Бауыржан Әлиұлы (ресми)


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


«Кім Алла үшін жақсы көрсе, Алла үшін жерісе, Алла үшін беріп, Алла үшін тыйым салса – иманы кәміл болғаны».

Әбу Дәуд.


«Бір күні хазірет Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)сахабаларға: – Сендердің араларыңда бір адамның есігінің алдында өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қалатын ба еді? – деп сұрайды. – Жоқ, қалмайды, – деп жауап қайтарады сахабалар. Бес уақыт намаз да судың кірді тазалайтынындай күнәларды тазалайды, – дейді Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)»

Бухари, Муслим.


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ахмет Байтұрсынұлы


Алла тағала Өзінің Елшісіне (саллалаһу алейһи уә сәлләм) “сабыр ет!” деп бұйырды. Алайда, сабыр етіп, қол қусырып отыра бер демеді. Жақсылыққа ұмтылуды, әрекет, амал етуді ескертті. Сонымен қатар, ешбір жақсылықтың еш болмайтындығына Өзі кепіл болды. Алла сіздің еңбегіңізідің жемісі мен әрекетіңіздің берекетін өз жауапкершілігіне алса, несіне уайымдап алаңдайсыз. Ізгілікке ұмтылған үстіне, ұмтыла бересіз емес пе…✊🤚


Хасан ал-Басрий (Алла одан разы болсын): "Білімді ақылды парасатты адам бүлікті келместен бұрын біледі/сезеді. Ал надандар болса келгенде және кеткенде біледі" деген екен.


Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – жасаған құлшылығын ұнатуы. Тіпті кемеліне жеткен құлшылықтар деп көруі.
Бұл кемшіліктен арылудың жолы:
Пенде құлшылығын ықыласпен атқарған болса да, олқылығы бар екендігін һәм іс-әрекеттерінің олқылықтан ада болмайтындығын білуі керек. Сондай-ақ іс-әрекеттерін кемеліне жеткен деп көруді қойғанда ғана ісінің олқылық атаулыдан арылатындығын білуі.


Нәпсі дертінің дауасы кітабынан


«Әділетпен істерін жүргізген кісілер Алланың құзырында нұрдан жасалған орындықтарда отырады. Олар үкім берген кезде отбасындағыларға да, қол астындағыларға да әділетпен қарайды».

Муслим.


«Түннің бір уағында оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі»

Исра сүресі, 79


Жатсаң-тұрсаң жақсылар,Бір Алла болсын тіліңде.Рахым қылып сыйлап жүр Жетім менен жесірді.Бұларға қорлық іс қылсаң,Басыңа солар кесірді.

Бабалар сөзі, I, 31-32-б.


«Алла жолында өлгендерге «өлі» деп айтпаңдар, керісінше олар тірі, бірақ сендер мұны сезіне алмайсыңдар»

Бақара сүресі, 154


«Жаннатқа кірген адам жер жүзіне қайтып оралғысы келмейді, жер жүзіндегі барлық нәрсе онда бар. Тек шәһидтер олай емес. Ол шәһидтіктің дәмін татқандықтан жер жүзіне қайта оралып, он мәрте қайта шәһид болуды қалайды»

Бухари, Муслим.


«Әрбір пайғамбардың Алла қабыл ететін бір дұғасы бар. Барлық пайғамбар сол дұғасын жасауға асықты. Мен болсам бұл дұғамды қиямет күні үмбетіме шапағатта қолдану үшін ақыретке сақтадым. Ин ша Алла үмбетімнен Аллаға шірк қоспай өлгендер одан нәсіпкер болады»

Бухари, Муслим.


«Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны − мына дүниеде маған көп салауат айтқан адам»

Тирмизи.


🍃 Хазреті Пайғамбарымыз (ﷺ):

"Дін - Аллаһ тағаланың және оның Пайғамбарының, мұсылмандардың имамдары және барша мұсылмандар жолында қылынатын насихат."

📘 Имам Бухари


Ендеше, оларды жөніне қоя бер! Өздеріне уәде етілген мерзімді күндеріне тап болғанша өздері дендеп бойлаған жалғанның (саз балшығына) батып, ойнап - күліп жүре берсін”. (Мағариж сүресі, 42)


Бүгінгі хадис “Игі іске себепші болған адам оны жасағандай сауапқа кенеледi".

(Тирмизи)


Бүгінгі дұға “Уа, Алла тағалам! Сенен отбасымды асырауға жетерліктей дүние сұраймын. Қайсыбір туыстарымның хақысын бере алмай, Өзіңнің ашуыңа ұшырап кетуден мені сақта!”

(Зәйд ибн Сәбит (р.а))


Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):«Адам баласының бақытты болуының бір сыры – Аллаһ тағаланың үкімдеріне ырзашылық көрсетуінде. Ал (өмір жолына көңілі толмай) арызданып жүруінің себебі Аллаһ Тағаладан жақсылықты талап етуді доғарып қоюында. Сол сияқты тағы бір себебі Аллаһтың үкімдеріне ырзашылық танытпауында»

Тирмизи.


«Өлім – бір қиямет. Өлген адамның – қияметі басталғаны».

Ғазали, Өлим ве өтеси, 198-б.


«Баласы әкесіне қарсы шықпайынша, жаңбыр азаймайынша, жаман адамдар көбейіп, жақсылар азаймайынша, кішілер үлкендерге қарсы келмейінше, жақсылардың қарсысына жамандар шықпайынша қиямет болмайды»

Ғазали, Ихия, II, 486-б.

20 last posts shown.