«Өмір бойына сотталуы мүмкін». 12 жастағы қызды туысқан ағалары 6 жыл бойы зорлап келген
Оқиға Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында болған. Оқиғаға Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
«ҚР Қылмыстық кодексінің «Жас баланы зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар екі күдікті анықталды», — делінген хабарламада.
Полиция департаменті екі күдіктінің де ұсталғанын хабарлады. Екінші күдікті Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталған.
Бірінші күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстаған. Бұл қылмысты жасау өмір бойына бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін», — деп хабарлады полиция департаменті.
Алдын-ала ақпарат бойынша, жас баланы зорлады деп күдікке ілінгендер қыздың әкесінің бауырлары.
Күдіктілердің бірі — 35 жаста, бірі — 37 жаста. 12 жастағы қыздың құрсағында 7 айлық бала бар.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева жапа шеккен қыз бен анасы қауіпсіз жерге жеткізілгенін мәлімдеді.