TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Бауыржан Əлиұлы (ресми)

27 Jul 2018, 10:07

Open in Telegram Share Report

Балуан...
Ертеректе күреске ебі бар бір жігіт әйгілі балуаннан күрестің қыр-сырын үйренбекші болып арнайы іздеп келеді. Балуанға өтінішін білдіреді. Балуан алдына келген жігіттің бетін қайтармай тілегін қабыл алады. Сонымен әлгі жігіт ынта-шынтасымен кірісіп, күрестің түрлі әдіс-тәсілін үйренуге кіріседі. Балуан да шәкіртінің ықыласына тәнті болып, бар білгенін үйретуге күш салады. Арада едәуір уақыт өтеді. Күнделікті жасаған жаттығуларының жемісін көре бастаған жігіт бір күні балуанға келіп: «Маған үйрететінің қалды ма? Әлде осымен бітті ме?» деп сұрайды. Балуан: «Дәл бүгін, саған білетін барша әдіс-тәсілімді үйреттім. Сен де оны толықтай меңгердің» дейді. Балуанның сөзіне мастанған жігіт, кеудесін тәкаппарлық кернеп балуаннан кетуге рұқсат сұрайды. Рұқсат алып, еліне беттейді. Еліне келген соң аймақтағы біршама балуанды жығып мерейі өседі. Менмендігі арта түседі. Мені жығатын жан бұл елде, тіпті әлемде жоқ деп даурығады. Бәз біреулердің «Сен ұстазың болған балуанды жығасың ба?» деген сөздерін естігенде «Иә, кілемнің үстіне шықсақ, оны да жығып кетемін» деп өзеурейді. Сөз жерде жата ма, көп уақыт өтпей бұл жағымсыз сөз балуанның құлағына жетеді. Екі тарапты бір-біріне айдап салған жұрт соңында екеуінің кілем үстінде кездесуіне мәжбүрлейді. Күресті тамашалауға мыңдаған кісі жиналады. Кілем үстіне шыққан бетте балуан көзді ашып жұмғанша жігіттің жауырынын жерге тигізеді. Өз-өзіне әрең келген жігіт балуанға қарап: «Қызық екен. Сен маған бар білгеніңді үйреттім деп айттың ғой. Жаңа ғана маған үйретпеген тәсілмен мені жығып кеттің. Бұл қалай болғаны?» деп таңдана сұрайды. Балуан: «Иә, дұрыс айтасың жігітім! Мен саған сол шаққа дейін білген бар әдіс-тәсілімді үйреттім. Алайда сен менен кеткеннен кейін, мен тоқтап қалмадым. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, аянбай еңбектендім» деген екен. Жұма мүбарак болсын!

1.1k 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot