🌛Уақыттың өзгеруіне қатысты зауыт басшысы: Жұмысшылар шаршап қалып жатыр, еңбек өнімділігі төмендеді, "брак" көбейді...
Алматы вентилятор зауытының (АВЗ) иесі Марат Баққұлов уақыт белдеуі өзгергелі өнеркәсіп орыны тап болған проблемаларды жіліктеп шағып айтып берді. Ол мұнай ақшасынан басқаны көре қоймайтын осы шешім егелерінің (шенеуніктер) өзі секілді өнеркәсіптердің жағдайына түкіргені барын айтады, деп жазады DALA FINANCE.
Кәсіпкер зауыттағы жұмысты 7:00-ден бастап, 16:00-де аяқтау мүмкіндігін де қарастырғандарын айтады.
Кәсіпкердің айтуынша, көптеген компания, зауыт тұтынушылары мен банктер де 9:00-ден 18: 00-ге дейінгі жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді:
Осылайша, АВЗ басшысының айтуынша, сағатты ауыстыру "айына 500-800 млн теңгенің өнімін өндіретін" бір кәсіпорынның басына осындай проблемалар туғызған. "Меніңше, бізге олардың түкіргені бар, өйткені [мұнай] айдаушыларға жарық қажет емес қой", деген Баққұлов бұл арада уақытты ауыстыру туралы шешім қабылдаған шенеуніктер туралы айтып отырған секілді.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance

"Біз зауыттағы жұмыс уақытын өзгерттік: 8:00-ден 17:00-ге дейін деп. Бірақ, соның өзі көмектеспеді, өйткені 16:00-де 🌫қас қарая бастайды, зауытта жарықты қосу керек болады. Оны қоссақ, жарықтың түсу траекториясы басқаша. 💡Электр шамдарын қайта басқалай орнатып шығу керек болады, бұрынғы орнынан бірден көзге түсіп, жұмыс процесіне кедергі келтіреді. 👷♂️Жұмысшылар шаршап қалып жатыр, еңбек өнімділігі де төмендеді, "брак" көбейді. Демек, жасауымыз тиіс өзгерістер көп, сәйкесінше шығындары да. Электр нүктелерін өзгертіп, қайта жасау да қып-қызыл тікелей шығын. Сондықтан осы өзгерісті "ұсынушыларға": "Алдымен салдарын есептеп, содан кейін неге шешім қабылдамайсыңдар" дегім келеді", деп Forbes.kz Марат Баққұловтың Facebook-тегі жазбасын келтіреді.
Кәсіпкер зауыттағы жұмысты 7:00-ден бастап, 16:00-де аяқтау мүмкіндігін де қарастырғандарын айтады.
"Оны да ойладым, бірақ бұл арада да проблема бар екен. Біздің елде👶 бала туу деңгейі жоғары, менің қызметкерлерімнің де көпшілігінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар, демек оларды балабақшаға немесе мектепке апару керек. Солай емес пе? Ал сағат 7:00-де кім жұмысқа келгісі келеді дейсіз баласын тастап, 🏃одан да жұмыс орнын ауыстыра салған оңайырақ, менің әріптестерімнің бір бөлігі [жұмыс күнінің басы] жұмыс уақытын 9-00-ден 8:00-ге шегергенде тура солай еткен. Ал 20 пайызы жұмыстан кете салды. Енді сағат 7:00-ге ауыстыратын болсақ, онда зауытта ешкім қалмайын деп тұр, кім жұмыс істейді сонда? Бұл арада мәселе ұйқы қанған-қанбағанда емес, 👫балалардың жағдайы маңыздырақ болуында", - дейді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, көптеген компания, зауыт тұтынушылары мен банктер де 9:00-ден 18: 00-ге дейінгі жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді:
"Егер енді жұмыс уақытын ⏱️сағат 16.00-ге шегерсек, онда тапсырыссыз қалатын түріміз бар. Кеңсе мен зауыттағы уақытты да бөліп қарастыруға тырыстық: бірі 9:00-ден, екіншісін 8:00-ден басталатындай етіп. Ол арадан да ши шықты. Қамсыздандыру бөлімі, сондай-ақ бухгалтерия мен сату бөлімі өндірістен уақтылы ақпарат алуды доғарды. Қарама-қайшылық пайда болды".
Осылайша, АВЗ басшысының айтуынша, сағатты ауыстыру "айына 500-800 млн теңгенің өнімін өндіретін" бір кәсіпорынның басына осындай проблемалар туғызған. "Меніңше, бізге олардың түкіргені бар, өйткені [мұнай] айдаушыларға жарық қажет емес қой", деген Баққұлов бұл арада уақытты ауыстыру туралы шешім қабылдаған шенеуніктер туралы айтып отырған секілді.
"Бірақ егер Трамп уәдесінде тұрып, мұнай бағасын 40 💵-ға дейін түсірсе, мүмкін біз де қажет болып қалармыз, мүмкін сол кезде бізбен де санаса бастайтын шығар", - дейді зауыт иесі қағыта.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance