Kazakhstan Boxing Federation


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Қазақстан бокс федерациясының ресми ресурсы

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СЕПТІГІМЕН БАҚТИЯР АРТАЕВҚА ВЭЛ БАРКЕР КУБОГЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ🏆

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен кездесу өтті. Басқосудың негізгі мақсаты - Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогын табыстау.

Вэл Баркер Кубогы - Олимпиада Ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы бәсекеде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды. Артаев өз кубогын бірнеше жыл бұрын халықаралық ұйымға тапсырып, осы мәселе шешімін таппаған еді. Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады. Осылайша, бүгін Вэл Баркер Кубогы өз иесін тапты.🇰🇿


13-18 ақпан күндері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау Орталығында
🇮🇳🇺🇿🇰🇬🇷🇺🇰🇿 бірнеше елдің жас боксшыларының қатысуымен

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЕРМАХАН ИБРАИМОВ

жүлдесіне арналған жетінші халықаралық турнир өтеді🥊


WORLD BOXING ұйымы 2025 жылдың Азия чемпионаттарының күндерін бекітті🥊

Барлық жас дәрежелерінде ерлер мен әйелдер боксы бірге өткізіледі.

Біріншіліктерді қабылдайтын қалалар тізімі кейін толық белгілі болады.


Бүгін Қазақстан құрамасы Испанияға ұшып келді✈️ Боксшыларымыз Аликанте қаласындағы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, 3-9 ақпан аралығында халықаралық турнирге қатысады. Назарларыңызға Испанияға аттанған 🇰🇿құрамды ұсынамыз:

48 келі: Ернар Қарап, Нұрзат Оңғаров
51 келі: Ернұр Қайрат, Рамазан Нұрлыбаев
54 келі: Бағлан Кенжебек, Ақтілек Орынбасар, Жандәулет Сәрсенбаев
57 келі: Жасұлан Тілеумбек, Ерхан Тұрдан
60 келі: Шыңғыс Мусинов, Бейбарыс Жексен
63.5 келі: Алмат Абдуали, Жандос Қыдыралиев
67 келі: Дулат Бекбауов, Елнұр Сүйінбай
71 келі: Дархан Дүйсебай, Аман Қонысбеков
75 келі: Диас Молжігітов, Мақсат Өтегенов
80 келі: Дәулет Төлемісов
86 келі: Бекнұр Батырбек, Темірлан Мұқатаев, Бекзат Таңатар
92 келі: Мәди Әміров. Нурмагамед Юсупов
+92 келі: Даниял Сапарбай

Әйелдер:
48 келі: Роксана Гасымова
60 келі: Гүлжайна Уббиниязова
70 келі: Бақыт Сейдіш
75 келі: Диана Мағауияева


Қостанайда 2011-2012 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды🥊

Біріншілікке 20 аймақтан 385 боксшы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша 2025 жылғы Азия чемпионаты мен Дүниежүзілік Гимназиядаға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Ел чемпионаты 31 қаңтарға дейін жалғасады🇰🇿


Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мерей Ақшалов - 36 жаста, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Приказом президента Казахстанской федерации бокса Акшалов Мерей Толегенович назначен генеральным секретарем КФБ.

Мерей Акшалов - 36 лет, чемпион мира и Азии по боксу, ЗМС РК.




World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады🥊

Соның ішінде бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты белгілі болды. Осылайша, екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады🇰🇿

🏆Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында қорытынды, яғни финалдық бәсеке орын алмақ.

Ал, 2025 жылдың ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек күндері Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды🥊




Қайрат Сәтжанов:
13-31 қаңтар жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркістан облысында өткізіп жатырмыз. 25 қаңтар күні ұлттық құраманың 2-3 нөмірлі боксшылары Алакантаға (Испания) аттанады. Бұл жиынға Ұлыбритания, Шотландия, Мажарстан, Испания елдері қатысады. Кейін халықаралық турнир ұйымдастырылады.

Өзіміздің жиын аяқталғасын аз уақыт демалып, 10 ақпан Софияға (Болгария) жолға шығамыз. Біріккен оқу-жаттығу жиынына және Странджа турниріне қатысамыз. Көп елдер осы жарысқа үздік боксшыларын әкеледі деп күтілуде.

