«Садулаевты ұта алмайды»: Дәулет Тұрлыханов Ризабек Айтмұқанның болашағына болжам жасады
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов жас балуан Ризабек Айтмұханның болашағы туралы айтты.
Ол Ризабектің бойы мен бұлшықетінің жақсы екенін атап өтіп, физикалық дайындығын күшейту қажеттігін айтты.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2024 жылы 20 және 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол биыл ел чемпионатында 97 кг салмақ дәрежесінде финалға шығып, Әлішер Ерғалидан ұтылған еді.

«Ризабек қазір Садулаевты жеңе ала ма? Маман ретінде айтарым – әзірге жоқ. Ризабектің бойы, бұлшықет құрылымы жақсы. Бірақ оған физикалық дайындығын жетілдіру қажет. Тәжірибе уақытпен келеді. Ол жақсы, жетілген күрес көрсетіп жүр. Дегенмен, кемшіліктері де бар. Мысалы, ол аяғын қарсыласқа жиі беріп қояды. Бұл қауіпті, себебі тәжірибелі қарсылас аяққа өтіп, ұпай ала алады немесе жарақат қаупі туындайды. Сондықтан аяқтарын қорғауды үйрену керек. Ең бастысы – тәртіп. Мүмкін, жаттығуға көбірек көңіл бөліп, жарыстарға аздау қатысу қажет шығар. Мысалы, Тараздағы турнирде ол 8:0 есебімен алда келе жатып, америкалыққа ұтылып қалды. Бұл әлі де көп жұмыс істеу керектігін көрсетеді. Бірақ бір нәрсе анық – оның таланты бар», – деді Дәулет Тұрлыханов sportnews.kz-ке берген сұхбатында.