Қытай жарнамаларын өте жылы қып шығарады. Саиданы ойлап отыр едім. Басымды көтерсем мониторда пойызбен оқуға кетіп бара жатқан қызын анасы шығарып салып, қызы купеде жылап отыр. Анасы жолға қораптағы тауықтың піскен аяқтарын беріп жіберіпті. Бірнеше жылдан соң сол қызы бала-шағасымен анасының үйіне сый-сияпаты, шайға жаңағы қораптағы тауығымен кіріп келіп, мәре-сәре боп жатыр. Бір минутта шағын, жылы кино. Анау жастар ішетін көк шай chageе жарнамасы да күшті. Бұрын сториде көрсетіп ем. Қыз басына фата тағып, үстіне кожанка киіп, жігітімен неке тойларын кафеде атап отырады. Өздерін фотоға түсіріп жатқан кезде шағын той екенін аспазшы байқап, екеуін құттықтап, әдемілеп фотоға түсіріп жас жұбайларды мәз қылады. Сондай сүйім жарнамалар.
Екеуге арналған фастфуд, кафелердегі той негізі өте жақсы идея. Азия жастарының арасында жиі байқалып жүр. Оданда ол ақшаға пәтер алайықтың әдемі безендірілуі.
Екеуге арналған фастфуд, кафелердегі той негізі өте жақсы идея. Азия жастарының арасында жиі байқалып жүр. Оданда ол ақшаға пәтер алайықтың әдемі безендірілуі.