Сахаба Әлидің (Алла оған разы болсын) зерделілігі....
Сахаба Омар (Алла оған разы болсын) жолда сахаба Хузайфа ибн Яманмен (Алла оған разы болсы) кездесіп қалады. Омар (Алла оған разы болсын) оған қарап: «Уа, Хузайфа! Таңды қалай атырдың?» деп сұрайды. Ол: «Фитнаны (сынақты) жақсы көріп, хақты жек көріп, дәретсіз намаз оқып, көкте Аллада болмаған, жерде менде болғанға иелік жасап таңды атырдым» деп жауап қатады. Айтылған сөздің астарын ұға қоймаған Омар (Алла оған разы болсын) қатты ашуланып үйіне бет алады. Үйде отырғанында сахаба Әли ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын) құзырына кіреді. Оның жүзіндегі ашудың ізін байқап: «Уа, момындардың әміршісі! Жүзіңде ашудың ізі бар екен. Не болып қалды?» дейді. Омар (Алла оған разы болсын) Хұзайфамен (Алла оған разы болсын) болған жайтты толық баяндап береді. Оның сөзін ден қойып тыңдап шыққан Әли (Алла оған разы болсын): «Уа, Омар! Ол рас айтқан екен. Ол сынақты жақсы көремін деген екен. Сынақ деп отырғаны «дүние-мүлік пен бала-шаға». Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде «Асылында, мал-мүліктерің және балаларың (сендерге) – сынақ» дейді. Хақты жек көремін дегені «өлімді» жек көргендігін меңзегендігі. Дәретсіз намаз оқимын дегені «кез келген уақытта Пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтамын» дегені. Жерде иелік еткенім, көкте Аллада болмаған деп «әйелі мен балаларын» тұспалдап айтқаны. Себебі Алланың жұбайы да жоқ, баласы да жоқ» дейді. Омар (Алла оған разы болсын) Әлиге қарап (Алла оған разы болсын): «Уа, Әбул-Хасан! Дәл тауып айттың, орынды айттың. Хузайфа ибн Яманға қатысты жүрегімді күдікті сейілттің» деген екен. Күндеріңіз сәтті өтсін!