Қуанып тұрмын. Сәл ғана мейірім төбеңді көкке жеткізеді екен ғой. Бағана сөмкемді таксиде ұмытып кетіппін. Әйтүп-бүйтіп таксистпен байланыстым, әкеліп берді. Енді ішін ашсам, 3-4 тәтті, сосын жыртылған парақ тұр. «Мұқият бол» деген жазуы бар. Қанша үлкен сыйлықтар алғанда, былай қуанбап едім, бүгін шын шаттандым. Өтірік кейіп танытпай, расымен қуанғаныма да мәз болып тұрмын.