Жүрегіме үңілсем... 💓


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Travel


Сыр. Жыр. Ойтүрткі. Күнделіктегі шимайлар.
Ақын @botakoz_beksary

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Travel
Statistics
Posts filter




Маған кез-келген кітаптың өтуі қиын, көп кітапты жартысына жетпей оқымай қалатыным бар🫢

Жоғарыда тұрғандар

#мағанәсереткенкітап тар

Уақыт бөліп, оқып көріңіз❣️








МАҒАН ӘСЕР ЕТКЕН ЖАЗБА⏬️

(авторы мен емес)

Әйелдің мейірімі
Әйелдің көңіл күйі түскенде, ақымақтық жасағанда, не істерін білмей сасқанда, жүрегі жараланғанда, күш-қуаты қалмағанда – анасына барады.
Егер анасы өз мейірімінің ақ сүтін беруге дайын болса – қызын тыңдауға, сөкпеуге, басынан сипауға, бірге жылауға әзір тұрса, қос алақанымен бетінен сипап, маңдайынан сүйіп, әншейін құшақтап отырса, әйел дертінен, қайғысынан, мұңынан арылады. Жүрегін қайтадан өміріне өзек болар махаббатпен толтырып, қайтадан күресіп, кедергіден асып түсірер күшке ие болмақ.
Егер анасы бұлай істей алмаса, ендеше әйел әпкесіне, құрбысына, әжесіне, апайына – жүрегіне жақын адамға барады. Олар шешесі сияқты мейірімнің ақ сүтіне тойдырмаса да, бал қосып қара шай береді, тыңдайды, «сені түк түсінбесем де, жай ғана қасыңдамын» дегенді айтады.
Егер мұндай мүмкіндік болмаса, әйел бөтен әйелдерге барады. Олардан сүт пен шай күтпесе де, ешкім алақанымен бетінен сипамаса да, толық қабылдап, түсінбесе де, олардан қайғысына деген құрмет күтеді. Сол жат әйелдер жүрегіндегі мейіріммен дерт емген жанын түнектің түбінен таза ауаға алып шықса дейді. Өзінің осал сәтінде жыртқышқа ұқсап талап жеп қоймаса екен деп тілейді.
Егер алдыңа жаны дерт емген, ақымақ, жаралы әйел келсе, қайғыдан қара жамылып, көзі қарауытып тұрса – жай ғана қолыңды соз. Шамаң келсе, жылы жыми. Сен де әйел екеніңді есіңе түсір.

Мирта Гроффман
Аударған Шынар Әбілда




Жақындарымды жүзбе-жүз көрдім. Мауқымды бастым, шүкір!
Дүниенің бар жылуы мен тыныштығын, бар рақатын əр клеткама сіңіріп алғым келгендей, бар денем балбырап, көңілім де жай тауып, жадырап қалды❤️

Енді, фішт үйге😁)


Төркінге бару , мен үшін ол - кішкене бауырларыңның былдырлаған әңгімесін тыңдау, қылау жоқ, күн қақтаған таза бетінен құшырлана иіскеу. Таңдайды тақылдатып, бас шайқататын қызықты сөздеріне сүйсіну.

Төркінге бару, мен үшін ол - таңғы 5ке дейін ұйықтамай, жеңгеммен өсек айту. Сосын келесі күні зомби сияқты жүру😂

Төркінге келу, мен үшін - жеңгемнің дәмі тіл үйірер тамағын жеп ап, қарнымды сипалап, диван арқалығына аяқты асып қойып, түк істемей жату☺️
Және ол үшін өзімді титтей де кінәлі сезінбеу!

Төркінге келу, мен үшін - толықтай расслабиться ете алу. Толыққанды денемнің босаңсуы, миымның артық (қажет емес) ойлардан босауы.

Төркінге келу, мен үшін - “осы жолы дым алмаймын, түк те алмаймын” деп алып, бір қарасаң өз жүгіңнің қасына тағы да аладорбалар қосылғанын көруің☺️

Төркінге келу, мен үшін - бір уақыт бала күйіме түсе алуым, еркелеуім. Ата-әжеме, көке-ағама еркелеуім, жеңгелеріммен сыр алысуым.

Төркінге келу, мен үшін - өте керек оттегі. Өміріңде КҮН сияқты адамдар кездеседі. Жарық-жылуын таратып тұратын. Қолтығыңнан демеп жіберетін. Алда жүруіңе тілеулес болатын. Ол, әрине, сенің - өз төркінің❤️

Аман болсын, мен дегенде жанын жұлып беруге даяр жанашыр жұртым!




Есіме түсіп тұр. Жасаған Иемнің жақсылығы жауғыр,бейнеттен белі босамаған әжемнің иісі-ай!Ауыл дәмі-ай🌸💚Көзді тырналап ашқанымызша болмай, мұрынға сарымайға бөктірілген ыстық нанның иісі келе қалатын да, тұла бойды тінткілеп иіріп әкететін. Пыс-пыс етіп пысылдап тұрған самаурындағы шәйдан бір, қаймағы бетінде билеп жүрген ыстық сүттен бір сіміріп жіберіп, қалтаға әжемнің қатқан #құртынан атып ұрып, мектепке аттанушы едік.

Тезек шоғына төңкерілген нан мен майлы құртқа әлі күнге ауызымның суы құрып, әуесім кетеді ше. Ауылд,ата-әжесін,балалық шағын сағынды бір қыз...🤗❤

#ауылымдысағындым
#әжемніңиісінде






Video is unavailable for watching
Show in Telegram













20 last posts shown.

699

subscribers
Channel statistics