botaserikqyzy


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Өзіңмен өзің бол, жеңіл өмір сүр🍃
https://t.me/bota

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Ақылды қыздан дана қызға өтіп жатқанымды сезем.

Оған басты себеп - “мен жеңуім үшін басқалар жеңілу керек” деген түсініктің кетіп жатқаны. Әлемде менен басқа өзгеше адамдар бар екенін түсініп жатқаным .

Басқа бір әлемге бас иіп үйреніп келе жатырмын. Бұрынғыдай тек мен ең күшті , ең әдемі, ең, ең емес, басқа әлемге де қызығып , тамсанып қарай алып жүрмін.

Адамдарды іштей сынайтын едім. Қазір адамдарды қабылдап жүрмін.

Бұрын жаңа нәрсені көрсем , артық кетіп жатыр :“ артық күліп жатыр, тым мияу, мұндай шалбар киетіндер маған ұнамайды” деп айтатын едім. Қазір жаңа нәрсені көрсем , көкжиегім кеңейіп жатыр деп ойлап қабылдаймын.

322 0 3 42 11

Бүгін сағат 12-де Алланың қалауымен жобамның офлайн практикалық семинары Алматы қаласында өтеді. Көп адамның қолдауы мені шабыттандырып, қорықпай әрекет жасауға итермелеуде🥹❤️‍🔥


Forward from: Көкжиек жобасы
💡Идеяңмен жарқыра

Өміріңдегі өзгерістер мен жетістіктер идеядан басталады.Бірақ біз іштегі “ананы бастағым кеп жүр” деген ойларды жарыққа шығарудан қорқамыз. Ал Абай “Жанбай жатып сөнбеңіз”дейді.

Идеялар бізді алға жылжытатын, шектеулерді бұзатын, әлемді өзгертетіндей күшке ие. Мысалы мына IPhone,iPad , ChatGPT адам ішіндегі жай ғана ойдан шығып , біздің неше түрлі мәселемізді шешіп жатыр.

Сенің идеяңа сенетін ортаңның болуы маңызды. Мысалы , Google компаниясында ортаға салған әрбір идеяны қолдайды. Себебі, олар әлемге үйреншікті емес, жаңа көзқараспен қарайды.

Егер сен идеяға толы адам боп, өз жобаларыңды іске асырғың келсе, 15 желтоқсан Алматы қаласында өтетін офлайн кездесуге шақырамын.

Мақсатым: Өзін танып , қабілеттерін анықтап , идеясын жүзеге асырғысы келетін адамдарды бір ортаға жинау

Орын саны 10. Кім қатысқысы келеді жекеме “Көкжиек ортасына қосылғым келеді” деп жазсын🥰



Алғаш телеграмға бөлісіп тұрмын, әлі инстада жарияламадым🤫☺️


Forward from: Көкжиек жобасы
Бөлінгенді бөрі жейді, көпті құдай сүйеді” демекші ортаңның болуы мақсатыңа тез жетуге көмектеседі. Орта адамға шабыт , рухани байлық , жаңа дағды, идеялар мен энергия береді.

Дамитын ортасы жоқ адамның:
• Мақсатсыздық және мотивация төмендейді
• Жеке немесе кәсіби өсуін тоқтатады.
• Өз-өзіне деген сенімсіздік.
• Тәжірибе алмасу мен жаңа мүмкіндіктерден алыстайды.

Дамитын ортаны қалай құруға болады?
• Белсенді, білімге құштар адамдармен байланыс орнат (әлеуметтік желі көмектеседі)
• Пайдалы іс-шаралар мен жобаларға қатыс.
• Сынай алатын, бірақ қолдау көрсететін достарды таңда.
• Ортаға өзің де үлес қосып, позитивті энергия тарат.

❤️-> тык, пайдалы болды🥰


Армандарыңа жету қадамдары қорқынышты. Әр әрекетіңді жүз ойланып , мың толғанып істейсің. Нәтижесі қалай болар екен деп уайымдайсың.

