LOOK RIGHT


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


қателер, түсіндіре алмағаным болса: @akayrzhanovich

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


жалғанның жылт еткен сәулесіне байланған жүректер…мәңгілік деп сезгені — өткінші елес қана…

29:64, 57:20




куатың артқан сайын, қиялыңның шекарасы кеңейеді. мүмкіндікке жеткенде әлсіздігің үстемдік етіп, Аллаға тәуелді екенін ұғынады.
бұл — мінсіз пропорция.


Жаратушымыз әміріне бағынған қалауларым, менің еркім сағымдай…нағыз еркіндік — өз қалауыңды Жаратқанның бұйрығымен үндестіруде. қалауыңды шектеген сайын ішкі тыныштыққа жол ашарсың.


Ұстаздың өмірден озуы – биік ағаштан үзілген жапырақтай. Оның көлеңкесі кенет жоқтай көрінеді. Бірақ сол ағаштан түскен дән топыраққа тамыр жайып, жаңа өмірге жол ашады. бойыңа егіп кеткен дәндер бір күні мәуелі ағашқа айналар...жапырақ үзілсе де, сол ағаштың қуаты мен рухы сенің жүрегіңде мәңгі сақталып, алға ұмтылуға дем берер…

аманаты, жүрегіңде қалған ізі — енді сенің жүрегіңе жол сілтер шамшырақ ғана…


рух таза, үміт орынды болса, жеңіліс - сыртқы көрініс қана. әр сәттің өз хикметі бар. қайғы мен қуаныш, жеңіс пен жеңіліс - барлығы терең мәнге ие. сенімнің күшімен ғана сынақтардан шығып, әр жерде бақыттың ізі бар екені көрінеді.


бұл жердегі input адамның рухани азығы. ол — дұрыс білім, тәрбие, сенім. яғни, рух не нәрсемен толса, дұғада көрініс табады. ал, дұға адамның ішкі жан дүниесі мен рухани деңгейін көрсететін output.


тәрбие = іс-әрекет, түсінік = дұға.
бұл жерде дұға — нәтиже, ал оның негізі — рухани толысу (input).
рух дұрыс білім мен сенім арқылы азықтанса, дұға да дұрыс болады.
дұға = (дұрыс рухани толысу) × (дұрыс түсінік).


бүгін ақылыма келген ой:
математика тілі — fav lang.


Қолы бос емес адамның жаман ойға уақыты болмауы рухани терең мағынаға ие. Бірақ бұл мәселені бүгін өз саламмен ойланып көрдім:

егер уақытты t арқылы белгілесек, онда адамның уақытын (t) екі негізгі бөлікке бөлуге болады:
1. пайдалы іс-әрекеттерге кететін уақыт(t₁) – жұмыс, оқу, спорт немесе басқа да позитивті, дамытушы іс-әрекеттер.
2. бос уақыт (t₂) – ешқандай мақсатсыз өткен уақыт.

Адамның жалпы уақыты (T):
T = t₁ + t₂

егер адамның барлық уақыты пайдалы іс
термен (t₁) толтырылса, онда бос уақыт (t₂) азаяды немесе тіпті нөлге тең болады:
t₂ = T - t₁


жаман ойлар келетін сәттерді бос уақыт деп, тікелей пропорционалды тәуелділікті көрсетсек:
- егер t₂ ұлғайса, яғни бос уақыт көбейсе, адамның жаман ойға берілу ықтималдығы артады.
- ал t₁ ұлғайған сайын, яғни пайдалы іс-әрекетке жұмсалған уақыт көбейсе, бос уақыт азаяды, жаман ойлар мен зиянды әдеттерге жол берілмейді.

бұл қағиданың түпкі ойы – адам бос отырмай, пайдалы істермен айналысқан кезде, жаман ойлар мен зиянды әрекеттерге уақыт та, күш те жетпейді.


дініміз нағыз бейбітшілік пен әділет сөзіміз бен ісіміз бір болғанда ғана орнайтынын үйретеді.

Оларға: «Жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық шығарып елдің шырқын бұзбаңдар»,- делінген сайын, олар: «Біз бар болғаны қоғамды түзетіп, жөнге келтірушіміз»,- дейді. (2:11)


бұл аят бізге бейбітшілік тек сөзбен емес, барша адамға жақсылық әкелетін істермен жасалатынын еске салады. Жүрегіміз әрдайым әділдік пен бейбітшілікке ұмтылып, сөзіміз шынайы істермен көрінсін…




Адамның бойында ауырсыну, дерт болған кезде барлық фокус сол жерде болады. Барлық ой Аллада болғанда ғана жеңілдейміз. Дерт түгелімен Алла мен Оның діні болуы керек. Бұдан алыстаған адам өмірге келу мақсатынан алыстайды. Бұл сұраққа жауабы болмаған өмірлік құбылыстарда шатасып бастайды.

Адасқан адам не істейді? Әр жерге ұрынады, әр тесікке барады, әр батпаққа батады. Қашан өз ойынан бас тартып, қай жерден адасқаның түсініп, жол картасына мән бергенде жолын табады. Картамыз — Құранымыз, «Иә» деген шеңберде ғана болу, «Жоқ» дегеннен тыйылу.

Барлығының бастауы — Алла, Ұлы Жаратушымыз. Сондықтан адам адаспауы, өмірде шатаспауы үшін Оның үстіне ешнәрсе шығармауы керек.
Егер Алладан жоғары бір ісін қойса, сол ісінен сыналады. Сол таңдауынан таяқ жейді. Адамдардан дәл сол ісі мен таңдауынан жек көрініш күйге түседі. Өйткені ол жаратылыс сезімдеріне сай келмейді.


әрине, адамның ақылы дұрыс істі ойлауы үшін рухани тонуста болуы керек.
бірақ, басқаға ақыл айтатын кезде ешкім де «жамандық» ұсынбайды..




жауапкершілік ісі — 1 ғана кесінді емес, 1 адамның соңғы нүктесінен тоқтамайды.
жасалмаған міндет келесі адамның ісіне, одан кейін нәтижесіне әсерін тигізеді.
адам — қоғам атты жүйенің бір түбірі.

мысалы, оқудан өзіңізді шаршату арқылы адамзатты шаршатпаудың алдын аласыз.
білімге жұмсалған еңбектің пайдасы бәріне ортақ.
дәл осы жүйе өміріміздегі барлық міндеттерде қойылған.




Бала кезімде ауладағы қарды тазалап ойлайтынмын: «Еріп кететін, уақытша болатын құбылыс. Бірақ, соны тазартып, қанша энергия жұмсаймыз…»,-деп.
Бүгін де ойлап отырсам, еліміздегі қазіргі жағдайлар да, иншаАлла, уақытша құбылыс. Болмауы да мүмкін еді. Қазіргі жасалып жатырған жұмыстар, жиналып жатырған ақшалар дүнею көзқараспен өлшесек ешқандай пайда әкелмейді. Бірақ, рухани әлемде қанша жетістіктер болуда.
бауырластық, мейірімділік, қолғабыс болу, жақының үшін уайымдай алу…
ал, Алланың құзырында, ақырет әлеміндегі жетістіктер одан да үстем…


ситуацияға байланысты Раббымыздың сол есімімен жақындасақ Оны жақын танимыз. дұғаның сыры ашылады, әдебі сақталады, қабыл болу ықтималдығы артады.


апаттар кезінде оқылатын дұға.
Ол Әль-Хафиз —  الحَفِيظُ Сақтаушы, Қорғаушы…

20 last posts shown.