Көліктің алуан түрі болады...
Əйгілі Ибраһим ибн Əдһам қажылық парызын өтемекке ниет етіп жолға жаяу шығады. Оны түйе үстінде кетіп бара жатқан бір танысы байқап қалып:
- "Уа, Ибраһим! Қайда кетіп барасың?"
-"Қажылық парызын өтесем деймін".
-"Мінетін түйең қайда? Жол ұзақ қой".
-"Сенің көзіңе көрінбейтін менің көліктерім бар".
-"Ол қандай көліктер екен?"
-"Қайғы-қасіретке душар болсам, мінетін "сабыр" деген көлігім бар. Қандай да бір Алланың нығметіне бөленіп жатсам мінетін "шүкір" деген көлігім бар. Ал басыма Қүдайдың қазасы (жазған тағдыры) келіп жатса мінетін "разылық" деген көлігім бар дейді. Əлгі кісі Ибраһимнің сөзіне разы болып: " Қайда жүрсең де Алланың берекеті сенімен бірге болсын! Шынтуайтына келсек көлігі бар сен, ал жаяу мен екенмін" деген екен.
Алла Тағала "сабыр, шүкір жəне тағдырға разылық" деген көліктерді сіз бен бізге нəсіп етсін! Жұма мүбарак!