Әйгілі сопы, хакім Əбул-Хажжаж əл-Ақсуриге (һижри 642 дүниеде өткен) біреу келіп: "Ұстазың кім?", деп сұраған екен. Хакім: "Ұстазым - қоңыз" деп жауап береді. Əлгі кісі таңырқаған сыңай білдіреді. Оны байқаған хакім: "Əзілдеп тұрғаным жоқ. Ұстазым шынымен-ақ қоңыз. Ертеректе бір қыс түнінде көзіме ұйқы кірмей ұзақ жаттым. Бөлмеде тұрған шамның тұсына келіп қарасам бір қоңыз шамның жоғары жағына шықпақшы болып жанталасуда екен. Алайда шамның шынысы тайғақ болғандықтан қайта-қайта құлағандығын көрдім. Ерінбей қоңыздың əрбір шығуына мəн беріп санадым. Бір түннің ішінде жеті жүз мəрте шығамын деп талпынды. Жеті жүз мəрте шыға алмай жығылды. Бірақ қоңыз ұмтылысынан, талпынысынан еш айнымады. Қоңыздың жігерлігіне, қайсарлығына таң қалдым. Таңға жақын таң намазын жамағатпен оқымақ болып үйден мешітке шығып кеттім. Намазымды оқып үйге келсем əлгі қоңыз шам шынысының жоғарғы тұсына шығып отыр екен. Мен осы ғибратты жайттан, көп нəрсе үйрендім" деген екен. Күндеріңіз сəтті өтсін!