Бірақ жаным қандай сәтсіздік болса да, сен әрекет ету арқылы өстің. Қорқыныштарыңды жеңдің. Қалтаңда сондай үлкен тәжірибе қалды. Ең керегі осы емес пе?!


Forward from: Көкжиек жобасы
Өмірде үлкен істер тыңдырғымыз келеді. Бірақ сол істі орындай алмай жатқаннан шаршап , энергиясыз жүреміз. Сол себепті “Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама” дейді . Арманның үлкен болуында ешқандай мәселе жоқ. Мәселе - сол арманға жеткізетін кішкентай қадамдарға мән бермейтінімізде.

Өмірдегі ең маңыздысы – қанша іс тындырғанымыз емес, әр істе қаншалықты махаббат, жан жылуын бере алғанымыз.

Мынандай жағдаят: тесттен қорқу сезімі. Сіздің ойыңызша, тест қаншалықты маңызды болса, оның нәтижелері өміріңізге соншалықты әсер етеді деп ойлаған сайын, сіз одан қаттырақ қорқасыз. Ал бұл сіздің зейін қоюыңызды қиындатады.
Үлкен мақсат → қорқыныш → миға шектелу → сәтсіздік
Кіші мақсат → қорқыныш еленбейді → ми іске қосылады → жетістік

Күніне бір бет кітап оқу, бір минут жаттығумен айналысу, адамдармен жай ғана сәлемдесу қанша еленбейтіндей әрекет болса да, өміріңді өзгертетін қадамдар.


Амалдар ниетке байланысты. Құдай үшін құттай деген нәрсе жоқ.

❤️-> тык, пайдалы болды🙌🏻

⬇️ өз пікіріңмен бөлісіп , белсенділік таныт🫶🏻


Өміріміз таңдаудан тұрады. Қазіргі сәтіміз – кешегі таңдауларымыздың нәтижесі. С.Торайғыров: “Жақсылық қылсам өзімнен, жамандық көрсем өзімнен, тағдыр қылды дегенді шығарамын сөзімнен” дегендей, адам өміріндегі жетістік те, қиындық та өз қолында.

Адам потенциалы шексіз. Ол кім болғысы келсе де, қандай биіктерге ұмтылса да, бәрі өз таңдауына байланысты. Ол шарықтап барып періште де бола алады, не азғындап барып Ібіліске айналуы мүмкін. Адам баласы тек өзіне берілген қабілеттің иесі ғана емес, соны жүзеге асырушы. Өз қабілетін ашып, жетілдіру – адамның өз еркінде.

Бізге Құдай таңдау еркін берді дейміз. Бірақ өмірде дұрыс таңдаулар жасау үшін не істейміз?

“Дұрыс таңдау жасау үшін ойымызды кеңейтуіміз керек”, – дейді Құрманғазы ұстаз. Кешегі ойымыз бүгінгі жағдайымызды жасады. Ертеңгі жағдайымыз жақсы болуы үшін бүгінгі ойымызды жақсартуға тиіспіз. Ойымыз - көргенімізбен, естігенімізбен, оқығанымызбен кеңейеді. Демек, кітап оқу, ел-жер көру, адамдармен сұхбаттасу немесе мазмұнды сұхбаттар тыңдау – өте маңызды.

Осыны түсінген соң, мен @kokjiek_project жобасын жүзеге асыруға жүзеге асыруға бел будым.

Менің арманым – адамдардың саналы түрде өмір сүруіне ықпал етіп, ішкі әлемін тануға және өмірлерін жаңа қырынан көруіге ,потенциалын ашуға көмектесу.

