Көпшілігіміз асыға күтетін, жыл сайын ерекше қуанышпен қарсы алатын мерекенің бірі – Жаңа жыл. Мереке қарсаңында туыстарымыз бен жақындарымызға сыйлық беру дәстүрге айналған. Дегенмен, дәл осы мереке қалтадағы әмиянның жұқаруына алып келетіндігі жасырын емес. Қаржылық тұрғыдан ақылмен әрекет ету арқылы дағдарысқа ұшырамай жақындарыңа қуаныш сыйлауға болады. Cronos.asia жаңа жылдық сыйлықтар алудың ұтымды әдістері мен үнемдеу жолдарын ұсынады.
1. Алдын ала жоспар құрыңыз
Сыйлық сатып алуды кейінге қалдырмаңыз. Сондықтан сыйлықтарды алдын ала сатып алу арқылы тек ақшаңызды үнемдеп қоймай, жүйкеңізді де сақтайсыз. Алдымен, кімге сыйлық жасағыңыз келетінін және оған қанша қаражат жұмсауға дайын екеніңізді нақтылаңыз.
Кеңес: Жазбаша немесе электронды түрде сыйлықтар тізімін жасаңыз. Бұл сізге артық шығын жасамауға көмектеседі.
2. Онлайн дүкендердің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз
Интернет сауда қазіргі таңда танымал және тиімді әдіс болып саналады. Онлайн дүкендер жаңа жыл қарсаңында сан түрлі жеңілдіктер ұсынады. Әсіресе, “қара жұма” немесе “кибер дүйсенбі” сынды шаралар кезінде сапалы тауарларды төмен бағамен сатып алуға болады. Сондай-ақ, интернет-дүкендерде таңдау мол әрі тауарды үйден шықпай-ақ табасыз.
Кеңес: Интернет-дүкендердегі бағаны салыстыруға арналған қосымшаны қолданыңыз. Сондай-ақ, тауардың жеткізу құнын алдын ала біліп алыңыз.
3. Қолөнер бұйымдарын жасаңыз
Қалтаңыздағы қаражатты үнемдеу және өз мүмкіндіктеріңізді таныту үшін жақындарыңызға деген сыйлықты өз қолыңызбен жасап берсеңіз болады. YouTube желісінде аз заттарды қолдана отырып, жеңіл әрі тез арада жасалатын бұйымдардың әзірлену жолын көрсететін көптеген видеолар бар. Қолдан әзірленген сыйлық сіздің көңіл бөлгеніңізді және қамқорлығыңызды көрсетеді. Мысал ретінде өз қолыңызбен тоқылған шарф немесе шұлықты, тәтті тағамдар немесе ерекше дизайнмен безендірілген альбомды алуға болады.
Кеңес: Ғаламторда DIY (Do It Yourself – өз қолыңмен жаса) қосымшасы арқылы тың идеялар қарастыруға болады. Бұл жүйе қарапайым әрі қолжетімді материалдардан жасалатын бұйымдарды ұсынады.
4. Сертификаттар мен жазылу қызметтері – жаңа тренд
Сыйлық ретінде сертификат немесе жазылымдар беру арқылы үнемдеуге әрі сыйлық алушыны ерекше қуантуға болады. Себебі сыйлықтың мұндай түрі алушыға өзіне қажетті затты таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы:
Кітап дүкенінің немесе киім бутигінің сертификаты.
Онлайн-курстарға жазылу.
Фитнеске немесе SPA орталыққа абонемент.
5. Біріккен сыйлықтар жасаңыз
Үлкен отбасы үшін немесе ұжымыңыз үшін ортақ сыйлық қарастыруға болатынын да ұмытпаған жөн. Бұл шығынды азайтады әрі сапалы сыйлық алудың тиімді жолы. Мысалы, әріптестерге бір ортақ бәліш немесе кофехананың сертификатын сыйлауға болады.
6. Кәдесыйлар мен символикалық сыйлықтарға назар аударыңыз
Жаңа жылға арналған сыйлықтардың міндетті түрде қымбат болуы шарт емес. Шағын, бірақ мәні бар сыйлықтар көбіне адамдарға қуаныш сыйлайды. 2025 жыл – жылан жылы болғандықтан, жыланды бейнелейтін мүсіншелерді, тілек жазылған кәдесыйларды сатып алуға болады.
Кеңес: Жаңа жыл қарсаңында ауқымды жәрмеңкелер өтеді. Кәдесыйларды жәрмеңкелерден жеңілдікпен алуға болатынын ұмытпаңыз.
7. Сыйлықты безендіру барысында да үнемдей біліңіз
Сыйлықты орауға арналған материалдарды арнайы сатып алудың қажеті жоқ. Үйдегі бар материалдарды қолданыңыз: газеттер, ескі журнал беттері немесе мата қалдықтары ерекше көрініс береді.
Жаңа жылдық сыйлықтарға көп қаражат жұмсамай-ақ, жақындарыңызды қуантуға болады. Алдын ала жоспар құру, интернет мүмкіндіктерін пайдалану және шығармашылыққа жүгіну арқылы сіз қалтаңыздағы қаражатты үнемдеп, көпшілікке қуаныш сыйлай аласыз. Шын жүректен табысталған сыйлық қашанда құнды. Сондықтан да сыйлықтың құндылығы бағада емес, көңілде екенін ұмытпаңыз.