Асқазанның қажеті жоқ.. Қазақтың маңдайына біткен біртуар жазушысы Мұхтар Мағауин туралы мынадай әңгіме бар. Жазушы «Аласапыран» роман-диолгиясын жазып жатса керек. Жазып отырып қара шайды тарта берген екен. Сонысын байқап қалған жұбайы: «Қара шайды неге көп іше бересің, асқазаныңды бүлдіресің ғой», – депті. Сонда атақты жазушымыз: «Аласапыранды» бітірсем, асқазанның қажеті жоқ», – деген екен.