Сондықтан көкжиегіңізді кеңейтуге қазірден бастап қадам жасаңыз! Жоба қатысушысы болғыңыз келсе, “+” қалдырыңыз🥰


3-курста балмұздақтар үшін жазған жазбам:

Менің есімім Ботагөз . СДУ университетінде 3-курсты повышкада оқып аяқтадым. Мамадығым: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін. Сенің менторың ретінде cтуденттік уақытыңды жарқын өткізуің үшін 5 кеңесім:

1)Универге түсу Ұлы арманның 1 бөлігі ғана болу керек . Егер универге түсу жалғыз арманың болса, өте көп ожидания /реальностьтар; а что дальше деген ойлар болады және 4 жылдық уақытың бос өткізуің мүмкін. Ал Үлкеен арманың болса, оған жетуің үшін алдымен ҰБТ-тапсырдың ✅, енді сабақтарымды осы үшін оқимын, осымен айналысамын деген қайда бара жатқаныңды білетін мықты адам боласың.

2)Сен таңдаған мамандық пен универге 1-2 жыл бұрын түскен адамдармен онлайн болсын танысып ал. Мысалы , СДУ-да қазақ тілі, әдебиет пәні мамандығында оқығың кеп тұр. 2023 білім беру гранттары иегерлерінің тізімін қарап, сол мамандыққа түскендермен инста арқылы танысып, кеңес сұрап ал. Универге түскен кезде саған
көмек беретін адамың болады

3)Сабаққа 100% дайындал, бірақ алған бағаң сенің көңіл-күйіңе мүлдем әсер етпесін. Универде шамамен 7-8 сабақ болады,барлығын 95+ ке жабу оңай. Ол үшін сабақ оқитын ортаң болуы керек.

4) Көп адамдармен аралас. Көп танысың болуы үшін өзіңе ұнаған универдің клубтарына жазылуды және алғашқы семестр (СДУ-дікіндей😂) жатақханада тұруды кеңес беремін.

5)Тірлік үшін жұмыс істеме. Абайша айтсам: “Аш адамға білім ғылым қайдан болсын”-дейді. Басқалардан қалмайын деп, бар уақытыңды жұмысқа арнайтын болсаң, білімнің қонуы екіталай. Курьер, официант болуды ойыңа да алма! Одан да бос уақытыңда жаңа қабілеттеріңді дамыт, себебі болашақта әрбір қабілетің үшін ақшаң көбейе береді. Ағылшын үйрен, спортпен айналыс, кітап оқы!

Ең бастысы қандай деңгейде жүрсең де, тәжірибелі кісілердің кеңесін ал. Дамуға байланысты контенттерді парақшамнан таба аласың ➡️ @botaserikqyzy


Сері жігіттер мен бикештерге арналған жобаның қатысушысы болғығыңыз келсе, пікірге “+” жіберіңіз


Көптен ойымда жүрген жобаны бастадым🤩

Ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін КӨКЖИЕК жобасының ұйымдастырушысымын. Бұл жоба жеке мақсаттар мен армандарға жету үшін қажетті чек-лист, жоспарлау әдістері, жұптық және топтық жұмыстар, пайдалы әдеттер, шығармашылық әдістер, командалық байланыс, өзіңе есеп беру құралдарын ұсынады.

Жобаны бастауға түрткі болған : нәрсе жеке ізденісім. Бұрын мен де өмірімде үлкен өзгерістер жасағым келді, бірақ неден бастау керектігін білмей қиналдым. Көптеген кітап оқып, тәжірибе жинап, нақты жоспар құру арқылы мақсаттарыма жетуді үйрендім.

“Бірақ Бөлінгенді бөрі жейді, көпті құдай сүйеді” демекші, даму жолында жүрген адамдарды бір ортаға жинап “Көкжиек” жобасын құруды шештім. Бұл жоба — адамдарға пайдалы болу үшін жасаған қадамым.

Жобаның басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарға негізделіп, адамның жан-жақты дамуына бағытталуы. Басқа марафондардан айырмашылығы – жекеленген даму емес, бірге дамуға, командалық байланысты нығайтуға және нетворкингті күшейтуге мүмкіндік береді.

