Патша уəзірінен
- _Басқа пəле қайдан келеді?_ - деп сұрапты.
- _Тілден_
- _Жоқ, қателесесің, ағайындарынан келеді_
- _Жоқ, жоғары мəртебелім! Басқа пəле тілден келеді._
- _Қайдағы тілден келеді, басқа пəле жақындары - ағайындарынан келеді. Көбінде патшалардың тағына ағайындары таласқан._
- _Жоқ тілден_ - деп уəзірі айтқанынан қайтпапты.
Патша уəзіріне қатты ашуланып, _Уəзірім маған қарсы келді_ деп, зынданға жабуға əмір беріпті. Сөйтсе уəзірі
- _Тақсыр соңғы айтар датым бар_
- _Ал, айт!_
- _Менің сіздің жаныңызда уəзір боп тұрған хəлімнен зынданға түсуіме болған себеп не! Соны айтыңызшы_ - деген екен.
*Басқа пəле ағайыннан емес, тілден келеді екен, ағайын. Ағайынның арасын жақсартып, тілден абай болайық!*