Спорт министрлігі, НОК, Федерация қайда қарап отыр?
Жәнібек Әлімханұлының боксына нота жібереміз олимпиадалық спорт түрінен өткен сайыста ескі әнұран орындалғанда кім жауапты екенін де білмей қаламыз.
Өткенде Сидней қаласында (Аустралия) ұйымдастырылған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович арасында жекпе-жекте ескі әнұран қойылып кетеді.
Оны ешкім білмейтін No Limit Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырған ғой. Соған Туризм және спорт министрлігі наразылық нотасын жолдадық деп жатыр еді. Содан хабар жоқ. No Limit Boxing компаниясына біздің министрліктің хаты дымға керек жоқ.
Нағыз нота жолдайтын кінәлілерді жазалайтын жағдай күні кеше болды. Жапонияның Хатинохе қаласында н конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионатының шешуші жарыс күнінде ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. Алтын медальдың құрметіне әнұран қойылғанда ескісі орындалды. Бұл олимпиадалық спорт. Халықаралық федерация тарапынан бақыланатын сайыс. Ескі әнұранның қойылып кетуіне кім жауапты? Министрлік пе? Федерация ма? НОК па? Екі күн өтті. Бәрі үнсіз