Dana Orynbassar 🦋


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


tym basqa
🕯канал тематикасы: Өмір және БИЗНЕС
канал пайда табу үшін емес, пайдалы болу үшін
— білім беру компаниясында жұмыс істеймін, маған жазсаңыз мүмкін жұмыс тауып қаларсыз⬇️
insta: dana.orynbassar

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


студия вайб


ешқандай уайымсыз жаздың күні ауылда тамақ істеп, тапчанда кешкі ас ішіп, отбасыммен арқа-жарқа боп күліп әңгіме айтып жүретін бақытты кезге оралсам ғой


айтпақшы, бүгін Астана қаласында жаңадан құрған сату командасымен жиналыс өткіздім

менеджерлерге обучение өтіп, жұмыстарының әр бала тағдыры үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп жұмыс күнін аяқтадық

қайтарда лифтта тұрып жай ғана “қарным аш” деп едім, бір менеджер қалтасынан шығарып “үйге жеткенше осыны жей тұрыңыз” деп беріп тұр🥹

жаңа команда, жаңа адамдардан мұндай көңіл жүректі елжіретеді


18 жасымда 1-курс оқып жүргенде JUZ40 компаниясына куратор боп жұмысқа кіргем

кішкентай кезімді лагерьге барғанда тәрбиеші болуға қызығатынмын. сол мотивпен өз оқушыларым болса, олармен аралассам, орта қалыптастырсам, махаббатыммен бөліссем деген ниетпен жұмысқа кіргем

сол ең алғашқы оқушыларым биыл универ бітіреді екен

күтпеген жерден кездесіп, күтпеген жерден сол 4 жыл бұрын жетектеген оқушыларыңның мықты тұлға боп қалыптасқанын көрген өте керемет сезім екен

рақмет, JUZ40!✨

өмірімдегі ең ыстық естеліктер мен ең жақын адамдарды сыйлаған орта❤️


неге қазақтар байымайды деген сұраққа жауап:


әдемі✨


🔥🔥🔥


меніңше қоғамдық орындардағы намазханада намаз оқитын адамдар барынша тезірек оқуға тырысу керек

себебі кезекте қаншама адамның намазы қаза боп кетуі мүмкін)


Менеджменттің 2 негізгі бағыты: гуманистикалық, жүйелік




странная привычка:

дәптерге бірнәрсе жазып болып, кітап оқып болып бетімді сипап аумин дей берем😂

универде әр сабақ бітіп келесі сабаққа шығарда партамнан тұрып жатып аумин деп кететінмін🤣


жаз. таңертең ұйқыдан оянсам атам үйде жоқ. далаға шықсам бақшада қызанақтарына қарап отыр екен. пісіп тұрған бір қызынақты жұлып алып жуып кеп атаңның қасында отырып әңгіме айтасың.

күн енді-енді көкжиектен көрініп келе жатыр, жаныңда мөлдір таза су ағып жатыр

тыныштық. таза ауа. жақын адамың.


мынау потолок болды😂


ж-жетістік: қаңтар айында таксиге небәрі 42 305 теңге құртыппын🥳

тағы азайтсам ба деп қоям

595 1 3 10 10

“Күш біткен жерде мінез басталады. Сенің қайсар мінезің — әдемі тағдырың”

Мықты бол! 🤍




есть тут медики?

денсаулық үшін қандай базовый анализдар тапсыру керек?


казахи не говорят: пысық, еті тірі екен

казахи говорят: Шымкентская


Бойыңда болу керек басты таланттар:
🚀 Жылдамдық: оқушылармен жылдам байланыс орнату қабілеті (роботтан аз ғана баяу болсаң жеткілікті).
🚵‍♀️ Стресске төзімділік: кейбір ата-аналар “тегін курс беріңіздер, 5 балам бар” деп сенің сабырыңды сынауы мүмкін


вакансияны осылай жазам ғой деймін келесіде🤭 отклик көп болатын сияқты мааа


Астана қаласынан сервис-менеджер іздеймін!

Міндеті:
1. Ай сайын курста оқитын оқушылардан келесі ай үшін төлем қабылдау
2. “Курстан шығамын” дейтін оқушылармен сөйлесіп возраженияларын жабу
3. Курсқа жаңадан кірген оқушылардың данныйларын жинап кураторларға бөліп беру
4. Amo CRM тексеру, менеджерлердің дизинформация беріп сатпауларын қадағалау
5. Кураторлардың оқушылармен топтарына қосылып қызмет көрсету сапасын қадағалау

График: Аптасына 2-3 рет офисқа келу
Зарплата: 100К оклад + продажасынан 3%
Жаңадан оқушы тіркесе 5%


БОЙЫНДАҒЫ БАСТЫ ТАЛАНТ

1. Жылдамдық: жаңадан тіркелген оқушылармен бірден байланысып отыру
2. Стресске төзімділік: Возврат сұрайтын ата-аналар кейде агрессивный болуы мүмкін (5 балам бар тегін бер дейтіндей)
3. Шыдамдылық: Amo CRM тексеруден қажет болады
4. Мұқияттылық: Жұмыс тікелей ақшамен байланысты болғандықтан цифрмен жұмыс істей алу, Excel қолдана алу

толығырақ: @dnrnbsr

20 last posts shown.