Өткенде журналист
Дина Төлепбергеннің «Мамский әңгіме»-дегі сұқбатын қарағанмын. Баласына қатысты әңгіме өрбігенде жылап алдым. Қандай мықты әйел! Сұқбат бойы ауыр әңгіме айтып отырса да, күліп отыр. Көзі күліп тұр.
Жалпы, өз миссиясын ғана емес, өзінің, өмірінің философиясын түсінген тұлға деп есептеймін. Тыңдап отырып, көкейге мынадай ой ұялады: біз денсаулық, уақыт, махаббат деген құндылықтардың бағасын білмейді екенбіз. Олардың қымбат екенінен бейқамбыз. Жұмыс істеу, ақша табу, үй алу, тойға бару, көбірек лүпіл жинау, танымал болу деп, жүгіре береді екенбіз, артынан қуа береді екенбіз.
Әрине, қоғам өйтпесіңе қоймайды. Бірақ бәрібір құндылықты дұрыс бағалай алуымыз керек. Бірінші орында ішкі күйің, рухани әлеуетің болса, қалғандары кейінгі орындарға жайғассын.