danassadykova


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Ескертулер ең алдымен өзіме♥️

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Он не хочет, чтобы вы беспокоились об этом. Он хочет, чтобы вы молились об этом…


мына бетті тоқтап оқуларыңызды сұраймын🤍✨


Рамазан айында жанымда алып жүрген серік кітабым🤍
Ерлан Ақатаев ұстаздың дауысымен асықпай, аптықтай оқып шықтым. Дәл сол кісінің уағызын тыңдап отырғандай сезім болды. Мәніне терең үңіле бермейтін көп нәрсені қарапайым түрде жеткізіп берді.

Тілі жеңіл, мазмұны терең бұл кітап Рамазан айын барынша пайдалы өткізуге және өз-өзімді тәрбиелеуге тамаша көмекші болды. Әр мұсылман оқуға тұрарлық еңбек деп бағалаймын♥️✨


Дұға жасауды ұмытпаймыз🤭✨


Forward from: Olzhas Hanafin
Дұға қабыл болатын түндердің бірі – ораза айт түні.

©️ Имам Шафиғи

Яғни осы бүгінгі 30 нан 31 не қараған түн.


Осындай тәтті естеліктері бар мен қандай бақыттымын деп отырғаным тағы бар🥰


Осы отырғанымда мектепте оқып жүрген кезімде Ораза айтты отбасымызбен қалай қарсы алатынымызды есіме алып, сағынып отырмын. Таң атысымен папам мен ағаларым мешітке кететін. Ал мамам мен жеңгем ерте тұрып, үйдің азаматтары келгенше дастарқан жаюға кірісетін. Мен болсам, солардың арасында әрі-бері жүгіріп, ұсақ-түйек шаруаларға көмектесетінмін. Сондай жылы атмосфера!

Тек біздің отбасымыз ғана емес, бүкіл ауыл қалай тойлайтын еді десеңізші! Барлығы бір-бірінің үйін аралап, мерекемен құттықтап шығатын. Қабағын түйген бір адамды көрмейтінмін, бәрі сондай ақжарқын, қуанышты еді.

Ораза айт десе, менің есіме ең алдымен сол тәтті естеліктер түседі. Ыстық еді ғой… Өкініштісі, қазір олай тойламаймыз. Қалаға көшкеннен бе, шаруамыз көбейгеннен бе… Ет жақындарымыздың өзін көруге әрең уақыт табамыз. Оның үстіне, қалада көп туысымыз да жоқ. Бәлкім, содан шығар…

Бірақ бәрібір мерекелік көңіл-күй бар. Айтты қуанышпен отбасымызда қарсы алдық. Осы күнге аман-есен жеткізген Аллаға мың да бір шүкір!🌟✨


🤲✨


Ораза айт құтты болсын!🥰♥️


«Адамды тану үшін оның намазына немесе оразасына қарама. Онымен сауда жаса, бірге саяхатта бол немесе оған аманат бер. Сонда ғана оның шын сипатын білесің»


Бізді тастап барасың ба Рамазан?
Дұға етсем қаласың ба Рамазан?
Ай басында, ай соңында кеп тұршы,
Нәпіл болып арасында Рамазан?

Келер айлар ғажап болсын Рамазан
Сен секілді таза-ақ болсын Рамазан!
Саған қосып Кадыр түнін жіберген,
Раббымызға мадақ болсын Рамазан!

Сенен алған нұрыңменен күндеймін,
Сенен қалған мінезбенен гүлдеймін.
Келер жылы келеріңе сенем ғой,
Сен келгенмен мен болам ба білмеймін…


Қасиетті Рамазан айының соңғы сәре күндері🥺


Bugingi duga🌸

Уа, Алла! Бізден оразамыз бен құлшылықтарымызды қабыл ет! Күнәларымызды кешір! Бізді тозақ отынан азат болған құлдарыңнан ет!🫀


«Украшайте себя благими речами»🌟


Өмірдегі жағдайларға лайық дәрежеден артық мән берме және адамдардың сөзінен өз құныңды іздеме. Оны жүрегіңнің түкпірінен ізде, өйткені ар-ұжданың тыныш болса, сенің дәрежең көтеріледі. Егер өзіңді білсең, сен туралы айтылған сөздер саған зиянын тигізбейді.


Бүгінгі дұға💗

Раббым, тілім жеткізе алмаған, бірақ жүрегімнен шығып жатқан дұғаларымды қабыл еткейсің!

Сен менің үнсіз тілегімді, іштегі сырымды, үмітпен соққан жүрегімді ең жақсы білушісің.

Йа Раббым, шын жүректен жасаған дұғаларымды рақымыңыңмен қабыл еткейсің
…🤍




🔑Қадір түні оқылатын дұға:

اللهم انك عفو تحب العفو فاعف عنا
Аллаһуммә иннәкә афуун, тухиббул ъафуа, фағфу анни.

Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»,– дейді.


қадіріңе жетпесем де Рамазан,
қабіріме нұр болып келші Рамазан
…💔


Он слышит каждого🤍

20 last posts shown.