді.
🇪🇺 Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Балтық елдері "қаскөй көршілердің" "қоқан-лоқысы мен бопсасынан" құтылды деп айтты. Еуроодақтың қазір Ресейдің қазба отынынан біртіндеп бас тартып жатқанын еске салған ол Еуропа одағына қорғаныс пен қауіпсіздікті өз қолына алатын уақыт жетті деп есептейді.
🇷🇺 Литва, Латвия мен Эстония энергия желілерін Ресей мен Беларусьтің электр жүйесінен ажыратқан соң Ресейдің Калининград облысы автономды режимде жұмыс істей бастады деп хабарлады Ресейдің энергетика министрлігі.
Фото: Reuters
❤️Азаттыққа жазылыңыз