Болашаққа жоспар: Көкжиек жобасын кеңейтіп, заманауи әдістемелер мен технологиялар арқылы бүкіл Қазақстандықтарға қолжетімді еткім келеді. Бұл жоба жеке тұлғалардың бөлек ұйымдардың да дамуына ықпал ететін мәдени феноменге айналса деп сенемін.

Көкжиек – бірге дамудың күші. Бір адамның өзгеруі – бүкіл ортаға, кейін қоғамға әсер етеді. Бірге даму арқылы ұжымдық жетістіктің мәнін түсініп, жеке де, ортақ нәтижеге де қол жеткіземіз деп сенемін.




Путеводитель мусульманки” кітабын оқып миым жарылып жатыр🤯

Бұл кітаптан қазіргі әлемнің мұсылман әйеліне және оның принциптері мен өмірлік бағыттарына қаншалықты күшті әсер етіп жатқанын түсінудемін.

Бұрын өзім фиминизмге қызықпаймын да, фиминист емеспін деп те жүретін едім. Мына кітаптан феминизм, либерализм, нарциссизм туралы алғаш естіп, “ бұның белгілері менде бар ғой🥹” деп ішкі әлемімнің қайта өзгеруіне себепші болды.

Бір ғана “Женская нарцизм” деген тақырыпты бөлісейін.

Нарциссизмнің негізгі белгілері:
1. "Завышенная самомнение" - "өзін-өзі тым жоғары бағалау" немесе "шектен тыс өзіне сенімділік". Бұл адамның өз қабілеттері мен маңыздылығын объективті деңгейден әлдеқайда жоғары деп бағалауы. Мұндай адамдар көбінесе өз пікірін дұрыс деп санап, басқалардың ойларын менсінбеуі мүмкін.
2. Өзімшілдік — басқалардың қажеттіліктері мен сезімдеріне мән бермей, тек өз мүддесін ойлау.
3. Сын көтере алмау — кез келген сыни пікірді ауыр қабылдайды, тіпті ол орынды болса да.
4. Мақтау мен құрмет күтеді, өзгелердің назарын жиі іздейді.
5. Эмпатияның болмауы — басқалардың сезімдері мен жағдайларын түсінуге және олармен жанашыр болуға қабілетсіздік.
6. Өзін өзгелерден артық көрсетуге тырысады — білімді, мәдениетті немесе беделді болу мақсатында күрделі сөздер немесе терминдерді орынсыз қолданады.
7. Тым сәнқой немесе ерекше болуға ұмтылады — тек назар аударту үшін артық әрекеттер жасайды.
8. Күрделі, бірақ шынайы емес — басқаларды таң қалдыру үшін күрделі, бірақ шынайы емес идеялар немесе стильдер қолдануы мүмкін.
9. Көңіл бөлуді талап ету — ерекше назар мен құрметке лайықты деп ойлайды.
10. Өзін үнемі жәбірленуші ретінде сезіну — адам барлық қиындықтарды басқалардың әрекеттерінен немесе сыртқы факторлардан көреді,үнемі біреуді кінәлайды.

Нарциссизм қалыпты деңгейде өзіне сенімділік пен өзіне деген сүйіспеншілікті білдіруі мүмкін, бірақ шектен тыс болғанда, бұл мінез-құлық қоғамда және жеке қарым-қатынастарда қиындық тудыруы мүмкін.

Одан бөлек тәкаппарлыққа алып келуі мүмкін. Сол үшін өзімде бар белгілермен жұмыс істеймін деп шештім. Кішіпейілділік, жомарттық деген секілді қасиеттерді бойыма сіңіргім келеді


Ерте тұрып үйреніп жүрмін
Таңғы уақытта сол күнім жақсы өтуі үшін өзіме ұнайтын істерді жоспарлаймын.