Әлбетте, биылға басты мақсатымыз – күзде өтетін әлем және Азия чемпионаттары. Дегенмен, бұл жарыстардың барлығы біздің басты мақсатымыз, яғни кешенді жарыстарға дайындығымызды шыңдау үшін керек. Бұл – 2026 ж Азия Ойындары, 2027 ж өз еліміздегі әлем чемпионаты мен 2028 ж Олимпиада. Осы аралықта жүйелі жаттығу жасап, құрамды жақсылап іріктейміз. Қазір қатарға қосылған талантты жастар көп, біздің міндетіміз – ел намысын абыроймен қорғайтын құрамды әділетті іріктеу және боксшыларды жан-жақты ашу.




Елдос Сайдалин, әйелдер құрамасының бас бапкері:

Алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командаларының басын қосып ауқымды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Барлық жас дәрежелерінің бапкерлерімен ақылдасып, осылай ұйымдастыруды жөн санадық.

Бұл бастаманың пайдасы мол. Жасы кішілер әпкелеріне қарап, бой түзейді, тәлім алады. Әйелдер санатындағы спортшыларды да жалынды жастардың көз алдында жүруі жігерлендіре түседі. Жас буын ұлттық құрама сапына қосылғанда жатырқамай, тез бой үйретуіне де септігін тигізері анық.

2028 жылғы Олимпиада Ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежелерінде бұл додаға үміткерлер бар.

Сенбі күні тауға қарай жаяу жүрдік. Осы жаттығуға барлығы, яғни 150 спортшы бірге шықты. Ал, қалған жаттығулардың барлығы әр командаға бөлек, өз жасына сай жүктемеде өтеді.

Спортшылардың да, жаттықтырушылардың көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасы керемет. Жылды жақсы қарқынмен бастап жатырмыз, 2025 берекелі болады деген үміттеміз.


Forward from: Aqorda 🇰🇿
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтау сөзі

Новогоднее поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева


🎦 t.me/aqorda_resmi




Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты🥊

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинация жарияланып, оның ішінде Қазақстан 4 аталымда жеңімпаз деп танылды🇰🇿

Үздік ұлттық федерация - Қазақстан бокс федерациясы
Ерлер арасындағы үздік боксшы - Сағындық Тоғамбай
U22 ерлер арасындвғы үздік боксшы - Темірлан Мұқатаев
Жастар арасындағы үздік боксшы - Төрехан Сабырхан




🇰🇿🥊Қазақстан чемпионатының барлық жарыс күнінен толық видео осы жерде сақтаулы: https://www.youtube.com/@sportplus_qaz/streams


Астана қ. - 🥇5 алтын, 🥉2 қола

Алматы қ. - 🥇3 алтын, 🥈4 күміс, 🥉10 қола

Шымкент қ. - 🥇3 алтын,🥈5 күміс, 🥉2 қола

Қарағанды обл. - 🥇3 алтын, 🥈2 күміс, 🥉5 қола

Ақмола обл. - 🥇3 алтын, 🥉3 қола

Түркістан обл. - 🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉5 қола

БҚО - 🥇2 алтын, 🥉1 қола

Қостанай обл. - 🥇1 алтын,🥈1 күміс, 🥉2 қола

Абай обл. - 🥇1 алтын, 🥉2 қола

Алматы обл. - 🥇1 алтын, 🥉2 қола

Қызылорда обл. - 🥇1 алтын, 🥈1 күміс🥉1 қола

Жамбыл обл. - 🥈3 күміс, 🥉7 қола

Ақтөбе обл. - 🥈2 күміс, 🥉1 қола

Маңғыстау обл. - 🥈1 күміс, 🥉2 қола

Павлодар обл. - 🥈1 күміс, 🥉2 қола

Жетісу обл. - 🥈1 күміс, 🥉1 қола

Атырау обл. - 🥈1 күміс, 🥉1 қола

Ұлытау обл. - 🥈1 күміс

СҚО - 🥉1 қола



19 last posts shown.