🥊Танымал промоутер Ломаченконың болашағы туралы айтты
Василий Ломаченконың танымал промоутері (18-3, 12 КО) Боб Арум менеджер Эгис Климастың украиналық боксшыға қатысты болжамын растағандай болды.
Климас Ломаченко толық медициналық тексерістен өткен соң болашағына қатысты шешімін жариялайтынын айтқан. Климастың сөзінше, украиналықтың арқасы ауырып жүр, сондықтан ол мамандар бақылауында.
Арум бұл жайтқа қатысты былай дейді:
Арум әзірге боксшыны мазалағысы келмейтінін де жеткізді.
Ломаченко соңғы рет 12 мамырда австралиялық Джордж Камбососпен (21-3, 10 КО) жұдырықтасып, 11-раундта жеңген.

«Олар маған Василийге Украинаға оралу керектігін айтты. Қазір ол балаларының қасында болуы керек. Ол алдағы айқастар туралы келіссөздер жүргізе алмады. Оның балалары мектепке барып жүр, сөйте тұра Украинада бомбалар ұшып жатыр. Ол Жаңа жылдан соң нақты шешімін айтуы тиіс. Бірақ оның қандай шешім болатынын өзі де білмейтін шығар», - деді ол.
Арум әзірге боксшыны мазалағысы келмейтінін де жеткізді.
«Оны мазалап немесе қысым көрсеткім келмейді. Бірақ өзімен және оның әкесімен мейрамханада кешкі астан соң суретке түскенбіз, сол сурет маған қоштасу секілді сезілді. Солай да шығар», - деді промоутер.
Ломаченко соңғы рет 12 мамырда австралиялық Джордж Камбососпен (21-3, 10 КО) жұдырықтасып, 11-раундта жеңген.