Ал күн ортасында біреу менің көңіл-күйімнің бұзылуына себепші болса қатты ашуланамын. Бірақ ойларым қанша біреуден қателік іздеп тұрса да, өзіммен саналы түрде тілдесіп, жаман ойлардан тез арылғым келеді. Себебі, жағымсыз көңіл-күйде ұзақ жүрген ұнамайды.
Ол үшін маған GPT өте жақсы көмектеседі. Әрбір сезімімді нақты жазып шығарамын. Сұрақтарымды қоямын. Не қалаймын , соны сұраймын.






Үздіксіз спортпен айналысып жүргеніме 1 апта болыпты, осы қарқыннан талмайын🔥


Еріншектіктен қалай арылып жүрмін?

Бір тапсырманы орындай алмай, бастай алмаған кезде: “жақсы жүрегімді тыңдайын , өзіме ұнамай, соңына дейін қиналмайын” деп тастап қоя саламын. Бір істі соңына дейін апара алмауым—ол іс “менікі емес “ дегеннен емес, еріншіктігімнен екен.

Жалқаулығымның әсерінен жауапкершілігім де азайып бара жатқанын түсінген сәтте өз-өзіммен жұмыс істеуге кірістім.

Бір жұмысқа кірдім. Сол жұмысым мені комфорт аймағымнан шығарғанда, көп қателіктер жіберген кезде, орта жолда: "Бұл жұмыстан да шығамын," — деген ой келді. Бірақ ол жұмыстан шықсам, өзімді тағы да жауапкершілігі төмен деп санауыма себеп болады деп, жұмысымды аяғына дейін жеткіздім. "Менің қолымнан келді" деген мақтаныш сезімі бойымды кернеді.

Бүгін де сол сезімді сезіндім. Бұрын күндік жоспар жазғанда, оның кейбірін орындамай, уақытымды бос істерге жұмсап кететінмін. Ал бүгін өзіме 5 тапсырма беріп, бәрін орындап, рахаттанып отырмын.
"Неге бұл істі жасауға ерініп тұрмын?" — деген сұрағыма: "Бұл іс маған қиын болып көрінеді," — деген жауап алдым. Бұған екі түрлі шешім таптым. Біріншісі — ерініп тұрған ісіңнің күнделікті 1%-ын ғана орындау. Екіншісін мына цитатадан таптым: "Мы не смеем не потому, что задача трудная. Эта задача трудна от того, что мы не смеем."
Осылайша, соңғы күндері "құрбақа" болып жүрген жоспарларыммен қоса, сүйікті тамағымды да пісіріп, тіпті бұл жазбаны да жазып үлгердім. Енді ертеңге жоспар құрайын.


271020_114226_ghnsov-s-aan-ser-1-tom-2003.pdf
7.9Mb
Ал бұл кітапты оқу арқылы Ақан серімен қоса сол замандағы қазақ мәдениетін таныдым😍


Без названия 2.pdf
2.7Mb
Алғашқы бөлімдерінде кітап қатты ұнай қоймаған, соңғы бөлімінде неше түрлі сұрақтар пайда болып, бұл кітап мені қызықтырып, кітапты аяқтасам да әрі қарай не болар екен деген жұмбақ бір күйге әкелді. Осы бір жұмбақтылығымен маған ұнады 10000/10🔥


Алғашқы күн, 3 мақсатымның орындалуы үшін мен не істедім?

1 Чекаптан өту мақсатым: толық тексерістен өтетін емхана таптым✅
2 Идеальная фигура деген мақсатым: 40 минут тренировка істедім. https://youtu.be/WtjYCYdIyT4?si=hknGohA3R_pX_3Ki
3 Сапалы ұйқы : кеше 23:00 төсегіме жаттым. Бірақ 2 сағат ұйықтай алмадым. Сүйтімп, ұйқымнан кеш тұрғаным бар🫣.

20 last posts shown.